КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ананың қызына айтар ақылы мен сыры көп. Солардан үзінді:
Қызым, бір нәрсеге бола ренжісең оған бола күйеуіңмен бет жыртысып төбелеспе, сөйлегің келмесе оған сөйлемеуіңе болады, киімдерін жумай қоюыңа болады, әсте төбелесуіңе болмайды. Егер төбелесіп жатсаң да оны сырт елге айтпа, араларыңа сызат түседі.
Қызым, әйел адам семьяның ұйытқысы, не іс туылса да үйден қаша жөнелуші болма, себебі қайта үйге қайтып кіру қиын.
Қызым, семьяда өз алдыларыңа бедел таластырудың қажеті шамалы, адам тұрмысы үшін бедел шынында маңызды, бірақ ол сырттағы тұрмыс.
Қызым, еркектер қанша ақшалы болса да тап-таза үйде тап-таза болып сенің күтіп алуыңды үміт етеді.
Қызым, оның ата-анасы сенің де ата-анаң, мейлі олар саған қалай мәміле жасасын, сен сөзсіз оларға жақсы мәміледе болуың керек, себебі олар оның ата-анасы.
Қызым, қандай адамның етегінен ұстасаң да қиыншылық кезде кеюші болма, сен өзің таңдаған адамың, оған тіпті де кеюші болмағын.
Қызым, бұл өмірде сатып алуға тиісті заттар көп, бірақ тиісті ғанасын ал, ақшаны өте бей-берекет шашпа, өмірің сонда ғана мәнді болады.
Қызым, балаңды ұрма, сыртта, көшеде тіптен ұрма.
Қызым, балаңа «енді сені бала қылмаймын» деген сияқты сөздерді айтпа.
Баланы «енді үйге кірме» деп есіктен шығарып жіберуші болма, егер рас, балаң енді үйге кірмейтін оқиға болса қайтесің?!

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика