КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім!
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.» - деп С.Торайғыров айтып кеткендей, әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі тілін білген адамның бойында ұлттық, халықтық қан ойнайды. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл - елімізде аса маңызды, ең өзекті мәселе. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес, 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні деп белгіленді. Содан бері жыл сайын Тілдер күні мереке ретінде аталып келеді. 

Тіл– халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі – оның бақытты тірегі. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалады. Ана тіліміз – қазақ тілі біздің баршамызға қастерлі, біз үшін әрқашан мәртебесі биік асыл қазына. Соған орай 5 қазан күні «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК-де мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл – татулық тірегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл шарада қазақ, орыс, өзбек, кавказ, түрік билерін мекеме қызметкерлері сахнаға алып шықты. Мерекелік іс-шараны мемлекеттік тілді дамыту бөлімшесінің аудармашысы Ұлбану мен экономика, бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бухгалтері Әйгерім жүргізді. Жиналған көрерменге тың серпін берген мәдени шара АБЖ бөлімінің қызметкері Жанар мен Иондамаушы сәулелер зертханасының қызметкері Қарлығаштың орындауында қазақ халқының асыл мұрасына айналған, араға ұзақ уақыт салып бізге қайтадан жеткен буын биі «Қара жорғамен» ашылды. Сонан кейін аталған ұлттың өкілдері ретінде орталық қызметкерлері өз өнерлерін ортаға алып шықты.
Шара барысында тілдер күніне арналған слайд-шоу көрсетілді. Ал онан кейін мемлекеттік тілді дамыту бөлімшесінің аудармашысы Аширова Жанар мен Карантиндік және аса қауіпті инфекциялар бөлімінің эпидемиолог дәрігері Бойбосынов Эльдорбектің орындауында орыстың ұлттық биі биленді. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өмір сүреді. Сондай-ақ түрік халықтарының саны да аз емес, осы орайда мекемедегі қызметкер қыздарымыз (Жанар, Қарлығаш, Жанар, Фариза) түрік халқының биін орындады.
Үш тұғырлы тілменен,
Үш тұғырлы өлеңмен,
Үш тұғырлы ән салып,
Кемелденіп келем мен,- дей отырып, сахнаға Фаризаның орындауында ағылшын тіліндегі достық өлеңі оқылды. Ал одан соң Карантиндік және аса қауіпті инфекциялар бөлімінің зоологы Өмірбек Бақытбекұлы мен Қарлығаштың орындауындағы кавказ биіне кезек берілді. Сонымен қатар, АБЖ бөлімінің қызметкері Жанар өзбек халқының биін нақышына келтіріп, тамаша орындап шықты.
Кеш соңында «СЭСжМҒПО» РМҚК директоры Жандосов Шалғынбай Өтегенұлы қатысушыларға алғысын білдіре отырып, барлық ұжым қызметкерлерін тілдер мерекесімен құттықтады. Сахнаға шыққан әрбір ұлттың киім үлгісінен, сол тілдерде шырқалған ән-жырлардан, олардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын көрермендерге ұсынған мекеме қызметкерлері барлығы бірге Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін шырқады.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



ТЕКСТ

Яндекс.Метрика