THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2012 жылдан бері қолға алынған ірі жобаларының бірі. Барлық факультеттер бұл шараға өз дәрежесінде атсалысуда. Наурыздың 17-і күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс және қазақ филологиясы мамандығының 3-курс студенттерінің қатысуымен қазақ әдебиетінің роман жанрындағы алғашқы қарлығашы Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы» тұрғысында «Бақытсыз Жамал» - қазақтың тұңғыш романы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Ол , негізінен, үш бөлімнен тұрды. Кешке арқау болып отырған «Бақытсыз Жамал» романы - сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсеткен, үлгі болған роман. Алғашқы бөлім бойынша студенттер мынадай сұрақтар аясында өз ойларымен бөлісті:
• «Бақытсыз Жамал» романының ең басты жетістігі неде деп ойлайсыз?
• Романның ХХ ғасырда жазылған басқа романдардан ерекшелігі неде?
• М.Дулатов бостандық алған жастарды неліктен трагедияға ұшырата бейнелейді?
• «Бақытсыз Жамал» романыныдағы реализм арналары қандай?
Осындай сұрақтарға жауаптар табылып, студенттер романдағы кейіпкерлердің ұнамды және ұнамсыз тұстарын, Жамал мен Ғалидың іс-әрекеттерін әр қырынан саралап ашуға тырысты. Әдеби кештің келесі бөлімінде арнайы студенттер сөз алды:
• Романның шығу тарихы және идеясы туралы: Парымбек Майра
• Романдағы кейіпкерлер әлемі туралы: Жарылқасынова Мереке
Таменова Ақерке
• Роман туралы сыншы, ғалымдардың пікірлері туралы: Сдихова Жайнагүл
Нәдірғожа Гауһар
Пірманова Күнсұлу
• Романдағы көркемдік үлгілері туралы: Пулатова Ажар
Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар cұлу", т.б. романдарына жол ашты. Осы және басқа мәселелер кеш барысында талданды. Қорытынды бөлім ретінде ортадан екі студент таңдалып, романның сюжеті, кейіпкерлері және зерттелуі туралы қойылған викториналық сұрақтарға жауап берді. Ойын нәтижесі бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті Оспаналы Мадина жеңімпаз атағына ие болды. Іс-шараға қатысқан филология факультетінің оқытушылары Асқарова Алтынай және Оспанова Ақнұр кештің өту деңгейін жоғары бағалап, өз ұсыныстарын да білдірді. Кеш соңында қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының аға оқытушысы Ш.А.Шортанбаев, құндылығын жоймайтын «Бақытсыз Жамал» романының айтар ойын, мән-мазмұнын бір кеште талқылап бітіру мүмкін еместігін, алайда, бүгінгі кеш романның өн бойына терең бойлап, талқылауға себеп болғандығын айтып әдеби кешімізді қорытындылады.
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ