THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Біз осы қайда бара жатырмыз?!
Авторы: Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы, филология ғылымдарының кандидаты
09/08/2017 11:41 0 50127 1
2016 жылы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Кіші залында Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен «Қазақ тілін пән ретінде оқытудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырысы бойынша ғылымды 2012-2014 жылдары гранттық негізде қаржыландыру аясында шығарылған «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар», «Жұмсалымды грамматика», «Қазақстандағы мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы», «Түркі тілдері», «Развитиеи функционирование государственного языка в суверенном Казахстане» атты бес ғылыми еңбектің таныстырылымы болды.
Дөңгелек үстелге (mtdi.kz/main/photo) 28 университеттен оқытушы-ғалымдар қатысты:
1) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
2) Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
3) Сүлеймен Демирел атындағы университет
4) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалықуниверситеті
5) Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
6) Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық тілдер және әлем тілдері университеті
7) Қазақ-британ техникалық университеті
8) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
9) Алматы менеджмент университеті
10) Халықаралық бизнес университеті
11) Шет тілдер және іскерлік карьера университеті
12) Қайнар университеті
13) А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
14) Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
15) Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
16) М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
17) Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
18) М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
19) Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
20) Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
21) Қазақ-орыс халықаралық университеті
22) Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университет
23) Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
24) "Сырдария" университеті
25) Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет
26) Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет
27) Орталық Азия университеті
28) І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Жиында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар:
1) Қазақ тілін оқыту бойынша қазір біздің барлық күш-жігеріміз бен дәулетіміз (капитал) тек орыс аудиториясына бағытталып кеткендей көрінеді. Ал қазақ тілінің қазақ аудиториясындағы жай-күйі ескерусіз қалып қойды.
2) Нақты ғылымдарда нақтылық бар, мәселен, математикада қай деңгейде нені оқыту керек екендігі айқын, басы ашық мәселе.Бастауыш мектеп – арифметика, орта мектеп – алгебра, жоғарғы мектеп – жоғарғы математиканы (высш. мат.) оқиды. Қазақ грамматикасын оқытуда да осындай нақтылық керек.
3) Жоғарғы мектепке тек жүйені ғана емес, оның жұмсалу ортасын, қолдану заңдылықтарын қоса алып қарастыратын, оны адамның ойлау, шығармашылық әрекетімен байланыстыра қарайтын жұмсалымды грамматиканы оқыту қажет.
4) Қазіргі оқулықтарда баяғы еуроцентризмге негізделген, қазақ тілінің табиғатына сай келмейтін тұжырымдар, яғни лингвистикалық қателер өте көп.
5) 2002 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты дайындап шығарған Академиялық грамматиканың мазмұны өз атауына сай келмейді. Оны нормативтік грамматика емес, ұжымдық монография деп бағалауға болады.
6) Қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерін қайта-қайта сол күйінде шығара бермей, бүгінгі ғылымның даму тұрғысынан бағалап, ғылыми комментарий бере отырып шығару керек.
7) Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының мамандары тіл білімі пәндеріне типтік бағдарламалар бекіткенде оның тіл үйретуге ме, әлде лингвистикалық білім беруге арналғандығын ескеруі тиіс.
8) Қазақ тіл білімі бойынша жетекші жоғары оқу орындарында, мәселен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің немесе А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының базасында Мамандардың біліктілігін арттыру курсын тұрақты түрде өткізіп тұру.
9) Гранттық зерттеулер мен диссертациялық зерттеулердің жетістіктерін жаппай өндіріске (аудиторияларға) тікелей апару жолдарын қарастыру қажет.
Бұл ұсыныстар кезінде Мемлекеттік тілді дамыту институынан ресми хат арқылы мына мекемелерге жолданды:
1.«Атамұра» корпорациясы
2. «Мектеп» баспасы
3.ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
4.«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы РМҚК
5.ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
6.Ы.Алтынсарин атныдағы Ұлттыө білім академиясы
7.ҚР Білім және ғылым министрлігі Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті
8.ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті
9.Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті
Бірақ ешқайсысынан селт еткен адам(маман) болмады.
Енді міне жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша қазақ тіліне мынадай бағдарлама бекітіліп, осымен қазір оқулықтар жазылып жатыр.
10 сынып. Негізгі талдайтын тақырыбы мен оған берілген лингвистикасы
1-тарау. Тіл және алаш идеясы . Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
2-тарау. Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет . Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
3-тарау. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет . Әлеуметтік-тұрмыстық қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану
4-тарау. Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі . Әлеуметтік-тұрмыстық қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану
5-тарау. Білім. Ғылым. Инновация. Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу
6-тарау. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік . Сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
7-тарау. Қылмыс және заң . Сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
8-тарау. Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер . Сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
9-тарау. Сөз мәдениеті және шешендік өнер . Сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.
11-сынып Негізгі талдайтын тақырыбы мен оған берілген лингвистикасы
1-тарау. Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі . Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
2-тарау. Жастар мәдениеті және мәселесі.Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану
3- тарау. Қазіргі қоғам. Миграция. Зияткерлік миграция . Әлеуметтік-саяси шешендік қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану
4-тарау. Әлемді өзгерткен өнертабыстар . Әлеуметтік-саяси шешендік қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану
5-тарау. Бейбітшілік, қауіпсіздік және жаһандық экономика . Мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып)
6-тарау. Ұлттың тарихи жәдігерлерін сақтау . Сөйлем ішінде қойлатын тыныс белгілерді дұрыс қою (үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша, сызықша)
7-тарау. Табиғат және экология . Сөйлем соңында қолданылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте)
8-тарау. Жаңа әлемдегі театр мен киноматография . Сөйлем соңында қолданылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте); сөйлем ішінде қойлатын тыныс белгілерді дұрыс қою (үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша, сызықша)
9-тарау. Еңбек нарығы және сұраныс. Сөйлем соңында қолданылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте); сөйлем ішінде қойлатын тыныс белгілерді дұрыс қою (үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша, сызықша).
Меніңше, бұл-қазақ тілін пән ретінде оқытып, лингвистикалық білім беруге емес, өзге аудиторияда қазақ тілін үйретуге арналған бағдарлама. Сіздер не дейсіздер құрметті мамандар?!
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ