THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Басқа Еуропа
елдеріндегідей, Данияда да қазақ диаспорасы бар. Бес миллионға жуық халқы бар
солтүстік Еуропадағы елде қандастарымыздың саны көп емес. «Олардың біздегі
қазақтармен салыстырғанда тірліктері тым қауырт көрінді маған. Қандастарымыз
ірі корпорацияларда, IT-технология және мейрамхана ісімен айналысады» - дейді
Әлия Шәмшиева. Ақтөбеден арнайы барған ол Даниядағы тіршілікті көзбен көріп
қайтқан еді. Ендеше жолжазбаны назарларыңызға ұсынамыз.
Атажұрттан алыс
жатқан қазақтар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста. Ұлттық дәстүрді де берік
ұстанады. Ана тілге деген құрметі жоғары. Даттар өздері керемет үйлерде тұрады.
Мұндай үйлер тым қымбат болғанымен, даттардың оған жағдайы жетеді. Бірақ
олардың табысының 40 пайызы осынау үйлердің салығын төлеуге кетеді екен. Бір
дат орташа есеппен 400 шаршы метр болатын пәтерге иелік ете алады. Ал шағын жер
сотығының өзі 10 сотықтан асады. Мұның ішіне көпқабатты үйлер мен гүл бағы
кіреді. Барлық үйлерге арнайы күзет қызметі орнатылған. Дания біздің елден 60
есе кіші. Олар бір-бірімен ағылшын тілінде сөйлеседі екен. Дегенмен үлкендердің
айтуынша туған тілді жастар ұмытып барады дейді. Ол жақтағы тұрақтап қалған
қазақтардың тілінде неологизм жоқ. Бірақ түсінісіп кете аласың. Қытайдан,
Ауғанстаннан және Түркиядан барған қазақтар үйлерін оюлап, ұлттық үлгіде
ұстамайды. Тек жиһаз көп артық дүниені көзің шалмайды.
Даттардың сүйіп
жейтін тағамы – стейк. Даниядағы қазақтарда етті көп жейді. Бірақ олар етті
қатты қайнатады немесе қатты қуырып жібереді дейді Әлия. Әрине біздің ет
тағамымызды Дания қазақтары да сүйіп жейді. Тіпті даттарға да ұнайды. Егер
жергілікті қазақтар даттарды қонаққа шақырса, олардың алдымен сұрайтыны
қазақтың ет тағамы екен.
Даттар қонаққа
қалай барады немесе қалай шақырады?
ПІКІР АЛМАСУ
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
23/04/2015 11:03
Р. Әбдіраш: Тілмаштың рөлін сомдаса, өз тіліне тән акцентпен еріксіз көрермен назарын аудартады
|
ТЕКСТ