КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Бабаларымыздың құрметіне ескерткіштердің ашылуы – біздің ұрпақтың оларға деген шынайы ризашылығы мен зор құрметінің көрінісі. Қазіргі кезде Астанада Жәнібек пен Керейге, Абылай мен Кенесарыға, Абайға, Жамбылға және Бауыржан Момышұлына ескерткіштер орнатылған. Халық қаһарманы, қазақтың біртуар перзенті Бауыржан Момышұлына деген ұрпақ сүйіспеншілігі шексіз. Астана қаласындағы батыр есімімен аталатын даңғылдың бойына орнатылған Бауыржан Момышұлының ескерткіші де сол сүйіспеншілік белгісі.

Қызыл граниттен жасалған биік тұғырға қондырылған баһадүрдің сұсты да сом тұлғасының биіктігі төрт метрден асады. Сәулетші Бақытжан Сыздықов пен мүсінші Темірхан Қолжігіттің шығармашылық еңбектерінің жемісі болып табылатын бұл туындыны елордаға Жамбыл облысы тарту еткен болатын.  Қоламен кескінделген алып ескерткіш 2008 жылдың маусым айының 6 жұлдызында қойылды. Айналасын саялы бақ, гүлзарлар көмкерген батыр ескерткіші бүгінгі Бауыржандар елін, жерін сүюдің ұлағатын ұғар өнеге орталығына айналған. Б.Момышұлының ескерткіші жанында жастардың Отанға деген патриоттық сезімін арттыруға бағытталған шаралар көптеп ұйымдастырылады. Осындай асқарлы да айбынды тұлғалар туралы біліп өсу өскелең ұрпақ болашағы үшін аса қажет.

Ол – ұлы тұлға, айбынды жауынгер, философ-интернационалист жазушы. Екінші шешуші дүние жүзілік соғыстың батырының ескерткішінен халық көптеген ұрпақтың айбынды батырларының бейнесін көреді.

Ескерткіштің түр-түрі бар десек, соның ішінде халық үшін қасық қаны мен ащы терін аямаған ата-бабаларымыз бен аға ұрпаққа орнатылған ескерткіштердің орны бір бөлек. Ондай ескерткіштердің халық жиі баратын орындарда орныққаны абзал. Олай болса, шетелдіктер жиі келетін, тіпті тұрақты жұмыс істейтін Астанамызда қазақ хандары мен батырларына, ақындары мен жазушыларына, қоғам қайраткерлеріне орнатылған ескерткіштердің қазақ тарихы мен шежіресін насихаттауда маңызы зор.

astana-akshamy.kz


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика