THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Давид Лория: Менің балаларым міндетті түрде қазақша білулері керек
Авторы: Нұрғазы Сасаев
22/04/2015 10:50 0 43582 0
Футболдан
Қазақстан премьер-лигасындағы "Ертіс" клубының қақпашысы Давид Лория
"менің балаларым қазақша білуге – міндетті" деп санайды. Бұл ойын
бізге де айтты, деп жазады "Алаш айнасы".
Жақында әлеуметтік желілердің бірінен тасқамал қақпашы Давид Лорияның
"менің балаларым міндетті түрде қазақша білулері керек" деген
сөздерін оқып қалдым. Орыс тілінде шыққан мақала екен.
Содан
Давидті іздестіре бастадым. Өз аузынан естігім келді. Хабарласудың сәті кеше
түсті. Давид шынымен де балаларының қазақша білгендігін қалайтынын шегелеп
айтты:
– Иә,
мен балаларым міндетті түрде қазақша білулері керек деп ойлаймын. Қазір оның еш
қиындығы жоқ қой. Балаларым қазақ тілін тез үйреніп алады деп сенемін. Өйткені
бұл біздің – туған жеріміз, Отанымыз. Ал біздің буынның қазақша білмеуі –
әбестік, ғапілдік.
Мен ырза болғандықтан, "рахмет, Дато", – деп едім:
– Сізге
рахмет, осыған көңіл бөліп, хабарласып тұрғаныңыз үшін. Ал маған не үшін,
– деді.
–
Қазақ халқын сыйлайтындығыңыз үшін, – деймін мен.
– Мұны
сәл басқаша айтқан дұрыс шығар. Мен қазақтарды жақсы көремін, сүйемін...
Сіздерді білмеймін, мен Давидке дән риза болдым. Ақкөңіл, кішіпейіл жігіт.
Етене араласып кеткен жоқпыз. Бірақ қазақ футболы "қазанында"
аракідік ұшырасып қаламыз. Инабатты жігіт.
Қазақстан
ұлттық құрамасының қақпасын қорғауды мәртебе санайды. Өкінішке қарай, тәп-тәуір
өнер көрсетіп жүрген кезінде де, ұлттық құрама сапына алынбады. Сонда да налуды
білмейді. Бәрі ішінде...
Түркияда
ойнады. Абыройсыз болмағандай. Бірақ сонда да айналып қазақ футболына келе
береді. Сонысы ұнайды. Құдды, бір "өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде
ұлтан бол" деген қағиданы берік ұстанатындай...
Тамырында
грузин қаны соққан, қазақтың Давид есімді жігіті – міне, осындай...
Сөз соңында, Давид Лорияға толағай табыс, ерен жетістік тілегім келеді. Өз әлеуетін толықтай жүзеге асырып, бағы жанып кетуіне тілектеспіз. "Біз үшін Ресейден келген голкиперлер емес, Давид – сен ең үздік қақпашысың" дегім келеді.
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ