THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:


Жазда
өсіп, піседі,
Дәмі
тәбет ашады.
«Қ»
орнына «Ж» қойсаң,
Көктен
тамып түседі,
Жердің
шаңын басады.
/Қауын
— Жауын/
Аспан
көгі жамылды,
Қара
мақпал бүркеніп.
«Т»
орнына «К» қойсаң,
Жылытып
жон, шағылды,
Тұрам
елге нұр төгіп.
/Түн-Күн/
Сая
жермін,
Тұратын
Құстар
әні естіліп,
Сөз
соңына «А» қоссаң,
Сауық
сайран құрамын,
Шалшық
көлде кешкілік.
/Бақ-Бақа/
Қыста
суды қаптаймын,
Бірақ
жазда жатпаймын.
Алғашқы
әріп ауысса,
Онсыз
тамақ татпаймын.
/Мұз-Тұз/
Сұйықпын
да тазамын,
Басамын
жер тозаңын.
«С»
орнына «Б» қойсаң,
Бозғылт
боп тозамын.
/Су
- Бу/
Екі
сөзден тұрады,
Құстың
аты — құрамы.
Сызсаң
егер «Бір» сөзін,
Ас
пісірем, көр өзің.
/Бірқазан
— Қазан/
Алғашқы
буыным,
Көшті
бастар ұлымын.
Сосын
тоғай нуының
Жыртқышының
бірімін.
Екеуін
қоссаң ірімін —
Көп
аңдардың дүрімін.
/Жол
— Барыс — Жолбарыс/
«Т»-дан
бастап оқысаң,
Төлі
болам пырақтың.
«Т»-ны
сызып тастасаң,
Көкте
қалған орақпын.
/Тай
— Ай/
Жайнаған
жер үсті,
Мекенмін
келісті.
«Қ»
орнына «Д» қойсаң,
Боламын
кеңістік.
/Қала
— Дала/
Шеге
қағар шеберге,
Ең
қажетті құралмын.
«Б»-ны
өшірсең егер де,
Жігер
берер ұранмын.
/Балға
— Алға/
Қатты
соғып жүрегім,
Қорқып,
үркіп жүремін,
«Қ»
орнына «Н» қойсаң,
Күшке
толар білегім.
/Қоян
— Ноян/
Жатам
құстар тобына,
Азығымын
адамның.
«Ы»-ны
қоссаң соңыма.
Жылқы
етімін — тағаммын.
/Қаз
— Қазы/
«Ж»
әрпімен бастасаң,
Көрінеді
бар маңым.
«Ж»-ны
сызып тастасаң,
Су
ағатын арнамын.
/Жарық
— Арық/
Ақ
бояуға қанықпын,
Бағалымын,
мамықпын.
Бас
әріпім алмасса,
Төрт
бұрышты жазықпын.
/Мақта
— Тақта/
Ақтан
көрпе жамыламын,
Көктемде
сайға ағыламын.
Өзгерсе
егер алғашқы әріп,
Жер
қойнынан табыламын.
/Қыс
— Мыс/
Жасыл
желек алабым,
Жыл
маусымы боламын.
Бірінші
әріп ауысса,
Айдынға
ұшып қонамын.
/Жаз
- Қаз/
Шуақты
мол төгемін,
Гүлге
бөлеп беремін.
Бас
әріпті өшірсең,
Көкіректі
керемін.
/Көктем
— Өктем/
Піскен
жеміс қосымын,
Құстың
жақын досымын.
«К»
орнына «Ж» жазсаң,
Жамбыл
ата жасымын.
/Күз
- Жүз/
Ұнтағым
бал, жерде өсем,
Бар
халыққа әзірмін,
Соңғы
«Н»-ді «М» десең,
Дастарқанда
мәзірмін.
/Дән-Дәм/
Моншағы
көп тізілер,
Шуағын
төксе күліп күн.
Соңғы
әріп «К» болса,
Әжем
сынды кісілер,
Қолға
тағар мүлікпін.
/Жүзім
— Жүзік/
Желбіретіп
үкімді,
Сулы
жерде жайқалам.
«Қ»
орнына «Т» қойсаң,
Қоныстанып
жай табам.
/Құрақ
— Тұрақ/
Қуанғанда
мақтанып,
Қол
соғасың шаттанып.
Ең
алдына «Қ» қойсаң,
Қолыңды
өтер от қарып.
/Алақай
- Қалақай/
Бір
құлаштай матамын,
Жуынғанда
аласың,
Алғы
әріпті өшірсең,
Ең
әдепті боласың.
/Сүлгі
— Үлгі/
«Ар»
мен «ал»-ды қосқанда,
Судағы
құрлықпын.
Алдына
«М»-ны қосқанда,
Нудағы
түлікпін.
/Арал
— Марал/
Бойында
өссем тоғанның,
Кіргізем
дәмін тағамның.
Соңыма
қоссаң бір әріп,
Үндемей
жүрер адаммын.
/Жуа
- Жуас/
Ешкіден
көп табылса,
Түсі
болам қойдың да.
Соңғы
дыбыс жоғалса,
Ораламын
мойнына.
/Жағал
— Жаға/
Құт
дарыған қотанның,
Қаруымын
шопанның.
«Т»-ны
сызып тастасаң,
Мүшесімін
адамның.
/Таяқ
— Аяқ/
Әуелгі
үш әріп —
Дәмге
нәр тілді үйірген,
Кейінгі
қос әріп —
Мақтаның
түсі үйілген.
Қосылса
бес әріп —
Темір
жіп созып иірген.
/Тұз;
Ақ; Тұзақ/
Тәтті
дәм үш әріп алғашқы,
Соңына
қос әріп жалғасты,
Сен
одан өзіңе табасың
Дауылдан
қорғанар панасын.
Екеуі
біріксе егерде,
Суда
өсіп, жүзеді тереңде.
/Бал;
Ық; Балық/
Алғашқы
буыны — құс,
Соңғы
қос әрпі —түс.
Екеуін
қосып жіберсең,
Көл
жағалап тік өсем.
/Құр;Ақ;
Құрақ/
«Ү»
тұрса қызып табаны,
Қыртысты
жазып тегістер,
«Ү»
түсіп қалса жаманы,
Құлама
болар тегіс жер.
/Үтік
— Тік/
Майысқақпын,
нәзікпін,
Садақ
болып иілем.
Соңғы
әріп «Н» болса,
Қалдығына
азықтың,
Қоқыстарға
үйілем.
/Шыбық
— Шыбын/
Ұқсайтұғын
жылқыға,
Қамыс
құлақ көлікпін.
«К»
орнына «П» қойсаң,
Ойлатуға
берікпін.
/Есек
— Есеп/
Шалқимын
арнамда - бесікте,
Ал
бірақ тұрмаймын тесікте.
Алғашқы
дыбысым өзгерсе,
Көкте
ұшып жүремін, көшіп те.
/Су
- Бу/
Кезерді
ерінің,
Шөбі
болмас жерінің.
«Ш»
орнына «К» тұрса.
Өсімдіктің
нәрімін.
/Шөл
- Көл/
Бір
адам шаттанса,
Мен
оған бауырмын.
«Б»-ны
«У»-ға ауыстырса
Өлшеммін,
дәуірмін.
/Бақыт
— Уақыт/
Қақ
тіліп жотаны,
Қасқайып
жатады.
«Ж»
орнын «Қ» басса,
Адамнан
табады.
/Жол
- Қол/
Сән
берем, әркімге, көңілге,
Ұқсаймын
көктемгі өңірге.
Әріпті
бастапқы сызса егер.
Жөн
сілтер ұстазбын өмірге.
/Мата
— Ата/
«Қ»
әрпінен бастасаң,
Көмірге
ұқсас түрім бар.
«Қ»-ны
сызып тастасаң,
Жасаймын
шөп гүлін бал.
/Қара
— Ара/
ПІКІР АЛМАСУ
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ