THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Шүберек – «адам көркi» ғана емес. Ол –
сонымен қатар, кiсiнiң эстетикалық талғамынан хабар берер, қала бердi, сол
кiсi өкiлi саналатын халықтың таным-түсiнiгiн ұқтырар бұйым.
Әрине, күнделiктi өмiрде кiм не кием
десе де, еркi. Оны айналамыздан сәт сайын көрiп те жүрмiз. Жараса ма, жараспай
ма, сәндi ме, жоқ па, ол – өз алдына бөлек әңгiме. Әр адамның жеке таңдауына
таласып немiз бар.
Ал өнер – ел қазынасы, халық игiлiгi,
ұлт мәдениетiнiң көрiнiсi. Ендеше, өнер туындыларындағы киiм сәнi, сахналық
костюм үйлесiмдiлiгi – талқылауға тұратын тақырып.
Мәселен, кино саласын алайық. Бұрынғы
киногерлерiмiз бұл мәселеге жiтi қарап, жете мән беретiн едi. «Қыз Жiбек»,
«Менiң атым Қожа», «Тақиялы перiште», «Гауһартас», «Транссiбiр экспресi»,
«Ақырғы аманат», «Долана» секiлдi тағы да басқа фильмдерде кейiпкерлердiң киiм
үлгiсi сол өз заманына сай, ондағы образдардың әлеуметтiк деңгейiне лайықты
болушы едi және негiзiнен әлгi уақыттың өлшемiмен алғанда, өзiндiк
жарасым-келiсiмi де үйлесiп тұратын. Егер соғыстан кейiнгi, ел аса ес жия
қоймаған қиын замандағы малшы әйелдiң қара баласы Қожа мен оқуды тастап, жылқы
бағып, «жалғанды жалпағынан басып жүрудi» армандайтын Сұлтанды «балтырын байпақ
қысқан бай ұлындай» үлде мен бүлдеге орап қойса, есекке ер салғандай ерсi
көрiнбес пе едi? Қайта олардың қоңылтақ киiнуiнiң, кейде тiптi жалаңаш кеуде,
жалаңаяқ жарыса жүгiруiнiң өзi сол заман балаларының ғана емес, жалпы елдiң
әлеуметтiк әл-ахуалынан хабар берiп тұрған жоқ па?
Немесе Сырлыбай байдың сылаңдаған сұлу
қызына асыл тастармен әдiптелген кәмшат бөрiк, көрген жанды жалт қаратар
бедерлi бес етек көйлек, ақбоз аттың сауырын сипаған шалғынды көк майсамен
үйлесе кетер мақпал қамзол емес, қасындағы нөкер қыздардың бiрiндей етiп
қарапайымдау киiм кигiзсе, не болар едi? Бай қызы қайсысы, жай қызы қайсысы,
ешкiм айыра алмас едi, картинаның көркемдiк-эстетикалық сипатына нұқсан келер
едi. Мұндайда фильмнiң көркем де мәндi, сапалы да сәндi шыққанын көре алмаған,
«мынау кино емес, этнография боп кетiптi ғой» деп күңкiлдеген күншiлдер қуанар
едi, басқа не? Әлi күнге дейiн ұлттық киноөнерiмiздiң үлгiсi ғана емес,
экрандық костюм жөнiнен де эталон болып келе жатқан «Қыз Жiбек» қайта сол
бұрынғы дәуiрдегi қазақтың мәдениетi бай, талғамы жоғары, еңсесi биiк ел
екендiгiн көрсетедi ғойө Мұндағы киiм атаулы өз уақытына ғана емес,
кейiпкерлердiң әлеуметтiк тұрмыстың қай сатысынан, қай ортасынан екенiн де
аңғарта алған.
Халқымыздың тарихына қатысты фильмдер
кейiнгi жылдары да түсiрiлiп жатыр. Олардың мазмұны, көркемдiк сапасы жөнiнен
қилы-қилы көзқарастар бiлдiрiлiп, жылы лебiз де, өткiр сын да айтылып-жазылып
жүр. Ал ол туындылардағы киiм мәселесiне келсек, көңiлiмiздiң түсiп-ақ кететiнi
рас. Мысал үшiн дақпырты басым болғанымен, даңқымызды шығарып қарық қылғаны
шамалы, өзi де көп дауға iлiгiп, көресiсiн көрген «Көшпендiлердi» алайық. Ең
қынжылтатыны – киiмдердiң түртүсi. Апыр-ай, қазақта қара, қоңыр, қарақоңыр,
сұр, қарасұр түстерден басқа түс болмаған ба мүлде? Фильмдегi қазақтардың бәрiөө
осындай сүреңсiз, сұрқай киiнiп, өздерiнiң де, туындының да реңiн бұзып-ақ тұр.
Кейбiрiнiң шекпеншапаны тiптi малқораның iшiнде әлденеше рет тайыпжығылып
тұрғандай қи түстес, көң сипаттас, шалдың шақшасындағы насыбайдай күңгiрт жасыл
бiрдеме…
Еркектер киген «шоқпыттардың» сықпыты
жаңағы болған соң, әйелдер жағына тiптi назар аудармай-ақ қойған жөн болар едi.
Жалпы, өнерде ғана емес, өмiрдiң өзiнде де ерлерге қарағанда, қызқырқын,
келiн-кепшiк, әйел-ана, әже-ене киiмдерiнiң ерекше сәндi болатыны белгiлi және
түсiнiктi жәйт. Өйткенi, әйел заты – табиғаттың ең тамаша жаратылысы. Егер «қыз
өссе – елдiң көркi» болса, сол «елдiң көркiнiң көркi – шүберек».
«Көшпендiлердiң» және кейiнгi жылдары түсiрiлген басқа да тарихи фильмдердiң
авторлары тым болмаса осы қыз-келiншектердiң өзiн жөндеп һәм сәндеп киiндiре
алмағаны қалай? Олардың киiмдерiнiң түсi де жаңағы сұрықсыздықтан асып кете
қоймаған: түсi оңыңқырағандай сезiлетiн ақшыл немесе сұрғылтым көйлек, киiз
үйдiң өңiне ұқсас қоңырқай қамзол, т.б.
Сонда қызғалдақтай қан қызыл, раушан
гүлiндей ашық қызыл, сарғалдақтай сары, жыңғылдың күлтеленген ұшындай күлгiн,
масаты майсадай жасыл, көркем көлдей көгiлдiр, мамық мақтадай аппақ, қырмызыдай
қызғылтым түстер қайда? Әлде бұл түстердi ғалымдар кейiнгi жылдарда ғана ойлап
тауып па? Мозаикадай сан құбыла құлпырған осы рең-бояуларды, нақыш-өрнектердi
құрығанда қыз-қырқындардың киiмдерiн әсем кейiптеу үшiн сәттi пайдалануға болар
едi ғой. Мұны ойлаған режиссер, суретшi болды ма екен?
Қазiр «фильм үшiн суретшiнiң аса қажетi
жоқ» дейтiн бiлгiш режиссерлер де шығып жатыр. Қажет болғанда қандайө Кинода үш
суретшi жұмыс iстеуге тиiс: суретшi-гример (актерлердiң бет-жүзiн кейiпкер
келбетiне, әр эпизод сипатына, натура бедерiне сай келтiру үшiн әрлеушi маман),
суретшi-костюмер (кейiпкерлердiң экрандық бейнесiне орай киiм таңдайтын, сол
арқылы образды толықтыра түсуге атсалысатын маман) және осы екеуiнiң үстiнен
қадағалап, фильмнiң бүкiл әсемдiкэстетикалық формасына жауап беретiн
қоюшы-суретшi. Құдайға шүкiр, өзiн де, асқақ өнердi де сыйлайтын режиссерлердiң
фильмдерi (мәселен, «Жаужүрек мың бала», «Бiржан сал») кино өнерiнде
қалыптасқан бұл қағиданы бұлжытпай орындауға тырысып жүр. Ал оның киноға
суретшi тартудың қаншалықты маңыздылығына мән бермейтiн әлгi әрiптестерiнiң
туындылары елдiң назарын да аудара алар емес.
Киiмге байланысты тағы бiр кемшiлiк –
кей киногерлер фильм оқиғасы өтiп жатқан мезгiл мен кейiпкер костюмiнiң
үйлесiмсiздiгiн де аңғара бермейдi. Бұл да негiзiнен тарихи тақырыптағы
картиналарда көп кездеседi. Осындай олқылықтар туралы бiр сұхбатында
жазушы-драматург, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков былай деп
едi:«Тарихи фильмдердi көрiп отырып, бұ қазақтарда жаздық киiм болмаған ба деп
деп ойлап қаласың. Менiң «Тiршiлiк» хикаятым бойынша түсiрiлген Ұлжан Қолдауованың
«Тауқымет» картинасын алыңыз. Жаз мезгiлi, анау жақта алтыбақан тебiлiп,
ақсүйек ойналып жатыр. Мына жақтағы кейiпкерлер болса басына құлақшын, үстiне
күпi, аяғына саптама етiк киiп жүредi. (лдi ғой сорлылар, биттеп-құрттапө
Ата-бабамыз сонша ақымақ болған ба? Қырғыздар «ҚарашҚарашты» түсiрдi, олардың
киiмдерi жап-жақсы. Бiздiң режиссерлер «көрермен киiмге мән бермейдi» деп ойлай
ма, бiлмеймiн. Сонда бiз қайда бара жатырмыз?».
Көрермен кинодағы әрбiр детальға мән
бередi. Мән бермей жүрген — режиссерлер. Әйтпесе кинодағы киiм мәселесi –
соншалықты қиын мәселе емес. Қазiргi түсiрiлiп жатқан фильмдердiң бюджетi
тәп-тәуiр. Демек, дұрыс көзқарас, жанашырлық болған жағдайда, қазақ киносы да
өз кейiпкерлерiн лайықты сипатта көрсете алар едi. Сонда бiз де экранға қарап
отырып, қарадай қысылмас едiк…
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ