КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Оқушы білімінің олқы соғуына кінәлі кім? Мұғалім бе, әлде ата-анасы ма? Ең әуелі кінәні баладан да іздеген абзал. Мектеп бітіретін түлектің жыл бойы күндері тест жаттаумен өтеді. Әрі ол өзіне қажетті пәндерді ғана жаттайды. 
    Жаттаған тесті ҰБТ-да кездессе жарады, кездеспесе қайтеді? Баланың да, ата-ананың да қателікке ұрынатын тұсы осы. Тест жаттау емес, ең алдымен, мектеп бағдарламасын түгел қайталау емес пе? Рас, ҰБТ туралы дау көп. Оның көбі, тест сұрақтарында кездесетін олқылықтар туралы. Жас түлектің өзі ойлаған межеден көріне алмауына бұл да себепкер болатын шығар, дегенмен әрбір оқушы ең алдымен ұлттық тестке психологиялық тұрғыдан дайын болса дейміз. Бұл – бір.
    Екіншіден, мектеп бітіруші түлек өзі таңдаған мамандығына қажетті пәнді ғана оқығаны дұрыс па? Мәселен, баланың дәрігер болғысы келді делік. Оған қажетті пән физика ғана. Сонда жеткіншек физика пәнімен ғана шектелуі қажет пе? Қазақ тілі, Қазақстан тарихы міндетті пән десек те, үш пәннің ғана тестін жаттау арқылы бала өзіне қажетті білім нәрін бойға жия ала ма? Мәселе – осында. Психолог мамандар баланың ҰБТ басталғаннан бойына қорқыныш сезімдерінің болатынын, үрей билейтінін айтып жатады. Қорқыныш сезімі болған жағдайда, оқушының жыл бойы жаттаған дүниесінен де айырылып қалуы да ғажап емес. Одан бөлек, оқушы «шпаргалкаға» көбірек сеніп алады. Қорқыныш пен үрейден, әрі «шпаргалка» көмегінсіз қалған бала бойындағы барынан айырылып қалады. ҰБТ-ның соншалықты қауіпті дүние емес екенін, жылдар бойы бойға жинаған рухани азықтың арқасында, білімді баланың қажетті жоғары балды жинауға болатынын ата-анасы ескертпейтін секілді. Сол себепті де болар, кейбір балалардың ҰБТ қорытындысына наразы болып, тіпті кейде өз-өзіне қол жұмсап жататыны. Өткен жылы Оралда бір қыз өз-өзіне қол жұмсады. Семейде бір аруымыз суға кетіп қайтыс болды. Бұл екі бойжеткен де ҰБТ-дан төмен балл жинап, еріксіз осындай қадамға барыпты. Бұл орайда, ата-ананың балаларына жауапкершілігі өте жоғары болғаны жөн. Ата-анасы баласына абай болса, психологиялық тұрғыдан демеу болса, дұрыс болар еді. Құлаған сәтінде қолтығынан демеп, сүрінген сәтінде сүйей білсе, бала әлгіндей әрекетке бармас еді. 
    Кез келген өрімдей жастың ҰБТ қорытындысында жинаған балл көрсеткішінің өмірінің ең соңғы жеңілісі деп қабылдамағаны абзал. Мүмкін, бұл жеңіліс өмірдегі үлкен жеңістерге бастайтын даңғыл жол шығар. Рас, ҰБТ-да бақ пен бап қатар шабады. Бабы болса, кез келген түлектің бағы жанатынына да сенім мол. Бүгінде заманауи технология мен техникаға тағдыры тікелей байланысты түлектердің қай кезде де бағы жансын деп тілейік! Алда әлі де үш күн бар. Үш күнде талай қызықтар мен шыжықтар кездесетін де болар. Ең бастысы, түлектердің өмірге деген өз сенімінен айырылмауы. Мағжан сенген жастардың қай істе де сенімді ақтайтынына біз де сенейік!

"Айқын" газеті

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика