THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Қазақты әлемге танытатын – дүние мәдениетіндегі орны
Авторы: Тоқтар Жетпісбай
07/06/2017 14:17 0 45724 0
Біз, Қазақ халқы өте қонақжай халықпыз. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Ата-бабаларымыз асты қадірлей білуді кішкентайымыздан санамызға сіңдіріп «Ас – адамның арқауы», «Жаман ауру – жақсы ас», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады» –деп өнегелі сөз, өрелі мақал-мәтелдер шығарып, тәрбиелеп өсірген.
Халқымыз өз асын өздері бағып қаққан төрт түлік малынан айырып, төрт түлікті ерекше қадірлеп, оның етін сүрлеп, сүтінен құрт, кілегей, қаймақ, ірімшік, сары майды барлық маусымдарға пайланануға мүмкін етеді. Табиғи шыққан көкөніс, жеміс-жидектердің құнарын сақтап өрікті кептіріп, жүзімнен – мейіз, қауынды – қақ еткен. Бірақ бүгінгі нарықтық заманда осы атамыздан жалғасқан тағам мәдениетімізді базар шаруашылығына айналдыруға өзіміз қауқарсыздық танытып отырмыз. Әрине, ата-кәсіпті қолға алушылар жоқ емес бар. Бірақ соларды қолдау көрсетіп Ұлттық бренд қалыптастыруды қолға алу жағынан аяғымыз ақсап тұр. Әлем елдері Ұлттық брендін қалыптастыруға айрықша мән беріп отыр. Мысалы: Швейцарияда «фондю» деген – ірімшіктің астына от жағып қойып, нан батырып жейтін тағамын меншіктеуге қазір таңда бірнеше мемлекет таласып жатыр. Шығыс Еуропаның «паленка» деп аталатын ішімдігіне венгрлер, болгарлар, югославтар таласуда.
Қазақты әлемге танытатын – дүние мәдениетіндегі орны. Өзгелер қазақстанды бір жағынан, осындай әлемдік ортадағы тартысты материалдар арқылы тани алады. Ал біз сол аудиторияға құнды еңбектер тарту еткеннің орнына өзімізді өзіміз масқаралайтын кинолар мен жарнама суреттер шығарып, қазақ ұлтын төрт түлігі болған ешкімен, кәмелетке толмаған баласы ойнас жасап ойнайтынын, көрінгеннің қойнына жатқыш келіні барлығын, қызын әкесі зорлап, шешесін баласы өлтіретінін, бірін-бірі пышақтап, қыздары көшеде тыр-жалаңаш билеп жүретін ұлтқа айналдырып барамыз. Сол арқылы ұлттық құндылықтарымызды ұмытып, ұлтымызды азғындаттық. Осы орайда өзгелер төл дәстүрімізді ұрлауға кірісті. Қымыз бен қазымызды – немістер, шұбатты – еврейлер заңды тіркеп алды. Әзірбайжан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан Наурызды өздерінің төл мейрамы ретінде ЮНЕСКО-ге тіркеді. Ұлттық спорт өнеріміз сұңқармен аңшылық жасауды кейбір араб мемлекеттері ЮНЕСКО-ның тізіміне енгіземіз деп жатыр, енді олардың зияткерлік меншігі әлемдік деңгейде қорғалатын болды да, бізде ешқандай мәдениет жоқ өзгенің кебінін киіп жүрген халық боламыз.
Қолда барда алтынның қадірі жоқ. Ал, біз әлі күнге дейін ұлттық құндылықтарымызды меншіктей алмай келеміз. Асқа байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарымыз соғымбасы, қонақасы, табақ тарту, сарқыт, сәлемдеме, түстену, асату, дәмеу, асар, ауызашар тағы басқалар, бәрі-бәрі ұлтымыздың ғасырлар бойы сақтап келген мәдениеті. Міне осылардың бәрін мемлекетке меншіктеп беруді қолға алуды жеделдету керек. «Өзіңді өзің сыйламасаң, ешкімнен сый күтпе» деген аталы сөз бар. Қазіргі экономикалық интеграциялық нарықтың талабы осы. Ұлттық бренд қалыптастыру – дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жолындағы ауылшаруашылығына нақты қолдау болар хақ. Ата дәстүрімізді кәсіп еткен заңды тұлғаға айрықша құқық беріп ет-сүт тағамдарынан басқа, жеміс-жидек өнімдерінің сату нарығын жолға қоюға да септігін тигізіп, осы арқылы ауыл шаруашылығын өркендеуіне де үлес қосар едік.
"Айтыс-ақпарат"
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ