КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Алтай мен Атыраудың арасын мекендеген болмысы бөлек қазақ деген ел бар әлемде. Ақ жүректі, ақкөңіл жұртпыз деп жарты әлемге жар салсақ та, қазақты кемсітушілер аз емес. Сорақысы ­ біздің ел өзін өзгеден жоғары санауды жақтырмайды. «Сын түзелмей – мін түзелмес» дейміз де, өзіміз жайлы орынды-орынсыз пікір айтуға әуеспіз. Бұқаралық ақпарат құралдарының кез келгеніне назар салсаңыз, тіпті ғаламторды ашсаңыз да қаптаған Алаш жайындағы «жылауық» дүниелер. Қазақ - жалқау, қазақ - сауатсыз, қазақ - мақтаншақ, қазақ – еліктегіш, тағысын-тағылар. Қарап отырып, «шынымен де осындаймыз ба?» деп қаласыз. Қазақ сауатсыз халық емес. Сауатсыз болса, шетелдік ғалымдар сан жылдар бойы жауабын таба алмаған есепті Асқар Жұмаділдаев секілді Алаштың академигі шешпес еді.

Аспан әлемінің тылсым құпиясын түсініп, әр ғаламшарға көз жүгіртумен күннің райын дөп басып айтып, темірқазыққа қарап бағытын айқындайтын «көріпкел» халықты надан деуге аузыңыз қалай барады?

Қазақ жалқау жұрт емес. Еріншек, ез халық болсақ, ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңның тұяғы тозатын әлемдегі үздік тоғыздыққа енетін жер көлеміне иелік етпес едік. (Бұл әрине, ақкөңілдігіміздің арқасында көршілерімізге «сыйлыққа» берген аумақтан өзімізге қалғаны).

Қазақ мақтаншақ халық емес. Бұған дәлелді алысқа бармай-ақ, өңірімізден алып көрейік. Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет енген желаяқ жерлесіміз Марат Жыланбаевты күллі әлем біледі. Бірақ, жер шарының шөлейт жерлерін жаяу жүгіріп өткен «екібастұздық Шыңғысханның» кеуде керіп, мақтанғанын көрген емеспіз. Себебі, ол қазақ қой.

Қазақ еліктегіш ел емес. «Алты Алашқа жаһандану деген індет келді. Ұлттық менталитеттен алшақтап барамыз. «Сапа түгілі санымыз аз» дейтіндер бар. Бірақ, қазақ отбасындағы адам санын санамаған. «Өмірге бір қозы келсе, бір топ жусан артық өсетінін» айтып, Тәңірдің әр пендеге өзі бұйыртқан несібесі болатындығын меңзеген. Үйдегі бала саны санаулы болса, ұлы Абай: «Атадан алтау, анадан төртеу...» деп, марғасқа Махамбет: «Өтемістен он едік...» деп жырламас еді ғой

Күнделікті өмірді айтпағанда мәдени орындарда, тіпті сахнаға жартылай жалаңаш шығып, кино мен бейнебаянға қалай болса солай түсетін батыс елдерінің «Біз азғындап бара жатырмыз» деген сөзін естідіңіз бе? Жоқ. Ендеше, біз неге өзгені зор, өзімізді қор етіп көрсетуге бейім тұрамыз. Қазақ ешкімнен кем емес! Тек «Жамандықты айтпай, жақсылық жоқ» деген қағиданы ұстанған біз үнемі өзімізді төменшіктете береміз. Қазақтың басты кемшілігі – осы!


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



ТЕКСТ

Яндекс.Метрика