КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Малды бақсаң қойды бақ,

Май кетпейді шарадан.

Ит асырасаң сырттаннан

Қой бермейді қорадан.

 

Қойдың сүті — қорғасын.

 

Қойшы көп болса,

Қой арам өледі.

 

Екі қошқардың басы

Бір қазанға сыймас.

 

Ісек қойдың басы үлкен,

Саулық қойдың жасы үлкен.

 

Ала қойды бөле қырыққан

Жүнге жарымайды.

 

Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

 

Ақсақ қой жатып семірер.

 

Семіздікті қой көтерер.

 

Семіздің аяғы сегіз.

 

Арық қой — тырысқақ,

Ашадам — ұрысқақ.

 

Жаман жасаққа жарамайды,

Желінсау қосаққа жарамайды.

 

Қарақұрт жесе

Қой семіреді.

 

Жаман қой ісегінде қартаяды.

 

Еркек қой бұралқы болмас.

 

Қасқырдың ойлағаны — арамдық.

Қойдың ойлағаны — амандық.

 

Қой егіз тапса,

Шөптің басы айыртуады.

 

Сүтсіз қой — маңырауық.

 

Күн батса,

Қойға соқпақ табылар.

 

Қойға қоңырау жараспас.

 

Тәңір асыраған тоқтысын

Қасқыр жемейді.

 

Арық малды асырасаң

Аузы-мұрныңды май етер.

Арам адамды асырасаң

Аузы-мұрныңды қан етер.

 

Тоқты тоймас,

Шөміш кеппес.

 

Мал аяған — аттан құр,

Төл аяған — ақтан құр.

 

Тоғыз қабат торқадан,

Тоқтышағымның терісі артық.

 

Ақсақ қой ауыл қасында,

Ия құдық басында.

 

Қойлы бай — қорлы бай,

Жылқылы бай — сылдыр бай.

 

Қойың саны мыңға жетсе,

Керегенің басынан бас кетпейді.

 

Қой семізі — қойшыдан.

 

Кәрі қойдың басы піскенше,

Тоқты қойдың басының

Арса-арсасы шығады.

 

Қой өлсе, қозы қалады,

Келер жылы өзі болады.

 

Аз қойда айран барда, өре жоқ.

 

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

 

Қой шелді болмай,

Төлді болмайды.

 

Арық қойда төстік жоқ.

 

Жетім қозы тас бауыр,

Түңілер де, отығар.

 

Қой көкпарға жарамас.

 

Қой алты күн аштыққа шыдайды.

 

Әркім өз қозысын қошқар қояды.

 

Ісі оңына басарда

Тоқты туып, шыбыш лақтар.

 

Қойлы бай — қорлы бай,

Сиырлы бай — сарымай.

 

Жетім қозы сүтке тоймас.

 

Қойдан қалған қозы

Қасқырға тап болады.

 

Аузы кіші, қарныәйдік,

Қой семірсе, көтерер.

 

Қарны кіші, аузы әйдік

Ит семірсе, құтырар.

 

Қой егіз туады:

Бірі қонаққа сойылады,

Бірі қошқар қойылады.

 

Қойды қорадан сатпа,

Аңды буазында атпа!

 

Егіздетіп төл өседі,

Еңбек етіп, ер өседі.

 

Семіз қозы пышаққа

Сұранып тұрады.

 

Қойдың басын құмға көм,

Сиырдың басын нуға көм,

Түйенің басын сорға көм.

 

Жетім қозы — маңырауық.

 

Төлден мал өседі.

Шыбықтан тал өседі.

 

Ақырап, қауыс,

Кәрі-құртаңды тауыс.

 

Төлге төл қосылса — егіз,

Көлге көл қосылса — теңіз.

 

Қойы көбейсе,

Қойшы таяғының құтты болғаны.

Қозы көбейсе,

Қойының сүтті болғаны.

 

Тойған қозыдай,

Ұйыған сүттей.

 

Жетім қозы маңырар,

Маңырар да отығар.

 

Жолдас боп өскен жора,

Жолдасын жолда қалдырмайды.

Берік боп салынған қора,

Қойын қасқырға алдырмайды.

 

Жетім қозы тез отығар,

Жетім бала тез жетілер.

 

Тайлы ауылда тоймаған,

Қойлы ауылда тояды.

 

Қойың болса,

Қора табылар.

Көңілің болса,

Жора табылар.

 

Пішенді салқында шап,

Қойды салқында бақ.

 

Қойдың басы сыйған жерге,

Денесі де сыяды.

 

Қырсықты қой,

Қыста қырқылады.

 

Әркім қолдағы барын,

Қошқар қояды.

 

Палуан болар баланың

Етек, жеңі кең келер.

Қошқар болар қозының

Маңдай жағы дөң келер.

 

Қойшы қошқарын мақтайды,

Тентек шоқпарын мақтайды.

 

Семіз қой қыстан майын жеп шығады,

Арық қой жанын жеп шығады.

 

Тентек тойды бұзар,

Шартық қойды бұзар.

 

Кенже туған қозыны

Қошқар қоймайды.

 

Бидайды қуырған,

Қойды шұбырған құртады.

 

Боз қырауда бойыңды көрсет,

Көктем шыға қойыңды көрсет.

 

Қыс қойыңды қопалы жерге қыстат,

Жаз қойыңа жазық жерді жайлат.

 

Қойшыны таяғы асырайды,

Қасқырды аяғы асырайды.

 

Әкесі қой баға білмегеннің

Баласықозы баға білмейді.

 

Ошақтан от қашты,

Қосақтан қой қашты.

 

Қойдықосақтауқиын,

Ағытуоңай.

Қалақты жасақтау қиын,

Тарқату оңай.

 

Тоғыз қойдың терісі

Тон шықпаған Толағай.

Жеті қойдың терісі

Жең шықпаған Толағай.

 

Кәрі қойдың жасындай жасым қалды.

 

Тұмса тұсақ қызғаншақ,

Тұмса бие құлынсақ.

 

Егіз қозыдай.

 

Қошқар соймай, қой сойсам,

Жасық дерсің.

Қой соймай, қошқарсойсам,

Сасық дерсің.

 

Күндіз қойын күтерсің,

Кешке жүнін түтерсің.

 

Қойы көптің — тойыкөп.

 

Саулығың шелдіболса,

Тұсағың төлдіболар.

 

Қой жүрген жер береке,

Қызжүрген жер мереке.

 

Қойым тоқ қорамда,

Қайғым жоқ боранда.

 

Қойға екі құлағынан

Басқаның бәрі жау.

 

Қынына қарап, пышағын таны,

Қозысына қарап, тұсағын таны.

 

Жарлының жалғыз қозысы.

Қасқырға жем болады.

 

Тойсаң,

Тоқтының еті топырақ татиды.

 

Тойөтті —

Қой бітті.

 

Қой— байлық,

Жылқы —сәндік.

 

Семіздікті қой көтерер.

 

Қойдай қоңыр,

Қозыдай момын.

 

Қой жайын көздесең

Құмға көш.

Сиыр жайын көздесең,

Сырға көш.

 

Астауда қалған суды

Арыққой ішеді.

 

Сиыр бақтым — сидаң қақтым,

Ешкі бақтым — еңіреп бақтым.

Қой бақтым— қоңыраулаттым.

 

Қой асығыдемегін,

Қолыңа жақсасақа қыл.

 

Қой қозысыніздейді,

Шаруа қонысыніздейді.

 

Қошқардыкүйегімен,

Киіктісүйегімен жұтады...

 

Айдай салдыңмалыөспейді.

Көре салдыңқойы өспейді.

 

Жақсы қойшының

Төлі түлеп туады,

Жаман қойшының

Төлі жүдеп туады.

 

Жаман қой өршіл,

Жаман ат тершіл.

 

Ақсақ қойдың аузына

Жел айдаған қаңбақ түсер.

 

Қой қорасына тартады,

Жігіт жорасына тартады.

 

Қыста қойыңды бақ,

Жазда шөбіңді шап!

 

Қора менікі болғанмен

Қойы елдікі.

 

Арық ат — тулақ,

Ашаң жігіт — қунақ.

 

Қойдан қойдың несі артық,

Қол басындай еті артық.

Ерден ердің несі артық,

Ойлап айтқан сөзі артық.

 

Жапанда өскен жапалақ

Көл қадірін білмейді.

Ербең құлақ еркек қой

Төл қадірін білмейді.

 

Қой төлемі — қозы.

 

Жылан жылы — жылыс,

Жылқы жылы — ұрыс,

Қой жылы — тыныс.

 

Құтты қонақ келсе,

Қой егіз туады.

 

Қойды күз құмға айда,

Жаз шымға айда.

 

Қойшының қызы

Қой келгенде таранады.

 

Қара құрт жеген қой семіреді,

Қан соқта жеген ит семіреді.

Пара жеген би семіреді.

 

Желінсау қой қосаққа кірмейді.

 

Қора оңды болса,

Қойың қоңды болар.

 

Қойшың малсақ болса,

Малдандым де.

Қойшың жаңсақ болса,

Алдандым де.

 

Ақ қошқар бүгін сойылар,

Алдыңа басы қойылар,

Ашыққан қарын тойынар.

 

Құдай бергеннің қойын

Қыдыр бағады.

 

Қой төлімен жарасты,

Жапырақ гүлімен жарасты.

 

Жалған сөз — жанға қас,

Жалқау қойшы малға қас.

 

Қойыңды жаз бақ, күз бақ,

Сонансоң құй бақ, құй бақпа.

 

Құрттаған қой

Кескекті ала кетер.

 

Ешкілі қой өрген.

 

Ешкіні түлен түртерде

Шопанның таяғына сүйкенер.

 

Бұрын шыққан құлақтан,

Кейін шыққан мүйіз озады.

 

Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп

Құлағынан айрылыпты.

 

Қасапшыға мал қайғы,

Қара ешкіге жан қайғы.

 

Айдағаның бес ешкі,

Ысқырығың жер жарады.

 

Қотыр теке қора былғар.

 

Сақал текеде де бар.

 

Жаман теке — сүзіскек,

Жаман жігіт — ұрысқақ.

 

Ешкі сойғанның екі заты бар:

Мүйізі пышағына сап,

Терісі мосысына қап.

 

Бірлақ екі адамды талтаңдатады.

 

Жалғыз ешкі лақтап,

Уызына жарытпас.

 

Ешкі бастаған қой,

Егінге түседі.

 

Таудағы киік

Таста ойнақтаса,

Төменде тұрған текенің

Тұяғы қышиды.

 

Егіз лақты ешкіге

Екі елі май кім берсін?!

 

Есің кетсе ешкі жи,

Ешкі жиып, есің жи.

 

Лақпын деп ойлайды тоқал ешкі.

 

Шыбынды шыбықпен айдаған,

Шыбышты сырықпен айдаған.

 

Ешкі қырққан сайын бір өледі,

Ер жігіт ұялған сайын бір өледі.

 

Ақ серке қой бастайды,

Ақын жігіт той бастайды.

 

Қой семірсе құт

Ешкі семірсе жұт.

 

Тентектің есі-дерті—бұзу,

Текенің есі-дерті — сүзу.

 

Жетім жылап күн кешеді,

Лақ маңырап су ішеді.

 

Ешкі мінген балаға

Есек мінген ерсі емес.

 

Бақ-бақ еткен текені

Қыс түскенде көріңіз.

Батырсынған көкені

Іс түскенде көріңіз.

 

Тілеп алған баламды,

Теке теуіп өлтірді.

 

Бес бәлекке бес қарақшы,

Сегіз ешкіге сексен теке.

 

Жылкы атасы — Қамбар ата,

Сиыр атасы — Зеңгі баба,

Түие атасы — Ойсыл қара,

Қой атасы — Шопан ата,

Ешкінің иесі — Сексек ата.

 

Өзім асырап өсірген текешігім

Өзіме тап берді.

 

Ешкі тұқымы — егіз лақ,

Қой тұқымы — қоңыр тұсақ.

 

Қасқырдан қайрат кетсе,

Ешкіні апа, текені жезде дейді.

 

Нар жолында жүк қалмас.

 

 

Көрмес түйені де көрмес.

 

Қуырдақтың әкесін

Түйе сойғанда көрерсің.

 

Түйе тұзға келеді,

Күйеу қызға келеді.

 

Жуас түйе

Жүндемекке жақсы.

 

Түйе көп болса

Жүк сыймас.

 

Кәрі түйе ойнақтаса

Жұт болар.

 

Жығылсаң нардан жығыл.

 

Түйесін қу бас десең,

Иесіне тиеді.

 

Алыстан шабынған бураның

Күші кетер.

 

Түйе бойына сеніп

Жылдан құр қалған.

 

Түйенің үлкені

Көпірден таяқ жейді.

 

Соңғы түйенің жүгі ауыр.

 

Көтерем деп түйеден безбе,

Салтанатың емес пе?!

Тебеген деп биеден безбе,

Қос қанатың емес пе?!

 

Бір теңге бие болмайды,

Екі теңге түйе болмайды.

 

Екі аяқтыда — бажа тату,

Төрт аяқтыда — бота тату.

 

Түйенің танығаны жапырақ.

Жабу қисық емес,

Түйе қисық.

 

Нар сәулетті — ашамай.

 

Жаман түйе жабуын жер,

Жаман жігіт ауылын жер.

 

Жалғыз түйе бақырауық,

Жалғыз бала жылауық.

 

Жатқан жері даладай,

Екі өркеші баладай.

Азу тісі қаладай,

Жабуы шамшыдай,

Құйрығы қамшыдай

Бура сойған не сұмдық!

 

Інгенімді қараймын деп

Мінгенімнен айрылдым.

 

Ақ түйенің қарны ақтарылды.

 

Жазғытұрғы жел

Жардай атанды жығады.

 

Атан түйе жүк астында қартаяр.

 

Түйе тайғақ келеді,

Табанынан мөр кетсе,

Кәрі тайғақ келеді,

Екі көзден нұр кетсе.

 

Қолда өскен түйенің

Тайлақ аты қалмайды.

Кеш үйленген жігіттің

Бойдақ аты қалмайды.

 

Түйесінің сыры иесіне мәлім.

 

Түйе жантақ жегісі келсе,

Мойнын созады.

 

Түйесіне қарай — жазысы,

Биесіне қарай — қазысы.

 

Екі нар сүйкенсе

Ортасында шыбын өлер.

 

Жар басындағы жантақты

Жанынан безген нар жейді.

 

Нарым қымбат,

Нарымнан арым қымбат.

 

Шөлге шықсаң шөл екенінбіліп шық.

Шөл тәңірі сары атанғамініп шық.

 

Бие мініп тойға барма,

Көкпар шаба алмайсың.

Түйе мініп қойға барма,

Жөндеп баға алмайсың.

 

«Айтшу» деген атанға сеп,

«Ауп» деген адамға сеп.

 

Ауырлықты жер көтереді,

Ауыр жүкті нар көтереді.

Ауыр қайғыны ер көтереді.

 

Артқы түйенің жүгіауыр.

 

Бура келеге түскенде

Буыршын бойын бағады.

 

Түйе аунаған жерде

Жүк қалады.

Ат аунаған жерде

Түк қалады.

 

Алпыс күн атан болғанша,

Алтыкүнбура бол.

 

Алты айлық жолғаарымас

Атан деген көлік бар,

Асып-тасса ағайынын танымас

Адам деген«ұлық»бар.

 

Ауырлықты нар көтереді,

Нар көтермесе, бар көтереді.

 

Нар маяның шұбаты —

Нардай ердің қуаты.

 

Түйенің жолы үлкен,

Аттың жөні үлкен.

 

Наржолындашөгер,

Ер жөніне көнер.

 

Бота ойнақтаса

Молшылыққа.

Тайлақ ойнақтаса

Тоқшылыққа.

Кәрі түйе ойнақтаса

Жоқшылыққа.

 

Нар — түйеден.

Тұлпар — биеден.

 

Нар ізін нарша басар.

 

Иті иесіне тартады,

Түйекеш түйесіне тартады.

 

Ботасы бар түйелер,

Боздамай от жемейді.

 

Құнажын деп кемітпе,

Ертең-ақ түйе болады.

Тай, байтал деп кемітпе,

Ертең-ақ бие болады.

 

Түйе сүті түгел май,

Қымыранын кертіп іш!

Бие сүті «пай-пай!»

Сары қымызын шертіп іш!

 

Түйе қоң алмай — оңалмайды.

 

Түйеден жығылсаң,

Түйе шудасын төсейді.

Аттан жығылсаң.

Ат жалын төсейді.

Есектен жығылсаң,

Есек тұяғын төсейді.

 

Наубайдың көңілінанында,

Керуеншінің көңілінарында.

 

Түйе тулап,жүктен құтылмайды.

 

Түйе ұрлаған да,

Түйме ұрлаған да —ұры.

 

Түйежисаң, нардан жи,

Жүкқалдырмас жолында.

Сиыржисаң, тарлан жи,

Сүт пенқаймақ қолыңда.

 

Нарға — ашамай,

Қоспаққа — жазы.

 

Түйеніңжантақ жемесе,

Тіліқышиды.

 

Ауыр жолды нар жеңеді,

Ауыр істі бар жеңеді.

 

Шыры болса қомында,

Алты айшылық жолыңда

Атан түйе арымас.

 

Нарыңның ашамайы —

Арша екен,

Жұпар иісі —

Жақсылыққа жаршы екен.

 

Нар маяға нар бота жарасады,

Мейірімді адам жоғыңа қарасады.

 

Ботасыз інген боздаса,

Баласы өлген ананың

Қайғы шерін қозғайды.

 

Түйе ботасымен жарасты,

Тамақ батасымен жарасты.

 

Жүкауырын нар көтереді,

Сөзауырынеркөтереді.

 

Жүк ауыры нарды сынайды,

Жол ауыры ерді сынайды.

 

Жаман түйе жабуын жер,

Жазының қабуын жер.

 

Түйенің не де болса түйе аты бар,

Сондықтан ботаның да ұяты бар.

 

Құнажын көзін сүзбесе,

Буыршын бұйдасын үзбейді.

 

Артында бар — оңалар,

Арық түйе — қоңалар.

 

Аталы сөз атан түйеге татиды.

 

Бойың қысқа болса,

Түйеге мін,

Бойың ұзын болса,

Есекке мін.

 

Күркіреген бураны келеде көр,

Азынаған айғырды үйірде көр.

 

Бағы тайған адамды

Түйе үстінен ит қабар.

 

Тұз десе түйеде тағат жоқ,

Төркін десе қызда тағат жоқ.

 

Түйе жұлғанын білмейді,

Жұтқанын біледі.

 

Түйенің терісі де есекке жүк.

 

Келеге түспес бура,

Керенау тартады.

Үйірге түспес айғыр,

Саяққа тартады.

 

Түйелі бай — киелі бай,

Қойлы бай — қорлы бай.

Жылқылы бай — сылдыр бай,

Сиырлы бай — сылбыр бай,

Ешкілі бай — есепті бай.

 

Кірекештің түйесі

Жүгіменен жайылар.

 

Маң-маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан,

Төрт аяғын тең басқан —

Түйе деген жануар.

 

Алтын артқан атанның да

Алдында есек, артында ит жүреді.

 

Жол үлкендікі,

Жүк түйенікі.

 

Өлген түйенің басымен

Тірі келінді қорқытпа.

 

Төрт түліктің төресін

Түйе дейді.

 

Ауыр жол— атанды сынайды,

Ауыр іс — адамды сынайды.

 

Милауға сөз ұқтырудан

Бураны кезіктіру оңай.

 

Ауыл-аймағыңмен,

Бота-тайлағыңмен.

 

Інген ыңырсыса,

Бота боздайды.

 

Сырын білмес адамға

Сырыңды айтпа.

Сырын білмес атанға

Жүгіңді артпа.

 

Нар мінезді жігітке

Нарға мінсе, жарасар.

 

Жас бота

Түйеге қарай өседі.

Жас құлын

Биеге қарай өседі.

 

Түйе мінген,

Тайлақ мінгенге күлмейді.

 

Көшпелі елге — түйе қол,

Жылқылы елге — бие қол.

 

Нар маяның жүні — жібек,

Сүті — бал,

Нар жігіттің аймағы ел,

Алды мал.

 

Ашамай нарға жарасар,

Ақ түйе барға жарасар.

 

Жоқтан бар болған,

Қоспақтан нар болған.

 

Түйенің соңынан ерсең,

Сораға барарсың.

Молданың соңынан ерсең,

Молаға барарсың.

 

Түйе деген жануар,

Түзде жүрсе семірер.

Тіздеп қойса аяғын

Тұзға қарай емінер.

 

Тартыншақ болсатүйең жаман,

Итіншек болса биеңжаман.

 

Тебеген болса биеңжау,

Сүйкеншек болса түйеңжау.

 

Момынды момын қорғайды,

Түйе қомын қорғайды.

 

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай

Түйе деген жарықтық.

 

Бота алғанша — бата ал.

 

Түйе алтын артып жүрсе де,

Жантақ жеуін қоймайды.

 

Өзі түйенің үстінде келе жатып,

Жаяуға бұқ дейді.

 

Өкпелесең көшке берген

Тайыңды қайтып ал.

 

Түйенің сүйген асы— жантақ,

Тиіннің сүйген асы —жаңғақ.

 

Түйесі жоқ ауылға

Тайлақ атан көрінер.

 

Ашаршылықта

Түйенің сіңірі де тәтті,

Тоқшылықта

Қозының құйрығы да қатты.

 

Жазғытұрымғы жел

Жардай атанды жығады.

 

Түйеніжүгендемейді,

Көп малды түгендемейді.

 

Көп келіссе,

Кірекеш түйесін сояр.

 

Түйе атасы — нар,

Ағаш атасы — шынар.

 

Біреудің жоғын

Біреу түйе мініп жүріп жоқтайды.

 

«Арық» деген жаман тай

Жазға шықса ат болар,

Жамандығың сезілсе

Жақын кісің жат болар.

 

Кедеймін десең

Көшіп көр.

 

Жалғыз шапқан ат жүйрік.

 

Тұлпардың ізі бітпейді,

Тұяғы кетпейді.

 

Азынаған айғырдың үйірінкөр,

Менменсінген жігіттің үйін көр.

 

Жүйрік тоқтығын білдірмес,

Жомарт жоқтығын білдірмес.

 

Жортар аттың тоғы игі.

 

Соқыр атқа қотыр ат үйір.

 

Кәрібозқартайғанда жорға шығар.

 

Аткөрмегенат көрсе,

Шаба-шаба өлтірер.

Тон кимеген тонкисе,

Қаға-қаға бітірер.

 

Сырын білмеген аттың

Сыртынан жүрме.

 

Арық атқа қамшы жау,

Жыртық үйге тамшы жау.

 

Жылқыдаөтжоқ,

Құстасүт жоқ.

 

Жақсыат алдынан сүрінбей,

Артынансүрінеді.

 

Басты балта бұзар,

Жылқыны маңқа бұзар.

 

Атың арық болса, бір шап,

Отының аз болса, біржақ.

 

Атыңды жүріп тұрғанда қамшыла.

 

Ат жаманы таймен ойнар.

 

Қос жүйрікте сын болмас,

Қассұлуда мін болмас.

 

Көбең мініс көтермес.

 

Көнектен шошыған бие оңбас.

Төсектен шошыған ер оңбас.

 

 

 

Тай тулап

Үйірінен шықпас.

 

Ат тұяғын тай басар.

 

Жорға мінген

Жолдасынан айрылар.

 

Айғырды неден салсаң,

Атты сонан мінерсің.

 

Ат айналып қазығын табар.

 

Аттың аты үлкен,

Түйенің табаны үлкен.

 

Аты барға

Тай мінсе де жарасар.

 

Құрық тимес құлын жоқ,

Қырықтық тимес қозы жоқ.

 

Шідерлі атың өз атың,

Тұсаулы атың бос атың.

 

Көбік қарда түлкі ойнар,

Көк көрпеде жылқы ойнар.

 

Ат жалдаған өтер,

Ит жалдаған кетер.

 

Тай тайға жеткізер,

Тай құнанға жеткізер,

Құнанатқа жеткізер,

Ат мұратқа жеткізер.

 

Жылқылы елде жау көп,

Жатақ елде даукөп.

 

Аттан тай озады,

Атадан бала озады.

 

Ат сүрінбей жер танымас,

Ер сүрінбей ел танымас.

 

Аттың бәрі тұлпар болмас,

Құстың бәрі сұңқар болмас.

 

Бір биенің екі емшегі,

Бірі кетсе сүті жоқ.

Бір түйенің екі өркеші,

Бірі кетсе, күші жоқ

 

Арықты мінгенше

Аяғыңды мін.

 

Алуан-алуан жүйрік бар,

Әліне қарай жүгірер.

 

Ат арқасына ер батса

Аяңшыл болады.

 

Жабыны жалды екен деп

Сатып алма,

Жаманды малды екен деп

Жақын қылма.

 

Екі бие — ел ырысы,

Үш бие — бұлақ басы,

Бір бие — жоқтың қасы.

 

Аттан айрылсаң да,

Ер тоқымыңнан айрылма.

 

Жаман атқа жал бітсе,

Жанына торсық байлатпас.

Жаман адамға мал бітсе,

Жанына қоңсы қондырмас.

 

Байтал мінсең, құлын жоқ.

 

Ат күйгелек болса — арық,

Ер күйгелек болса — кәріп.

 

Атты ақысын жаяуға жібермейді.

 

Арғымақ аттың баласы

Аз оттап көп жусайды.

Асыл ердің баласы.

Аз сөйлеп, көп тыңдайды.

 

 

 

Жүйрік бестіден шығар,

Кеңес естіден шығар.

 

Жапалақ сипағанмен

Сұңқар болмас,

Жабыны мақтағанмен

Тұлпар болмас.

 

Ат мінбей,

Атыңды мақтама,

Жыл тұрмай,

Қатыныңды мақтама.

 

Атыңды қамшымен айдама,

Жеммен айда.

 

Атының сыры иесіне мәлім.

 

Жауыр атқа жіп құйысқан.

 

Бие қоста жүріп терлесе,

Құлын босқа жүріп терлейді.

 

Аттыға еріп,

Жаяудың таңы айрылыпты.

 

Аңқау астындағы атын

Алты ай іздепті.

 

Құлындаған биеден

Құдықтағы су артылмас.

 

Ат — адамның қанаты,

 

Атдорба түбін жаламай,

Ат тоймайды.

 

Жаман айғыр үйірін

Жауға алғызар.

 

Арғымақ атқа, тай төлеу.

 

Жарамсыз ат жан қинар.

 

Тістейтін жылқы,

Тісін көрсетпейді.

 

Тағасының күмісіне мақтанба,

Атыңның жүрісіне мақтан.

 

Бір биеден ала да туады,

Құла да туады.

 

Алысты жақындататын— ат,

Жақынды алыстататын— жат.

 

Байтал түгіл,

бас қайғы.

 

Аттының несібесі — алтау,

Жаяудың несібесі — жалқы.

 

Атты жолдас болмайды

Арбалымен.

Жортақ жолдас болмайды

Жорғалымен.

 

Жорғадантуған жортақ бар,

Батырдантуған қорқақ бар.

 

Сауын саусаң,биесау,

Боз қырау түспей суалмас.

Түйткіл тартсаң,түйе сау,

Ауру,бәле,жын алмас.

 

Тұлпардың қадірін

Желгенде білерсің,

Жақсының қадірін

Өлгенде білерсің.

 

Жаяушылық тартқанда

Жүрмес есек ат болар.

Қарын қатты ашқанда

Қара талқан қант болар.

 

Екі тізгін жоқ болса,

Ат басын адам бұра алмас,

 

 

Екі тартпа жоқ болса,

Атүстінде ертұра алмас,

Екі үзеңгі жоқ болса,

Атқа адам міне алмас,

Бәрі бірдей сай болса

Шайтан түгілжын алмас.

 

Қамшы — қанат,

Құйысқан — қуат.

 

Атқа мінгеспе,

Мінгессең,үндеспе!

 

Тұлпар - құлыннан,

Батыр- баладан.

 

Жүйрік атқа,

Жел қамшы.

 

Ақсақ атқа — алтын таға.

 

Ат қартайса,

Есекпендостасады.

Адамқартайса,

Төсекпен достасады.

 

Жел мінезді жылқы мал,

Желеді де кетеді.

 

Жігіттің жігіті —

Түсінде жылқы көреді.

 

Айдың ізін ай басар,

Аттың ізін тай басар.

 

Атың болмаса,

Аяғыңа жалын,

Аяғың болмаса,

Таяғыңа жалын.

 

Ат қартайса

Жасқаншақ болады

Ер қартайса,

Мақтаншақ болады.

 

 

 

Жақсы ат — көлік,

Жаман ат — өлік.

 

Аттан түссең де,

Тұғырыңнан түспе.

 

Атын бергісі келмеген

Елге қарайды,

Құсын бергісі келмеген

Жерге қарайды.

 

Тұяқты тұяқ жібермейді.

 

Жүйрік ат — бірде ат,

Бірде — қанат.

 

Жылқының

Мінсең — үсті жел,

Ішсең қымызы — бал,

Жесең еті — бал.

Асауға ноқта,

Жүйрікке — тұмар.

 

Жабыныжауға мінбе жалды екен деп,

Жаманменжолдас болма малды екен деп,

Баласын қазан аттың бақпай қойма,

Жем түсіп аяғына қалды екен деп.

 

Құлын биең құнға кетті ме,

Тайлы биең таласқа түсті ме?

Кезекті суыңды сұмырай ішті ме,

Қолыңмен неге от көсейсің?

Жеңіңді неге жерге төсейсің?

 

Атыңның басын алыпсың да,

Жорғасы қалып па?

Атыңның жемін таусыпсың да,

Дорбасы қалып па?

 

 

Аласаны атқа санама,

Азаматты жатқа санама.

 

Аттың жалында,

Атанның қомында.

 

 

 

Асаудың теппесе

Ақысы кетеді.

Жыланның шақпаса

Ақысы кетеді.

 

Қашаған ат қасқырға тап болады.

Ұрыншақ ат ұрыға тап болады.

 

Жалғыз атты, тойға да бармас,

Тойдан да қалмас.

 

Жалғыз атты базардан қалмас.

 

Тай атқа жеткізеді,

Ат пыраққа жеткізеді,

Пырақ мұратқа жеткізеді.

 

Атыңа батса алтын ер,

Атып ұр да, отқа жақ.

 

Бәйгеге қосар атыңның

Ерін алма, терін ал.

Күреске түсер батырдың

Көңілін жайла, шерін ал.

 

Тобан аяқ торыны,

Тойға мінбе, қойға мін.

Құлан аяқ құланы

Қойға мінбе, тойға мін.

 

Аттың көркі — жал,

Адамның көркі — мал.

 

Атыңды мақтама,

Жүрісінен жаңылады.

Қатыныңды мақтама,

Жүрегінен қабынады.

 

Жорғаны жорға демесең

Жүрісі атқа жетпейді,

Жемін беріп демесең,

Жолға тастап кетпейді.

 

Шабылмаған жүйрікті,

Шағылмаған бала шапсын.

 

Бір теңге бие болмайды,

Екі теңге түйе болмайды.

Өзінікін азсынған,

Кісінікін көпсінген

Өз малына ие болмайды.

 

Түлкі түгінен жазады,

Есек жүгінен жазады.

 

Бала жанды биелер

Құлындарын теппейді.

Бала жанды адамды

Бала айналып кетпейді.

 

Құрғақ талқан жегенді

Күлдірме.

Жайдақ атқа мінгенді

Желдірме.

 

Иесі келсе

Биесі кісінер.

 

Қарабайыр қазан ат

Қара жолда қалдырмас.

Қара жолда қалдырып,

Қанатыңды талдырмас.

 

Табаны тозбас

Тұлпар жоқ,

Қанаты талмас

сұңқар жоқ.

 

Сары қымыз сүйегіңе сіңсе,

Сан ауруды кеседі.

Сары бал сүйегіңе сіңсе,

Кәрілік жоқ — деседі.

 

Атымның сыры өзіме мәлім.

 

Ұйқымен үйір болсаң,

Ұйқы бағарсың.

Ұйқымен араз болсаң,

Жылқы бағарсың.

 

Жылқы құлыннан өседі,

Теңге тиыннан өседі.

 

Алысқа шабар жүйрік бол,

Намысқа шабар жігіт бол.

 

Тайға мінген,

Тайқарға мінгенге күлмейді.

 

Айғырмен ойнаған тай

Арқасын алдырар.

 

Ат — биеден,

Нар— түйеден.

 

Мінер атың айғыр болса,

Түс те қайғыр.

 

Аталы айғыр үйірін

Жауға алдырмас.

Ата көрген жігіт

Ауылын дауға алдырмас.

 

Қияңқы байтал

Екі айғырды қырқыстырады.

 

Атты арпамен айда.

 

Құс жоқ жерде, күйкентай

Сұңқар көрінер.

Ат жоқ жерде, жаман тай

Тұлпар көрінер.

 

Алмауыттан ат мінсең,

Жақын болар алысың.

Әдепті, арлы жар сүйсең

Оңғарылар бар ісің.

 

Жорғаның терікеппес.

 

Ақылсыз атқа мінсе,

Атасын басып кете жаздайды

 

Атын алдырған

Ерін жоқтамайды.

Басын алдырған

Сақалын жоқтамайды.

 

Сен салар да мен салар,

Атқа жемді кім салар?

 

Күйеудің атымен күл тасы,

Жезденің атымен жер айда.

 

Екі аяқты адам түгіл,

Төрт аяқты тұлпар да сүрінеді.

 

Жетім құлын — емеген,

Қулық бие — тебеген.

 

Бағың шауып тұрғанда

Биең егіз туады.

Бағың қайтқан шағыңда

Ешкің қысыр қалады,

Малыңа індет шабады.

 

Жақсы ат — желіктіреді,

Жаман ат — зеріктіреді.

 

Аттың көркі —

Құйрық, жалы, құлағы.

Таудың көркі —

Тасы менен бұлағы.

 

Атпаз көрген — ат таныр,

Ұстаз көрген — хат таныр.

 

Аты семіздің — жолы тегіс.

 

Кәрі атын мақтаған,

Қара жаяу қалар.

 

Көлдің көркі — құрақ,

Жігіттің көркі — пырақ.

 

Жоқты керек таптырар,

Жалғыз атты саттырар.

 

Жігіттің іскерлігі ісінен мәлім.

Жылқы жасы тісінен мәлім.

 

Жомарттыққа не жетсін?

Жүйріктен құтылып не кетсін?

 

Алуан-алуан жүйрік бар,

Әліне қарай жүгірер.

 

Құлындаған биеден,

Құдық суы артылмас,

Боталаған түйеден

Бұлақ суы артылмас?

 

Ит қуған тай ұстатпас.

 

Ат сабылды— жоқ табылды.

 

Аттыға жаяу жолдас болмас.

 

Үйірі басқаны ноқта қосады.

 

Тегін келген аттың

Тісіне қарама.

 

Тозбас тон,

Арымас ат болмас.

 

Жылқының еті:

Жемесең түсіңе кіреді,

Жесең тісіңе кіреді.

 

Аяңшыл ат — арымас!

 

Ер қанаты — ат,

Сөз қанаты — хат.

 

Ат жүйрігі —

Азаптан құтқарады.

Тіл жүйрігі —

Мазақтан құтқарады.

 

Сиыр алсаң танып ал,

Танымасаң тарғыл ал.

 

Сиыр сипағанды білмейді,

Жаман сыйлағанды білмейді.

 

Ортақ өгізден,

Оңаша бұзау артық.

 

 

 

Сиыр суішсе,

Бұзау мұз жалайды.

 

Өгізге туған күн

Бұзауға да туады.

 

Сиыр судан жериді,

Су сиырдан жериді.

 

Бас білген өгізге

«Өк!» деген өлім.

 

Жаман сиыр

Жазда бұзаулайды.

 

Өгізді өрге айдағанның:

Өмірі өксиді.

 

Үйде өскенбұзау,

Түзде өгіз болмайды.

 

Өгіз өлген жерінде мөңірейді.

 

Ойда он сиырдың мүйізі сықырласа,

Қырда қырық бұғының мүйізі сықырлайды.

 

Болдырған сиыр,

Молаға сүйкенеді.

 

Нәсілі жаман сиырдан,

Өлі бұзау туады.

 

Түзде бұзауы жамырағанның.

Үйде айраны төгілер.

 

Бұқаның арамзасы,

Бұзау арасында жүрер.

 

Қашарында қашарсың,

Бұзауларда сасарсың.

 

Мал жақсысы — сиыр,

Жер жақсысы — кебір.

 

Сиырлының үйі —айран,

Сиырсыздың үйі — сырдаң.

 

 

 

Өгіз өлгенше өседі.

 

Өлген сиыр сүтті болады.

 

Құдай жүгіртпегенді

Бұзау жүгіртеді.

 

Сиырдың сүті — тілінде.

 

Әңгіме бұзау емізер,

Бұзау таяқ жегізер.

 

Сүтсіз сиыр — сүзеген.

 

Буаз бие тебіспейді,

Буаз сиыр сүзіспейді.

 

Арбаң сынса — отын,

Өгізің өлсе — етің.

 

Сүзеген бұқа мүйізін жасырмайды.

 

Сиыр мүйізді өгізде күшжоқ,

Өгізмүйізді сиырдасүт жоқ.

 

Атанөгіз мүйізімен де

Соқа сүйрей алады.

 

Керікеткен сиыр

Кенже бұзаулайды.

 

Азғын бұзау — ашқарақ.

 

Тумаған тайыншаның

Піспеген уызына қарама.

 

Сиырда аунамақ жоқ,

Жылқыда күйсемек жоқ,

Тамда белдеу жоқ,

Таста тамыржоқ,

Суда қаймақжоқ.

 

Малды бақсаң, сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан.

Егін ексең, бидай ек,

Құт кетпейді даладан.

 

 

 

Сиырлы кісі — сыйлы кісі,

Түйелі кісі — күйлі кісі.

 

Сиырды жақсы көрсеткен

Артындағы танасы

Әйелді жақсы көрсеткен

Қасындағы баласы.

 

Сиырды теппейді,

Сүтті төкпейді.

 

Бұқа иесіне бұзау жоқ.

 

Сиыр сары болмас,

Түйе торы болмас.

 

Бәйге алмаған жүйріктен

Белі берік бесті артық.

Сүт бермеген сиырдан

Шай қатық берген ешкі артық.

 

Сиырға ер жараспас.

 

Түйешіге жолықсаң:

Өркеші биік тайлағын айтар.

Сиыршыға жолықсаң:

Шелегі толы қаймағын айтар.

 

Малды баққанға бақтыр,

Отынды шапқанға жақтыр.

 

Бас екеу болмай,

Мал екеу болмайды.

 

Мал баққанға бітеді.

 

Қойшының — таяғынан,

Келінің — аяғынан.

 

Мал ашуы — жан ашуы.

 

Қайтқан малдың қайыры бар.

 

Есек барға саналса да,

Малға саналмайды.

 

Кісі берген

Кісіге ырыс болмас.

 

Өзіңдікі өзіңе,

Оттай ыстың көзіңе.

 

Жоғалған пышақтың сабы алтын.

 

Қара тұяқ қарында жатпас.

 

Шөмелені шөбім бар деме,

Несиені малым бар деме.

 

Арықты күтсең —тойынар,

Кәріні күтсең — сойылар.

 

Кетпенім сай, шотым сай,

Қазсам суға жетемін.

Отаным сай, атым сай,

Көшсем нуға жетемін.

 

Ақсақ малдың

Ақырына бақ.

 

Малы бардың назы бар,

Көлі бардың қазы бар.

 

Шаруаның иті де ұрғашы болсын.

 

Түйе — байлық,

Қой — мырзалық,

Жылқы — сәндік.

 

Шаруаның бірі — бес,

Диқаншылық — ес,

Жортуыл түбі — еш.

 

Жайылымы болмаса мал азады,

Қайырымы болмаса жан азады.

 

Тоңға жатқан мал оңбас,

Тобырға түскен іс оңбас.

 

Бітпеген малдан үміт,

Шықпаған жаннан үміт.

 

 

Жаман қойшы жайлауын

Бір күн жейді,

Жақсы қойшы жайлауын

Мың күн жейді.

 

Жаманға жан жуымас,

Жалқауға мал жуымас.

 

Басы аманның малы түгел,

Елі аманның жаны түгел.

 

Төл төлден өседі.

 

Малды жақсы баққаның —

Өзіңе абырой тапқаның.

Малды жаман баққаның —

Келген бақты қаққаның.

 

Жер — ана,

Мал — бала.

 

Жалқау— өзіне жау.

 

Мал бітерінде

Кілемнің түгіндей,

Мал кетерінде

Қолдың кіріндей.

 

Мыңды айдаған бірді мінеді.

 

Малы бірдің — жаны бір.

 

Жарлы болатын жігітке

Қазалы мал тап болар.

Жалғыз болатын жігітке

Бедеуқатын тап болар.

 

Малсызға

Малға балап ұйқы берер.

Арсызға

Арға балап күлкі берер.

 

Кемпір шалдың тілін біледі,

Шал малдың тілін біледі.

 

Қорада малың болсын,

Көшеңде талың болсын,

Мал — аяғың,

Тал — таяғың.

 

Малыңды қойған жеріңнен іздеме,

Тойған жерінен ізде.

 

Біреуге мал қайғы,

Біреуге жан қайғы.

 

Артық мал

Ақы сұралмайды.

 

Әркімнің өз малы өзіне ыстық.

 

Сасық суда жайын бар,

Олжа малда қайыр жоқ.

 

Барымтадан келген мал

Қарымтамен кетеді.

 

Мал қадірін білмеген,

Жан қадірін білмейді.

 

Жоқтамағанның малы түгел.

 

Даланың көркі — мал,

Өзеннің көркі — тал.

 

Мал айдаса елдікі,

Ысқырса желдікі.

 

Шаруа болсаң,

Малыңның қасында бол.

Диқан болсаң,

Жеріңнің басында бол.

 

Дала малсыз болмайды,

Орман аңсыз болмайды.

 

Малым жоқ деме,

Бір күнгі ұйқы.

Балам жоқ деме,

Бір күнгі күлкі.

 

 

Көңілсіздің көлігі шаппас.

 

Судыөзі кешіп ішпей,

Мал қоңданбайды.

Шөпті өзі орып жемей,

Мал жонданбайды.

 

Әр түлкінің өрісі басқа,

Әр ауылдың қонысы басқа.

 

Біреу малға зар,

Біреу басқа зар.

Мал баққандікі,

Қоян қаққандікі.

 

Бағайын десе, малы жоқ,

Ыңыранайын десе, ауруы жоқ.

 

Сатарманның жаман малы жоқ.

 

Жері семіздің — малы семіз.

 

Жазда жайлауды же,

Қыста қойнауды же.

 

Шабатын көлік күй тілейді.

 

Жерім — малға жай,

Елім — жанға жай.

 

Күзде көлік жүгіреді.

 

Малым жанымның садағасы,

Жаным арымның садағасы.

 

Малым бар деп мақтанба,

Нарым бар деп мақтан,

Нарым бар деп мақтанба,

Арым бар деп мақтан.

 

Қоралы мал — елдікі,

Қорасыз мал — желдікі.

 

Мал тапқанның айыбы жоқ.

 

Басы аманның малы түгел.

 

Дала көркі — мал,

Қала көрісі — тал.

 

Шаруа

Жазда жазылады,

Қыста қысылады.

 

Малдың қонысын тапқан —

Шөптің сонысын тапқан.

 

Кендірмен байлама,

Жыңғылмен айдама,

Кендірмен байласаң,

Жыңғылмен айдасаң,

Мал бітер деп ойлама.

 

Мал мекенін іздейді.

 

Ұры болмаса — бөрінікі.

Иесіз мал — ұрынікі.

 

Ақсақ алсаң, сау туар.

 

Сауып отырған малы бар

Тоқтық көрмесе де,

Жоқтық көрмейді.

 

Бар малына сенеді,

Жоқ қарнына сенеді.

 

Қорасында айыры жоқтың

Малға қайыры жоқ.

 

Малдың белшеден бейнеті дебар,

Көрсетер зейнеті де бар.

 

Құрақсыз көлдің сәні жоқ,

Тұяқсыз малдың сәні жоқ.

 

Сауыны аздың жазы қысқа.

 

 

Мал аралаған — малшы,

Торғай аралаған — аңшы.

 

Ер елгеқарапөсер,

Мал төлге қарап өсер.

 

Көп ұстаған қамшыға

Қол үйреніп қалады.

Көп мал баққан малшыға

Мал үйреніп қалады.

 

Сұлу аттың көркі — жал,

Адамзаттың көркі —мал.

 

Мал азығы — ырыс қызығы.

 

Жайылым тапса,

Мал семіреді.

Қайырым тапса,

Жан семіреді.

 

Малдың аласы сыртында,

Адамның аласы ішінде.

 

Мал басқа бітеді,

Қына тасқа бітеді.

 

Үмітсіз жаннан без,

Қайырсыз малдан без.

 

Ұрыншақ атта

Жал тұрмас,

Көңілшек кісіде

Мал тұрмас.

 

Мал иесіне тартады,

Сөзжүйесіне тартады.

 

Мұз жалаған мал өспес,

Мал қажаған тал өспес.

 

Малды іріктемесең,

Тұқымы азады,

Қонысты таңдамасаң,

Өрісің тозады.

 

Есектің еті — арам,

Күші — адал

 

Есектің жүгі жеңіл болса,

Жатаған келеді.

 

Өзім есек болсам да,

Түйені жетектеймін.

 

Есекке үкітаққандай,

Иткежабу жапқандай.

 

Есексемірсе,

Иесінтебер.

 

Қарғасұңқарболмас,

Есек тұлпарболмас.

 

Есек мінген еңбегін мінер.

 

Есегіне қарай тұсауы.

 

Есекке ерген күлгеаунар.

 

Есек — қодығымен,

Шеңгел — собығымен.

 

Есек көпір үстінде қинайды.

 

Ер тұрманы алтын болса да,

Есектіңесекаты қалмайды.

 

Есек мінген елге жетер.

 

Есек құлағының

Ұзындығына мақтанар,

Есалаң жүзінің

Қызылдығына мақтанар.

 

Атты тағаласаң,

Есек аяғын көтереді.

 

Ергежейліге

Есектен биік көлік жоқ.

 

 

Есек өзін атқа балайды да,

Әттең деп құлағына қарайды.

 

Есекті есек десең,

Иесінің көңіліне келер.

 

Күшік еріксе,

Құйрығымен ойнайды.

Есек еріксе,

Қодығымен ойнайды.

 

Есекке үкітақпайды,

Ешкігежабу жаппайды.

 

Есегімніңкеріне қарама,

Әшекейліеріне қара!

 

Шайтан шайтанды іздейді,

Тай тайқарды іздейді.

 

Есекті жолаушы –

Есепті жолаушы –

Атты жолаушы –

Бапты жолаушы –

Түйелі жолаушы –

Киелі жолаушы –

Жаяу жолаушы –

Көңілі қаяу жолаушы.

 

Есекті жеге білмеген

Отыннан қалдырады.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 204 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 593 0





08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 1012 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 1155 0











31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 49649 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 47318 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 45013 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика