THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
ЕМЛЕНІ БҰРЫНҒЫСЫНАН ТӨМЕН БОЛҒАНДАЙ ЕТІП ӨЗГЕРТУДЕ МАҒЫНА ДА, МАҚСАТ ТА ЖОҚ
Авторы: МТДИ ақпарат
12/02/2024 14:51 0 320 1
Орфографиялық сөздікті құрастыруда тіліміздегі
ұстанымдар басшылыққа алынып, бірізділік, жүйелілік қатаң сақталуы керек.
Тілдің өзіндік заңдылығы, жүйесіне мән берілуі керек. Сөздіктің кіріспе сөзінде
редактор Н.Уәли сөздікте «бір буыны жуан, келесі буыны жіңішке, я болмаса,
керісінше, бірінші буыны жіңішке, келесі буыны жуан бейүндес сөздердің жазылу
үлгісі (қауіп, неғұрлым, сәнқой, өнерпаз, құдірет, құзырет, қошемет, біраз,
рақмет, ақырет, кесапат, қағылез, т.б.); қысаң дауыстылардың кандай
сөздерде танбаланып, қандай сөздерде таңбаланбайтыны (а) абырой, ақырын,
жағылан, жапырақ, запыран, қапырық, тақырып; ә) арлан, емле, мемлекет,
наурыз, сәурік, тағдыр, қайны, т.б.) көрсетілгенін» айтады. Алайда сөздік
құрастырушылар қазақ тіліндегі ең басты ерекшелікті – дыбыстардың тіркесіміне,
сингармонизмге мән бермеген. Сол себепті бейүндес сөздерді жазуда олқылықтар
орын алған. Мәселен, дыбыстардың тіркесім заңы бойынша, қ, ғ мен і, ә, ө, е, ү
дыбыстары немесе к, г мен ы, а, о, ұ қатар келе алмайды.
Шеттен енген сөздерді қазақ тіліне бейімдеуде
дыбыстардың тіркесіміне ерекше мән беру қажет. Алайда орфографиялық сөздікте қағілез;
қағілездену, қағілезденбеу, қағілезденген; қағілездеу; қағілездік, қағілездігі; құдірет; құдіретті; құзырет; құзыретті; құзыреттілік, құзыреттілігі; тілдік құзыреттілік; қатігез; қатігездену, қатігезденбеу,
қатігезденген; қатігездік; ғапілет;
жадыгөй;
жадыгөйлену, жадыгөйленбеу, жадыгөйленген; жадыгөйлік, жадыгөйлігі;
жадыгөйсу, жадыгөйсі, жадыгөйсиді; т.с.с. сөздерде сингармонизм,
дыбыс үндестігі, дыбыстар тіркесімі ескерілмей, жуан буыннан кейін жіңішке
буын, ғ, қ дыбыстарының жіңішке
дыбыстармен қатар келуі орын алған. Мұндай бейүндес сөздерде ең болмағанда үндесімді
бұзып тұрған буынға (қосымшаға) дейінгі аралықта сингармонизмді бұзбау керек,
ол буынға жетпестен алдын ала бұзудың қажеті жоқ. Дыбыстардың тіркесіміне мән
бермеудің салдарынан буындары да, дыбыс саны да бірдей құдірет; құзырет
сөздерінің таңбалануы екі
түрлі болып шыққан. Бұл сөздер әу баста бір түбірден шыққан. Алайда қазір қазақ
тілінде екеуі екі түрлі мәнде қолданылып жүр. Екі сөздің айырмашылығы д, з
дыбыстарына байланысты. Қалған дыбыстары бірдей. Сол себепті екеуі де бір
заңдылыққа негізделуі керек. Екі сөздің бастапқы буындары жуан болғандықтан (құ), одан кейінгі буын да жуан (зы, ды) болуға тиіс. Соңғы буын (рет)
ғана жіңішке болады. Сол сияқты қағілез,
қатігез, ақырет сөздерінің алғашқы буыны (қа, а) жуан болғандықтан, одан кейінгі буын да жуан болуға тиіс (ғы, қы, қа). Үшінші буын ғана үндесімге
бағынбай тұрады. Сонда бұл сөздердің дұрысы құдырет;
құзырет;
қағылез; қатыгез; ақырет түрінде жазылуы керек. Сол сияқты алдыңгүні нұсқасы да, алдыңғы күні тіркесі де берілген. Алдыңгүні нұсқасы сөйлеу тіліне тән
болса, алдыңғы күні тіркесі әдеби
тілге тән. Сөздікте балқашит (хим.),
балқашитке, балқашиті; балхашит (хим.), балхашитке, балхашиті, бостекі сөз; бөстекі, бөстекі сөз, ахлақсыздық, ақылақсыздығы; қатыгез;
қатыгездену, қатыгезденбеу, қатыгезденген; қатыгездеу; қатыгездік, қатыгездігі;
қатігез; қатігездену, қатігезденбеу, қатігезденген; қатігездік; мұнсыз; мұнысыз
түрінде бірнеше нұсқада жазылған сөздердің тіліміздің жүйесіне сәйкес
келетін бір ғана дұрыс нұсқасы берілуі керек.
Шеттен енген бейүндес сөздерді
барынша қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігіне сәйкестендіру қажет. Алаш зиялылары
шеттен енген сөздерді қазақ тіліне бейімдегенде жаттығы сезілмейтіндей деңгейге
жеткізу керектігін айтқан болатын. Алайда сөздік құрастырушылар қазақ тілінің негізгі
заңы – дыбыс үндестігіне мән бермеген. Сол себепті қазақ тілінің заңдылықтарына
бейімдеуге оп-оңай көніп тұрған сөздер бірнеше нұсқада берілген. Мысалы, жәдігөй;
жәдігөйлену, жәдігөйленбеу, жәдігөйленген; жәдігөйлік, жәдігөйлігі түрінде қазақ тілінің заңдылықтарына
бейімдеуге келетін сөзді бейүндес нұсқада да берудің қаншалық қажеті болды?
Қазақ тіліндегі үндесім заңына қайшы келетін жадыгөй; жадыгөйлену, жадыгөйленбеу,
жадыгөйленген; жадыгөйлік,
жадыгөйлігі; жадыгөйсу, жадыгөйсі,
жадыгөйсиді нұсқасын сөзінің икемделген жіңішке дыбыстардан құралған
нұсқасын қалдырып, бейүндес түрін қолданыстан шығару керек. Сол сияқты
дыбыстардың тіркесім заңына сәйкес қазақ тілінің заңдылығына толық ыңғайлана
алатын әрі көпшілік қолданып жүрген әртіс
сөзі тұрғанда оның түпнұсқаға жақын, тіліміздің заңдылығын бұзып тұрған (сөздің
соңында екі қатаң дауыссыздың қатар келуі) артист, артиске, артисі нұсқасын
сөзтізбеде арнайы берудің қажеті қанша?
«Қазақ тілінің анықтағышында» рахмет (айту) түрінде таңбаланған
сөз 2013 жылғы сөздікте рақмет,
рақмет айту нұсқасында
таңбаланған. Бүгінде көпшілік бұл сөзді үш түрлі (рахмет, рақмет, рақымет) жазып жүр. Бұл әркелкілік рақмет сөзінің сөздіктегі берілуінен туындап
отыр. Қазақ тілінде дыбыстардың қатар келіп, тіркесуінде өзіндік заңдылық бар.
Қазақ тілінде сөз соңында үнді мен қатаң дыбыстардың тіркесі ғана (қарт, ант, салт, сарт, шарт, қаңқ, саңқ, кент, серт және т.с.с.)
келеді. Мұндай дыбыстық тіркестерді Қ.Кемеңгерұлы «дауыссыз дифтонг» деп атаған
еді. Басқа
дыбыс тіркесі (қатаң мен қатаң, үнді мен үнді, қатаң мен үнді, ұяң мен ұяң
т.с.с.) қазақ тіліне жат. Сондықтан қ
мен м дыбыстары қатар келе алмайды.
А.Байтұрсынұлы өзінің атын ешқашан Ақмет
деп жазған емес, қазақша Ақымет деп
жазған немесе орысша Ахмет деп
жазған. Соған сәйкес орфографиялық сөздік құрастырушылар қазақ тіліндегі
дыбыстардың тіркесім заңдылығын ескерулері керек.
1988 жылғы сөздік пен 2013 жылғы
сөздіктің ерекше айырмасы ә әрпінің
емлесіне қатысты. Екі кітаптағы берілуін салыстырып көрейік:
«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі», 1988
ж. |
«Орфографиялық сөздік», 2013 ж.
|
күмән, күмәнға,
күмәны
күмәндану, күмәнданбау, күмәнданған
күмәнды
күмәндылық,
күмәндылығы күмәнсыз күмәншыл күмәншылдық, күмәншылдығы
|
күмән, күмәнға,
күмәні, күмәніна, күмәнінан,
күмәндар күмәні
жоқ күмәнданғыш күмәндану, күмәнданбау, күмәнданған күмәнді, күмәнді
борыштар (экон.) күмәнді
несие (экон.) күмәнді
талаптар (экон.) күмән-күдік күмәнділік, күмәнділігі күмәнсіз күмәншіл күмәншілдік, күмәншілдігі |
кінә, кінәға,
кінәсы кінә
жоқ кінә
қою кінәдай
кінәлану, кінәланбау,
кінәланған кінәласу, кінәласса кінәлату кінәлау кінәлаушы кінәлы кінәмшыл кінәмшылдық, кінәмшылдығы
кінәсыз кінәсыздық, кінәсыздығы
кінәшіл кінәшылдық |
кінә, кінәға,
кінәсі, кінәсіна, кінәсінан,
кінәлары
кінәдай кінәлағыш кінәлану, кінәланбау,
кінәланған кінәласу, кінәласса кінәлату кінәлау кінәлаушы кінәлі кінәмшіл кінәмшілдік, кінәмшілдігі кінәсіз кінәсіздік, кінәсіздігі кінәшіл |
кінәз, кінәз
адам кінәзсу,
кінәзсі, кінәзсиді |
кінәз, кінәз
адам кінәзсу,
кінәзсі, кінәзсиді |
кінәрат
кінәратсыз кінәраттану, кінәраттанбау, кінәраттанған кінәраттау кінәратты кінәратшыл |
кінәрат кінәрат-қылмыс кінәратсыз
кінәрат-талап (экон.) кінәраттау кінәратты кінәратшыл |
шүбә
шүбәландыру шүбәлану, шүбәланбау,
шүбәланған шүбәлы шүбәлылық, шүбәлылығы
шүбәсыз шүбәсыздық,
шүбәсыздығы |
шүбә, шүбәға,
шүбәлар, шүбәсі, шүбәсіна,
шүбәсінан шүбәландыру шүбәлану, шүбәланбау,
шүбәланған
шүбәлі шүбәлілік, шүбәлілігі шүбәсіз шүбәсіздік,
шүбәсіздігі |
дімкәс
дімкәстану, дімкәстанбау, дімкәстанған дімкәстік, дімкәстігі |
дімкас дімкастай дімкастану, дімкастанбау,
дімкастанған дімкастау дімкастық,
дімкастығы |
іңкәр, іңкәры
іңкәр
болу іңкәрлану, іңкәрланбау, іңкәрланған іңкәрлық, іңкәрлығы
|
іңкәр, іңкәрға,
іңкәрі, іңкәріна, іңкәрінан іңкәр
болу іңкәрлану, іңкәрланбау, іңкәрланған іңкәрлік,
іңкәрлігі |
Байқап отырғанымыздай, сөздің
соңғы буынында ә әрпі болған
жағдайда одан кейін қосымшалар екі түрлі жалғанған: 1988 жылғы сөздікте
қосымшалар әрдайым жуан жалғанса, 2013 жылғы сөздікте ашық дауыстылармен
жалғанған қосымшалар жуан түрде, қысаң дауыстылармен келген қосымшалар жіңішке
жалғанған. 1988 жылғы сөздіктегі ұстаным Рәбиға Сыздықтың «Қазақ тілінің
анықтағышы» атты кітабында да сақталған. 2018 жылы «Қазақ әдебиеті» газетіне
жариялаған «Латын жазуы бойынша емле
ережелерін түзуде ескерілетін тұстар жайында» деген мақаласында да осы ұстанымын өзгертпеген. Ол мақаласында ғалым: «Ә әрпінің түбір сөздің екінші буынында
жазылатын сәттері де бар. Бұлар – жалпы ережеден ауытқитын, сондықтан ескертуде
көрсетілетін сөздер. Мысалы, ә әрпі сірә, куә, куәлік, күнә, күмән, іңкәр сияқты санаулы сөздердің екінші буынында
жазылады. Ә әрпіне аяқталған немесе сонғы буынында ә әрпі жазылған сөздерге қосымшалар жуан
жалғанады: кінә+лау (кінәлеу емес), күнә+сыз (күнәсіз емес), күнә+ға (күнәге емес), күмән+дану (күмәндену емес), Күлән+ға (Күләнге емес)», – деп жазды. Себебі қазақ тілінің
заңдылығы бойынша, «қосымшалар сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай буын үндестігі бойынша
я жуан, я жіңішке жалғанады да
естілуінше жазылады: ең-бек + ші + лер +
іміз + дің, жұ-мыс + шы + лар + ымыз + дың, кі-тап + тың, мұға- лім + нің, га-зет
+ ке, ки-но + ға, ко-нус + ты».
2013 жылғы сөздіктің соңындағы ережеде де «§34. Қосымшалар сөздің соңғы буынындағы
дауысты дыбыстың әуеніне қарай буын үндестігі бойынша я жуан, я жіңішке болып
жазылады. Мысалы: жұмыс-шы-лар-дың, инсти-тут-тар, пле-нум-да,
бюлле-тенъ-дер, мұға-лім-ге, по-ляк-тар», – делінгенмен, бұл ұстаным сақтала бермеген. Соған байланысты сөздің
соңы жіңішке (і) болғанмен, одан
кейінгі қосымша жуан дауыстылармен келген: күмәніна, күмәнінан, кінәсіна, кінәсінан, шүбәсіна, шүбәсінан,
іңкәріна, іңкәрінан, т.с.с. 1988 жылғы сөздікте, «Қазақ тілінің анықтағышында» дімкәс; дімкәстану, дімкәстанбау, дімкәстанған; дімкәстік, дімкәстігі түрінде берілген
сөздер 2013 жылғы сөздікте дімкас; дімкастай; дімкастану, дімкастанбау, дімкастанған; дімкастау; дімкастық, дімкастығы
түрінде таңбаланған. Яғни
барлың жерде ә әрпінің орнына а әрпі жазылған. Академик дімкәс
сөзін сингармонизмге
бағындырып, дімкәстік, дімкәстігі түрінде
қосымша жалғаған. Бұлайша жалғау қазақ тіліндегі ережелерге де қайшы келмейді. «Қазақ тілінің
анықтағышында» мәмпәси түрінде жазылған сөз 2013 жылғы сөздікте мәнпаси түрінде берілген. Бұл орайда қазақ тілінде
бұл сөздердің айтылу ерекшеліктерін ескеріп, академик Р.Сыздықтың
анықтағышындағы жіңішке нұсқасын қалдырған дұрыс. Сол сияқты 2013 жылғы
сөздікте берілген шайы, шайы
көйлек; шайы орамал
тіркестеріндегі шайы сөзін қазақы
айтылымға сәйкес шәйі көйлек; шәйі орамал
түрінде жіңішке нұсқада берген жөн.
Соңғы
дыбысы [й] дауыссызына біткен сөздердің қосымшалармен түрленгендегі жазылуында
да осындай әркелкіліктер бар: ию, и, иеді, иді, иіп, иген, иейін, июі; ию, иі, ииді, ииін, иіді, иіген, иіп,
июі; айрию (көне), айри, айрияды, айриюы; қайқаю, қайқай, қайқаюы,
қайқаяды; қию, қи, қияды,
қияйын, қиюы, қию командасы (инф.); қаймию, қайми, қаймиюы, қаймияды; өңею, өңей, өңеюі, өңейеді; сүю, сүй, сүйеді, сүйейін, сүюі; көбею, көбей, көбейеді, көбейейін,
көбеюі; т.с.с. Бұл жерде тұйық етістік формасының не себепті екі рет
берілетіні түсініксіз: адыраю, адырай, адыраяды, адыраюы; ақаю, ақай, ақаяды, ақаюы; ақсию, ақси, ақсияды, ақсиюы; тікею, тікей, тікейеді, тікеюі; тікию, тіки, тікиеді, тікиюі; бедірею, бедірей, бедірейеді,
бедіреюі; буып-түю, буып-түй,
буып-түйеді, буып-түюі; бүгжию, бүгжи,
бүгжиеді, бүгжиюі; бүксию, бүкси,
бүксиеді, бүксиюі; ақшию, ақши,
ақшияды, ақшиюы; алаю, алай,
алаяды, алаюы; алшаю, алшай,
алшаяды, алшаюы; бақыраю, бақырай,
бақыраяды, бақыраюы; қайқаю, қайқай,
қайқаюы, қайқаяды; кию, ки,
киеді, киейін, киюі; көкшию,
көкши, көкшиеді, көкшиюі; күю, күй,
күйеді, күюі; т.т. Басқа
етістіктердің тұйық етістік тұлғаларының берілуінде де бірізділік жоқ: келу,
келе жатыр; айту, айт; жүру, жүру уақыты; қону, қонбау, қонған; сағыну, сағынбау, сағынған; ағалау, ағалап шығу; алдамалау,
алдамалап сұрау; қыстау, қыста,
қыстайды; қыстау шығу (не үшін қыстау
шығу болатыны түсініксіз); ақсыну (экспр.), ақсын, ақсынады, ақсынуы; көру, көре алмау; т.с.с.
Соңғы
дыбысы [й] дауыссызына біткен етістіктерге көсемшенің жуан түрінің жалғануы
бастауыш мектепте оқытылады. Кейін дағдыланып алған балалар үшін ол көп қиындық
тудыра қоймайды. Алайда орфографиялық сөздікті құрастырушылар үшін бұл позиция
ауыр тиген сыңайлы. Себебі сөздікте я әрпінің
орнына біресе й, біресе и әріптерін жазған: ақыраю, ақырай, ақырайады, ақыраюы; аржию (сөйл.), аржи, аржиады, аржиюы; қалбию, қалби, қалбиады, қалбиюы; т.т. Бастауыш мектептің деңгейіндегі ұсақ-түйекті
түсіне алмай отырған құрастырушылардың бүкіл елімізді сауатты жазуға баулитын
осындай еңбекке жүректері дауалап, кіріскендеріне қайран қалмасқа лаж жоқ.
Сөздік құрастырушылар кейі
етістігінің соңындағы -і сөзжасамдық
қосымшасын көзге ілместен, соңғы дыбысы [й]
дауыссызына біткен етістіктердің қатарында «станоктарына» салып жіберген.
Нәтижесінде кейіуі болып жазылуға тиіс сөз кеюі болып шыға
келеді: кею, кейі, кейиді, кейиін, кеюі (дұрысында кейіу, кейі, кейійді, кейійн, кеійуі
болуы тиіс қой!). Сол сияқты Басыңды ій деген сөйлемдегі ій сөзін де, Сиыр ійіді
дегендегі ійі сөзін де жалғыз и әрпінен бастап: ию, и, иеді, иді, иіп, иген, иейін, июі; ию, иі, ииді, ииін, иіді,
иіген, иіп, июі түрінде жазған.
Басыңды ій деген сөйлемдегі ій сөзі мен Сиыр ійіді
дегендегі ійі сөзінің тұйық етістік
тұлғасы бірдей боп шыққан: ию, и, иеді, иді, иіп, иген, иейін, июі; ию, иі,
ииді, ииін, иіді, иіген, иіп, июі түрінде жазған. Сөз басында дауысты и дыбысының екі рет қайталануы (ииді, ииін) қазақ тіліндегі жүйеге
қайшы.
Екі түрлі екі сөздің тұйық етістік
тұлғасындағы жазылуын бірдей етіп қойған. Дұрысында
Ій: ійіу, ій, ійеді, ійді, ійіп, ійген, ійейін,
ійіуі;
Ійі: ійіу, ійі, ійійді, ійіді, ійіген, ійіп, ійіуі
түрінде екі түрлі жазылуы керек.
Құрастырушылардың жазуы бойынша, бұл жерде сөз басында дауысты и екі рет қайталанып тұр (ииді, ииін). Бұл қазақ тіліндегі жүйеге
қайшы.
Сөздік
құрастырушылар қазақ тілінің заңдылықтарын белшеден басып, бір сөздің бойында
үш дауысты и әрпін қатар қолданатын
тұстары да бар: гагарииит (хим.). Қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі бойынша, үш дауысты
қатар келе алмайды. Сөздік құрастырушылар қазақ тілінің табиғатына, дыбыстық
заңдылықтарына икемдеместен, бірнеше дауыссыз қатар келетін, тар шеңбердегі,
көпшілік қолданбайтын терминдерді енгізе берген: габбро (геол.); габбро-амфиболит, габбро-амфиболитке, габбро-амфиболиті; габбро-диабаз (геол.); габброидтену, габброидтенбеу,
габброидтенген; габбролық, габбролық құрылым; габбро-пегматит (геол.); габбро-порфирит (геол.);
т.т.
Сөздікте екі дауысты қатар келген
біріккен сөздер көп кездеседі:
а/а: алмаағаш, алмаағаш
бағы; араағайындық, араағайындығы;
бақаауыз, бақаауыз ағаш; батааяқ (этн.), батааяғы; босағааттар (кәде); дараауыз, дараауыз мылтық; алааяқ: алааяқ мәлін (зоол.);
алаауыз, алауыз болу; алаауыздық (терм.), алаауыздығы; алааяқ, алааяқ адам; алааяқтық, алааяқтығы; қараағаш (өс.); қараағашты; қараажырық (өс.); қараақсақ (вет.); қараала (этн. зерг.); қараала (этн. тамақ); қараалқа (өс.); қараалма (өс.); қараандыз (өс.); қарааяқ: қарааяқ ішік (этн.);
қарғаадым, қарғаадым жер; құрмаағаш; малаағаш (егіншілік); мамаағаш; ноқтаағасы (көне, басшы);
ортаазиялық; қабырғааралық; қалааралық; молекулааралық; республикааралық; салааралық; тұлғааралық, т.т.
а/е: траектория (әск.); траекториялы; траекториялық;
а/о: қараот (өс.);
а/ө: алаөкпе (мал ауруы); алаөкпе,
алаөкпе болу;
алаөрмекші (зоол.); ауаөткел (тех.); қараөзек, қараөзек шақ; қараөкпе (мал ауруы); қараөлең (өс.); қараөрік, қараөрігі; қараөзек, температураөткізгіш; шалаөнім, шалаөнімдер; шалаөткізгіштер;
а/ұ: алмаұрық (кәс., қауын), алмаұрығы; күнжараұнтағыш (мәшине); тоспаұлу (зоол.);
а/ү: ауаүрлегіш: ауаүрлегіш
мәшине; қараүй (этн.); қимаүлгі
а/ы: қараырғай (өс.);
а/і: ауруханаішілік; минаіздегіш;
е/а: әсіреаянпаздық, әсіреаянпаздығы; әуеайлақ, әуеайлағы
әуеалаң; әуеапат; әулиеағаш; бәйгеалаң; бейнеадаптор (инф.); бейнеақпарат (инф.); бөлімшеаралық; жекеауыз (көне, мылтық); жидеағаш,
жидеағаштар; жөкеағаш (бот.); жіңішкеауру (мед.);
кеудеалқа (әск.); көреалмаушылық, көреалмаушылығы; мекемеаралық; телеайтыс; телеақпарат; телеапталық; телеарна; үстемеақы (экон.);
е/ә: телеәңгіме;
е/о: әсіреорталықтандырылу; түйеошаған (өс.),түйеошағанға;
е/ө: бейнеөнім; телеөнім,
телеөнімі;
е/ұ: әсіреұлтсыз; әсіреұлтшыл; әсіреұлтшылдық,
әсіреұлтшылдығы;
беткеұстар, беткеұстар
азамат; кофеұсатқыш, электрлі кофеұсатқыш;
е/о: бейнеүлдір (тех., жаңа);
е/і: әуеіздестіру (әск.); мекемеішілік;
о/а: автоағаштасығыш;
автоалаң; автоара; автоаспа; автоаударғыш; автоаялдама; аэроалаң; биоайналым (экол.); биоакустика (биол.);
о/ә: биоәдіс
(биол.); биоәлеуметтік;
о/о: автоотын, автоотынға;
биогеоорта; биоорта (биол.); биоотын, биоотынға;
зообақ, зообағы; зоодүкен, зоодүкенге; макроорта; микрооперация; фотооқиға;
фотоөнер; фотоөткізгіштік, фотоөткізгіштігі; экоорталық; экоөнім, экоөнімге; этноорталық, этноорталығы;
о/ө: акроөлең (әдеб.); автоөтініш, автоөтініші;
агроөнеркәсіп, агроөнеркәсібі; агроөнеркәсіптік,
агроөнеркәсіптік; геоөсімдіктану;
геоөсімдіктанушы; биоөзгеріс (биол.); биоөлшеу; автоөтініш, автоөтініші; экоөнім, экоөнімге; радиоөнер; фотоөнер; фотоөткізгіштік, фотоөткізгіштігі;
о/ұ: автоұшқыш; гидроұрғыш;
гидроұшақ, гидроұшағы;
моноұлттық;
о/ү: гидроүйінді; киноүзінді; киноүлдір; фотоүлдір; фотоүлдірек, фотоүлдірегі; фотоүлкейткіш;
о/ы: биоырғақ (мед.),биоырғағы; биоырғақтану (мед.), биоырғақтану
саласы;
о/і: автоілме (көлік);
ы/а: дауыстыаралық
(лингв.); жалпыадамзаттық; қандыауыз (озбыр); салпыауыз; салпыауыздық; сарыағаш (өс.); сарыала, сарыала қаз; сарыандыз (өс.); сарыатан (үлкен атан түйе), сарыатанға; сарыауыз, сарыауыз балапан;
сатыағаш; ұйқыашар(этн.), ұйқыашарға; шыбыртқыаяқты, шыбыртқыаяқты жәндіктер; шыбыртқыаяқтылар (зоол.); шыныаяқ, шыныаяғы;
ы/е: бақсыеке (атауыш); салпыерін; салпыетек,
салпыетек әйел;
салпыетектік, салпыетектігі; салпыетектену, салпыетектенбеу, салпыетектенген;
ы/о: алқыорақ (жерг.), алқыорағы; ащыот (бот.); бақсыойнақ, бақсыойнағы; қозыошаған (өс.), қозыошағанға;
ы/ұ: жалпыұлттық;
ы/ү: сарыүйек
(жылан), сарыүйегі; і/а: бөріауыз (кәс.),бөріауызы;
і/а: бөріаяқ
(өс.),бөріаяғы; екіағайынды(ақпан); екіарада, сол екіарада; екіаяқты, екіаяқты арба; үкіаяқ (этн.), үкіаяғы;
і/е: ешкіемер
(зоол.); үндіеуропа, үндіеуропа тілдері;
і/о: бөріойнақ,
бөріойнағы; екіортада, екіортада келіп қалу; екіойлы, екіойлы болу;
і/ө: ешкіөлмес
(өс.); шикіөкпе, шикіөкпе жүгермек (сөйл.);
і/ұ: екіұдай; екіұшты; екіұштылану,
екіұштыланбау, екіұштыланған; екіұштылау; екіұштылық, екіұштылығы; т.т.
Бұл
жерде шеттен енбеген, қазақ сөздерін ғана келтіріп отырмыз. Шеттен енген
сөздердің бәрі де орыс тіліндегі нұсқада жазылған. Алайда қазақ тіліндегі
сөздердің өзінде екі түрлі берілгенін көреміз:
|
түсірілген: |
түсірілмеген: |
а/а: |
қарала, қарала
үйрек қарғауыз (құрал), қарғауызға
алтыбақан, алтыбақан
алауыз
|
алмаағаш, алмаағаш
бағы дараауыз, дараауыз
мылтық араағайындық, араағайындығы; бақаауыз, бақаауыз
ағаш; батааяқ (этн.), батааяғы; босағааттар (кәде); т.т. |
ы/а: |
алтатар (мылтық) алтаяқ (әдеб.), алтаяғы алтаяқ (киіз үйдің түрі), алтаяғы алтаяқты (әдеб.) саптаяқ, саптаяғы саптаяқтай қандағаш
(өс.) жақсат (абырой), жақсат бермеу; жақсатты, жақсатты болу
|
дауыстыаралық (лингв.); жалпыадамзаттық; қандыауыз (озбыр); салпыауыз; салпыауыздық; сарыағаш (өс.); сарыала, сарыала қаз;
сарыандыз (өс.); сарыатан (үлкен атан
түйе), сарыатанға; сарыауыз, сарыауыз балапан; қандыауыз (озбыр); сатыағаш; ұйқыашар(этн.), ұйқыашарға; шыбыртқыаяқты, шыбыртқыаяқты жәндіктер; шыбыртқыаяқтылар (зоол.); шыныаяқ, шыныаяғы; т.т. |
е/е: |
дәметтіру дәмету |
|
Кестеге қарап
отырып, құрастырушылардың екі дауыстының бірін түсіріп тастаудағы ұстанымын
анықтау өте қиын. Ережеде: «§22.
Күрделі сан есімдердің, күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлек жазылады», –
делінгенмен, қараала (этн. зерг.); қараала (этн. тамақ) деген
сөздерде бірге жазылған. «Бұл сөздер затсымақтанып, бір ұғымды
білдіретіндіктен, бірге жазылған» демек болсақ, қарала, қарала үйрек дегенде мүлде кіріктіріліп, екі дауыстының
бірі түсіріліп жазылған. Қара сөзінің ұясында қара ала тіркес түрінде бөлек жазылған.
Сонда қарала, қарала үйрек пен қара ала тіркесінің айырмашылығы қандай екенін жазарман қалай
біледі? Ал тура сол модельдегі сарыала, сарыала қаз дегенде не
себепті екі дауысты да жазыла береді?
«Қанды балақ, қанды көйлек (жолдас), қанды бас
(қанды басың кері тарт) деген
модельді негізге алып, қанды сөзі
тіркескен сөзінен бөлек жазылады» деген тоқтамға келмек болсақ, қандыауыз
(озбыр); қандықол, қандықол қарақшы бірге
жазылған. Бас та, қол да, ауыз да – дене мүшелері, не себепті әртүрлі жазылуы
керек? Ал қандағаш (өс.) дегенде
қатар келген екі дауыстының алғашқысы түсіп қалған. Сын есіммен тіркескен зат
есімдердің құрамындағы қатар келген екі дауыстының қай кезде түсіп қалатынын
түсіну өте қиын. Жақсат (абырой), жақсат
бермеу; жақсатты, жақсатты болу;
саптаяқ, саптаяғы; саптаяқтай дегенде сын есім мен зат
есімдердің аралығындағы дауысты ы
дыбысы түсіп қалған, ал салпыауыз; салпыауыздық; сарыағаш (өс.); сарыандыз (өс.); сарыатан (үлкен атан түйе), сарыатанға; сарыауыз, сарыауыз балапан
дегенде не себепті
түсірілмей жазылады? Ортақ ұстаным болуы керек қой.
Сан
есімдермен біріккен сөздерді де қалай жазу керектігін анықтау мүмкін емес.
Себебі екі ара; екі аралықта; алты айлық;
алты айшылық жер; алты алаш (көне);
алты қанат үй; алты құлаш ақ найза; алты қырлы; алты сан алаш (көне); жеті, жеті ағайынды; жеті ата; жеті ғалам; жеті тоғыз (этн.); жеті түнде; жеті шәріп (діни); т.т. тіркестер бөлек
жазылса, екіағайынды (ақпан); екіарада, сол екіарада; екіаяқты, екіаяқты арба; екіжақты,
екіжақты қатынастар; екіжақты мәміле; екіжақтылық, екіжақтылығы; екіжүзді,
екіжүзді адам; екіжүзділік,
екіжүзділігі; екіқабат, екіқабат
әйел; жетібасты, жетібасты
жалмауыз; т.т. бірге жазылған. Келтірілген мысалдардың ішінде біріккен сөздердің
ешқайсысында қатар келген екі дауысты түсірілмей жазылса (екіағайынды (ақпан); екіарада, сол екіарада; екіаяқты,
екіаяқты арба), алтатар (мылтық); алтаяқ (әдеб.), алтаяғы; алтаяқ (киіз үйдің түрі),
алтаяғы; алтаяқты (әдеб.); т.т. екі
дауыстының алғашқысы түсіріліп жазылған. Бақаауыз, бақаауыз ағаш
дегенде екі дауысты да түсірілмей, қарғауыз (құрал), қарғауызға дегенде не себепті түсіп қалған. Ол аз болса, реестрде алаауыз;
алаауыздық (терм.), алаауыздығы
түрінде, екі дауысты да түсірілмей
жазылған сөз не себепті тіркес құрағанда өзгеріп, бір дауыстысы түсіп қалатыны
(алауыз болу; алтыбақан алауыз) да
түсініксіз. Мұны қазақ тіліндегі жүйені, норманы түсінбейтін адам түгілі,
арнайы зерттеп жүрген мамандар да түсінбейтіні, тіпті сөздік құрастырушылардың өздері
де түсіндіре алмайтыны белгілі. Әйтеуір көңілдерінің қошына қарай қосып-түсіріп
отырған сияқты.
«Емлені бұрынғысынан артық болғандай етіп өзгертуде
мағына бар; бұрынғысынан төмен болғандай етіп өзгертуде мағына да, мақсат та
жоқ», – деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, бүгінгі таңда тілдегі жүйені түсініп,
норманы орнықтыру үшін, дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу үшін орфографиялық
сөздіктеріміздің сапасын арттыруымыз қажет-ақ. 2005-2013 жылдар аралығында
бірнеше рет жарық көрген сөздіктер тілдегі жүйеге сәйкес жетілдіріліп, норманы
орнықтырудың орнына қателерді үсті-үстіне көбейте бергенін көріп отырмыз.
«Қазақ тілі жүйесінің орфографиялық
сөздіктердегі көрінісі»
(Жұбай О., Салқынбай А., Қапалбек Б.
Алматы,
2023) кітабынан алынған.
ПІКІР АЛМАСУ
08/01/2025 17:32
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Ана тілім – ардағым» атты мерекелік іс-шара өтті
|
ТЕКСТ