КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Отансүйгіштіксіз ұлтты сақтап қалу мүмкін емес. Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз келсе, ұлттық патриотизмді дамытуымыз керек. Жастар бойына ұлтты сүюді сіңірсе, жастардың бойына ұлтжандылықты дарытатын алдыңғы буын. Келер болашаққа үміт арта қараған ел ретінде, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштікті дарыту бірден-бір талап. Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында жастарға, олардың әлеуметтік жағдайына, білім алуына, саясатқа араласуына, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысуына баса назар аударып, жастар тақырыбына бірнеше рет тоқталды.
«Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді.
Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын құрдым. Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз – ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз бен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы»,-деген жолдарды Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы жолдауынан кезіктіресіз. Бұл тек биыл ғана көтерілген мәселе емес, жыл сайынғы дәстүрге айналған жолдауда жастар мәселесі тыс қалмайды. 
Ұлтжанды жас болып қалыптасу үшін не керек? Сөз жоқ, өз түп тарихын жете тану керек. Жеті атаның қадірін жете түсінген әлемдегі ең қаны таза халық екендігін санаға сіңдіруі керек.
Біз қалай мақтана аламыз? Тарихқа үңілсек, арғы тарихымыз біздің дәуірімізге дейінгі V-ІІІ ғасырлардағы сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан басталатын болса, «қазақ» деген атауға ие болып, қазақ мемлекетінің құрылғанына 550 жылдан асты. Римді жаулаған ғұн патшасы Еділ, Кирдің басын алған Томирис ханшайым, түркі дүниесінің төріндегі Бумын, Тоныкөк қағандар, Мысыр билеушісі Сұлтан Бейбарыс, Үнді жеріне иелік еткен Бабыр, Шыңғыс хан, Абылай, Кенесары, Дінмұхамед, Нұрсұлтан есімдері біз үшін тек зор мақтаныш қана емес, рухани әлеміміздің шамшырақтары екені даусыз. 
Түркі мәдениетінің жауһарлары өз дәуірінде ғана емес ХХІ- ғасырда да әлемдегі ең озық мәдениет екенін тарих дәлелдеп отыр. Египеттің пирамидаларынан Қожа Ахмет Яссауи мовзолейі, перғауындардың саркафагтарынан қазақ даласының алтын сауыттары кем емес екені әлде қашан дәлелденген. Көшпенділер өнері, шумерлік мәдениет әлемді мойындатқалы қашан.
Ғылыми зерттеулер бойынша қазақ тілінің түп атасы түркілердің сына жазуы славян-кирилл жазуынан 15 ғасыр, грузин және армян жазуынан 10 ғасыр бұрын пайда болған. 
Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-шы, ТМД бойынша 2-ші орынды иеленеді. 
Қазақ ұлты тарихта тағдыр талайын аз көрмеген халық. Жер шарының жартысын табанының астына салған дүбірлі дәуірімен бірге халқының үштен екісін жоғалтып, өз жерінде жалпы халықтың 24 пайызын ғана құраған, зиялысымен бірге ер азаматтарынан мүлде айырылып қалудың аз алдында қалған, соған қарамастан ұлттық намысын, салт-дәстүрін, діні мен тілін, ұлттық болмысын ғана емес, мемлекеттігі мен жерінің тұтастығын сақтап қалған қайсар да жауынгер, кемел де кемеңгер халық. Қазақ екенімізге мақтана алатын артықшылықтарымыз аз емес. Айта берсек, бізден мықты халық жоқ.
Айтылған дүниені енді өсіп келе жатқан жастардың санасына қалай сіңіруге болады? Әрине, күнделікті өмірмен байланыстырып. Мәселен, балабақша және мектеп жасындағы балаларға анимациялық фильмдер арқылы, жасөспірімдерге де көркем фильмдер арқылы бойына сіңіру ең оңтайлы әдіс болмақ. Сондай-ақ, нанотехнологияның жетілген түрлеріне де (телефон, компьютер) ұлттық болмысты айқындап тұратын ойындар мен басқатырғыштарды енгізу де өзекті мәселе. Өз дәстүр болмысын бұзбай жаңа технологиямен біте қайнастырып жіберген Жапон елінен үйренеріміз мол. Жауыздық пен қатігездікке баулитын америкалық анимациялық фильмдерге өз елдерінде тыйым салған жапондықтар тек ұлттық менталитетін дәріптейтін отандық мультфильмдерін көрсетуді бекітіп қойған.
Өткен ғасырлардағы тарихымызға еңсемізді тік көтеріп қарауға рухымыз жетеді. Қазіргі, яғни болашақ тарих болып қалатын ХХІ ғасырда да аты алтын әріптермен жазылып қалатын тұлғалар жетерлік. Білім, мәдениет, спорт, саясат және тағы да басқа салаларда жетістікке жетіп, Қазақты Боратпен шатастырғандарға кім екендігін таныстырып жүрген азаматтарға баймыз.
Елбасы да биылғы жолдауында ұлттық патриотизге байланысты тақырып қозғады.
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ – БІЗДІҢ КӨПҰЛТТЫ ЖӘНЕ КӨПКОНФЕССИЯЛЫ ҚОҒАМЫМЫЗ ТАБЫСЫНЫҢ НЕГІЗІ» деп аталатын 7-тарауда қазақ халқының ұлтжандыларына қойылар талап пен атқарар міндеттері айқын көрсетілген. Президенттің айтқан сөзіне назар аударсақ:
«Біздің бұл бағыттағы басты мақсатымыз қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты.
Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі.
Биыл Лондон Олимпиадасында біздің спортшыларымыз 205 ұлттық құрама арасынан 12-орын алды.
Біздің команда көпұлтты Қазақстанның, көптеген этностардың берік және ынтымақты шаңырағының біртұтас жасағы ретінде сайысқа түсті.
Олимпиададағы жеңіс салтанаты халқымызды одан әрі біріктіре түсті, патриотизмнің ұлы күшін танытты. Бұқаралық спорт және жоғары жетістіктерге жеткізетін спорт кешенді, жүйелі тәсілді талап етеді. Тек саламатты ұлт қана бәсекелестікке қабілетті болмақ. Үкіметке әлемдік озық тәжірибені есепке ала отырып, Бұқаралық спорт пен жоғары жетістікке жеткізетін спортты дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.
Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизм.
Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты міндеті де осы.
Азаматтар мемлекетке болашақ бар болса, даму үшін, жеке және кәсіби тұрғыдан өсу үшін мүмкіндіктер болса ғана сенім артады.
Мемлекет және халық мұны сезініп, бірлесіп жұмыс істеуге тиіс.
Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.
Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек.
Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз.
Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады.
2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек.
Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс».
Осындай жауапкершілікті алға тартқан Президент болашаққа, яғни жастарға көп жауапкершілік жүктейді. Шыбықтай өсіп келе жатқан әр жас өз бойына және балаларының бойына ұлтжандықты сіңіру арқылы кемел елдің іргетасын қаласады.
Ұлттық патриотизмнің идеясы қандай болмақ? Идеясы: Нұрсұлтан Әбішұлы жолдауында айтқандай, «ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныштарын ояту». Айтар болсақ, қазақ ұлтының ұлтжанды ұрпағы: ең алдымен қазақ болуы тиіс. Қазақ ұлты – Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы мәртебелі ұлт. Қалған ұлттар диаспора. Қазақ ұлты басқа ұлттардың дамуы мен тілін, дінін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сақтауға кедергі келтірмейді. Басқа ұлт өкілдерінің қазақ ұлтының тілі мен дінін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, ұлттық болмысын сыйлауын, құрметтеуін талап етеді. 
Қазақ тілі- мемлекеттік тіл, диаспоралар мен аз ұлттардың тілі, қазақ тілінен басқа ешқандай тіл мемлекеттік тіл болмайды. Барлық қазақстандықтар мемлекеттік тілді білуге және оның дамуына үлес қосуға міндетті. Қазақ ұлты басқа ұлттардың өз тілін сақтауы мен дамытуына қарсы болмайды. Қазақтың кез келген жасы бірнеше тілді еркін меңгергені құптарлық іс, бірақ өз ана тілін барлық бес саусақтай білетін тілдерінен жоғары қоюы керек. Сондай-ақ, әрбір қазақ ұлтының патриоты ұлттық құндылықтары, тілімен қатар ежелден ұстанған ата діні мен бабалары қорғап қалған алпауыт жерінің аяқ асты тапталмауын да есте ұстауы керек.
Түркі тектес халықтардың тым қызуқанды, өз ұлтына нұқсан келтірер қылық көрсе, басын қайырып отыратынын көріп жүрміз. Сол секілді, қазақтың өзіне деген құрметі қыздарына деген құрметтен бастау алады. Қызын құрметтеген текті халықтың ұрпағы ар-намысының босағада тапталып жатуына жол бермеуі керек.
Қазақ қызы - қазақтың анасы. Ана - болашақ ұрпақтың бастауы, қайнар көзі. Бұлақтың басы лай болса, одан таза ұлт шығуы мүмкін емес. 
Қазақ жігіттері де, қыздары да интернационалдық отбасының өрбуіне жол бермеуі керек. Өткен ғасырда көп ұлтты отбасылардың белең алуы «күлеміз ба, жылаймыз ба»-ның кейпіне түсіргені белгілі. Отасының тірегі - ананың тәрбиесі ерекше орын алатынын ескерсек, әрбір қазақ жігіті қазақ қызымен шаңырақ көтеруі де ұлтты сүюдің бір белгісі.
Психологиядағы адамның тұлға болып туылмай, тұлға болып қалыптасатыны секілді, патриот болып туылмайды, патриот болып қалыптасады. Тұлғаның қалыптасу жолында сыртқы ортаның, яғни ата-ананың, достарының, мұғалімнің ықпалы күшті. Дұрыс тәрбие ғана тұлға - патриот болып қалыптасуға итермелейді. Адамның ішкі факторлары қабілет, зейін, ойлау, дарындылық, естіліктің жүйеге түсуіне де сыртқы ортаның әсері мол. Нені көрсе, ішкі факторлар да соған бейімделетіні белгілі. Қазақ ұлтының сапалы жасы болып өсуіне білім керек, сондай-ақ «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп әл-Фараби айтқандай, тәрбиенің алар орны ерекше.

Балғын Әділбаева

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208254 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 194903 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 150464 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика