THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Өзі
алып кемедей,
Дауылдан
ықпайды.
Су
шашып,
Телегей
Мұхиттан
шықпайды.
/Кит/
Басы
доғал,
Мұрты
бар.
Аузы
апандай,
Ұрты
бар.
Түрі
китке ұқсайды.
/Жайын/
Ілгегі
бар дәу ұзын,
Керіп
ашса ауызын,
Сәуле
шашып тістері,
Судың
кезген тереңін,
Шақырады
қорегін.
/Қармақшы
балық/
Тұрқы
қысқа, күші мен
Қылығы
бар орасан,
Мықты
сояу тісімен,
Үлкенді
де өзінен,
Қылғи
салар жанаса.
Бірақ
Жемі
ішінен
Көрінеді
қараса.
/Қара
тажал/
Қауырсын
мұрт шетінен,
Жүзеді
тек шалқалап.
Шабақты
су бетінен,
Оңай
ұстар қалқалап.
/Қарабауыр
жайын/
Қарасаң
келбетіне
Тұмсығы
найзадай.
Шығарып
су бетіне,
Қанатын
жайса жай,
Көрінер
кемедей,
Мұхитта
телегей.
/Желкенді
балық/
Тұмсығы
— қайықтың күрегі,
Аузымен
шөп сүзіп жүреді.
/Ескектұмсық/
Майшабақпен
сайыспай,
Үйіріп
жүрер басқара.
Тұлғасы
ұқсас қайыстай
Шұбатылған
таспаға.
/Белбеубалық/
Қапталған
сүйекті сауытпен,
Қорықпас
ешқандай қауіптен.
Сойдиған
тістері қашаудай,
Қорегін
асаудай-ақ асайды-ай.
/Сауыттыбалық/
Тұла
бойы толы ине,
Жауын
көрсе ол неме,
Едірейіп
бүртігі,
Бола
қалар біртүрлі.
Тұрған
түсі көз көріп,
Шыға
келер өзгеріп.
Қарнын
үрлеп алады,
Допқа
ұқсай қалады.
/Тікенқұрсақ/
Жалтыраған
бауыры.
Құдды
көмір түтігі.
Өзінің
бар тәуірі,
Сәуле
шашар түтігі.
/Үтікбалық/
Қошқыл
жолақты,
Еріні
сағақты.
Бүкіл
денесі –
Терек
теңгесі.
/Жапырақ
балық/
Суда
өседі, өнеді,
Сыртқа
шықса, өледі.
/Балық/
Күміспенен
апталған,
Теңгеменен
қапталған.
/Сазан/
Қомағайлық
жасайды,
Шабақтарды
асайды.
/Шортан/
Сұрқы
бір қарыс,
Итбалыққа
ұқсайды.
Ұмтылғанда
— жолбарыс,
Сүңгіп
шабақ ұстайды.
/Сушылқара/
Жоны
қара тақтайдай,
Бауыры
аппақ мақтадай.
Мекендейді
мұз-қарды,
Сүйеді
тек ызғарды.
Бұлғаңдайды,
қашпайды,
Асықпайды,
саспайды,
Мұз
үстінде билейді,
Бірақ
белін имейді.
/Пингвин/
Сулы
жерді мекендеп,
Құрлықта
да секеңдеп,
Шыбын-шіркей
аңдиды,
Жемге
қашан жетем деп.
/Бақа/
ПІКІР АЛМАСУ
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ