КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Қарғандыда Кеншілер мәдениет сарайында облыс әкімінің «Тіл жанашыры» атты сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінен.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан - 2050» Стратегиясында 2025 жылы қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді игеруі тиіс деген міндет қойды. Осы міндетті іске асыру, бірінші кезекте, біздің мемлекеттік қызметшілердің, олардың құзыреттілігі мен тілге қаншалықты жанашырлық танытатынына байланысты», - деді облыс әкімі Н. Әбдібеков байқау қатысушыларына сөйлеген кіріспе сөзінде. Ол өңірде Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқандар үшін сыйлық беру дәстүрге айналғанын атап өтті. Байқауға мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдары, білім саласының өкілдері және т.б. қатысады.

Биыл «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» номинациясын заңгер Наталья Тернова жеңіп алды. Ол ҚарМУ-де студенттерге, сондай-ақ Өңірлік даярлау және біліктілікті арттыру орталығында мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілінде дәріс оқиды.

Марапатттан журналистер де құр қалмады. «Тіл жаршысы» номинациясымен сәтпаевтық «Шарайна» газетінен Бағдат Қазкенов пен журналистика ардагері Нәзипа Асқар марапатталды. «Үздік телехабар» номинациясында екі жеңімпаз - жергілікті телекомпания қызметкерлері Әсел Сәбитова мен Александр Крылов жеңімпаз атанды.

«Тіл майталманы» номинациясында байқау лауреаты және 500 мың теңгелік сыйлықты журналист Сағат Батырханова иеленді. Ол республикалық деңгейде алғашқылардың бірі болып қазақ тілінде балабақша, мектептер ашу мәселесін көтерді. «Хабар» агенттігінің «Тіл» тележобасының жүргізушісі болған, «Азаттық» радиосында еңбек еткен.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика