КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Қазақтай балажан жан жоқ шығар, сірә! «Балам-бауыр етім», деген сөзден-ақ ата-ананың баласына деген махаббатын анық байқауға болады.
Сәби дүниеге келгеннен бастап жасалатын «шілдехана», «бесікке салу», «сүндет той», «тоқымқағар», «тілашар» дейсіз бе, балаға қатысты салт-дәстүрлер де жеткілікті.
    Осы дәстүрлердің ішінде баланың есінде қалатыны -«Тілашар» тойы. Біз осы тойды қалай өткізіп жүрміз? «Тілашардың» басты қонағы кімдер? Енді осы мәселеге ойыссақ. Баласы білім ошағына «тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын» күн ата-ана үшін – зор қуаныш, баласы үшін – өмірдің алғашқы белесі.
    Әркім бұл күнді шама-шарқынша атап өтіп, есте қалдыруға тырысады. Қалтасы қалыңдар мейрамханада дүбірлетіп өткізсе, жағдайы келгендер ағайын-туыстың арасында атап өтеді. Бұл дүниеде баланы қызықтаудан өткен бақыт бар ма? «Берсең, балаға бер» дейді халық даналығы. Алайда бізде балаға арналған той оның есінде қалатындай сәнді, ғибрат аларлықтай мәнді өтіп жүр ме?
    Мен қатысқан «Тілашар» тойларында дастарханның үсті түрлі тағаммен бірге арақ-шарапқа қайысып тұрады. Құлақты тұндыратын даңғаза әуен. Ортада селкілдеп билеп жүрген кәрі-жас. Жұртты таптаурын сөзімен жалықтырып, қайта-қайта қол шапалақтауды сұраған асаба…
Мұндай тойлардан өмірге жаңа қадам басқан бала қандай тәлім-тәрбие алмақ?
    Негізінде, баланың тойына ересектерді емес, оның қатарластарын шақырған жөн секілді. Қызықты ойындар ұйымдастырып, балалар мәнерлеп өлең оқып, ән салса, жалпы сөйтіп, өзі өнер көрсетуіне мүмкіндік жасалса, кәнеки. Қонақ балаларға тойдан естелік деп шағын сыйлық жасап, олар арнайы әзірленген альбомға ақ тілектерін жазып қалдырса. Кейін бұл күн той иесі баланың есінде де мәңгі сақталары анық. Біз осылай балаға көңіл бөлу арқылы жас өскіннің өресін өсіруге, танымын кеңейтуге, қабілетін ашуға ықпал етер едік.
Өз балаңыздың тойын қалай өткізіп жүрсіз, оқырман?

Отарқа

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика