КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҰЙҚАСЫН ТАП

Авторы: MTDI

12/01/2018 12:17   0   22289   0

Өзінше ноян,

Қорқақ, кім?..

Қоян.

 

Үкісі бар қарыс,

Бунағы көп...

Қамыс.

Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді...

Шымшық.

 

Бата алмас түлкі,

Үсті тікен...

Кірпі.

 

Тастан тасқа секіріп,

Жем тереді...

Кекілік.

 

Көз алмай күнге алыс.

Қарайды...

Күнбағыс.

 

Маңайын түгел көріп,

Биіктен қарайды...

Керік.

 

Түнде үйге ерек нұр.

Шашып тұрды...

Электр.

 

Құйрығы он қарыс,

Бұл айбатты..

Жолбарыс.

 

Тауда жүрген тарғыл аң,

Ол қайратты...

Қабылан.

 

Кезіп жүрген шаңдақты,

Көрдім жаңа...

Қаңбақты.

 

Жүнді жайып өрнектеп,

Шиге орап тептік төпелеп.

Сосын аштық көрмек боп,

Дап-дайын тамаша...

Текемет.

 

Өңеші кең таңдайын,

Дәнге тосты...

Комбайн.

 

Төменге қарамай,

Көкке өрлер...

Қарағай.

 

Алмастан тыным,

Шабады...

Құлын.

 

Жағасында бұлақ

Жайылып жүр...

Лақ.

 

Уылжыған албырт,

Дәмі ғажап...

Алмұрт.

 

Шабақ аңдып жағада,

Шарқ ұрады...

Шағала.

 

Сылдыр қағып,

Таудан құлап.

Жатыр ағып,

Мөлдір...

Бұлақ.

 

Аппақ доп тауып,

Шақырды ақ...

Тауық.

 

Қалқиған қос құлақты,

Теңбіл түрі көрікті,

Мекен жері бұлақты,

Білемісің...

Елікті.

 

Бақта өскен сәні бар,

Гүлі майда көрікті.

Жемісі бар дәмі бал,

Жақсы көрем...

Өрікті.

 

Дамыл таппай бір мезет,

Жортумен жүр сұр...

Көжек.

 

Көкте жарқылдап найзадай,

От шашты шатынап...

Найзағай.

 

Күн жылынды көктем кеп,

Жонның бәрі...

Көкпеңбек.

 

Жайқалып биыл шығыпты,

Тігіп ем былтыр...

Шыбықты.

 

Тор тоқып бермекші,

Өзі ескен жібімен

Әлде кімге...

Өрмекші.

 

Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы...

Арыстан.

 

Бәрі бірдей жұмысқа,

Шығатын кім?..

Құмырсқа.

 

Жүгіретін қуанып,

Бала біткен андыздап,

Қандай тәтті...

Балмұздақ.

 

Дертке дауа шипалы,

Витаминді күш — қуат.

Дәрімен құртпай жүйкені,

Ауылға бар, іш...

Шұбат

 

Үні ғажап,

Дүлдүл,

Бақта сайрар...

Бұлбұл.

 

Орыннан-орынға ауысқан,

Ұшқалақ қарала...

Сауысқан.

 

Есек құлақ,

Ол не?..

Құрақ.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 193 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 589 0





08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 1008 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1152 0












31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 49641 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 47306 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 45004 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика