КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жақында Ақмола облысының Атбасар аудандық сотында «Мемлекеттік тіл – сот билігінде» деп аталатын аймақтық семинар өтті. Оған облыстық соттың мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерінен басқа Есіл, Зеренді, Атбасар, Сандықтау, Жақсы, Жарқайың және Жақсы №2 аудандық соттарының төрағалары мен кеңсе меңгерушілері, БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық соттың мемлекеттік тілді зерделеу және қолдану аймағын кеңейту жөніндегі жұмысты ұйымдастырушысы, кассациялық сот алқасының судьясы Жұмагүл Сыздықова алдымен аудандық соттардағы мемлекеттік тілде қаралған қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің, жалпы кіріс-шығыс құжаттарының дайындау сапасын тексеру бойынша анықтамаларды тыңдап, баяндау барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап беруін талап етті. Қатысушылар мемлекеттік тіл тақырыбын қызу талқылап, осы тақырыпта туындаған мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастырды.
Атап айту керек, сөз сөйлеушілер сот тілін мемлекеттік тілге айналдырудың түп төркіні сотқа дейінгі сатыларда жатқанын жасырмады. Заң бойынша сотқа іс қай тілде түссе, судья сол тілде қарауға міндетті.
Облыстық адвокаттар алқасының өкілі Теміржан Кенжебайұлы өздерінің кәсіптеріне қатысты жиі туындайтын мәселелерді алға тартты.
«Жақында қалалық сотта қаралған бір қылмыстық іске адвокат болып қатыстым. Істі судья Нұрсұлтан Рахымберлин жүргізді. Жалғыз мен емес, сол жердегі қатысушылардың барлығы судьяның істі мемлекеттік тілде еркін әрі шебер жүргізгеніне таңғалды. Сотқа істерді қарау туралы өтініштердің басым көпшілігі ресми тілде келіп жататыны өкінішті, егер мемлекеттік тілде қарау туралы өтініштер келетін болса, судьялардың қазақ тілінде еш қиындықсыз қарайтынына еш күмәнданбаймын.
Ал, адвокаттар тарапынан көп сындар айтылды. Сөздің шыны керек, облыста адвокаттар тапшы. Оның себебі, қорғаушы болу үшін арнайы емтиханнан сүрінбей өту керек. Тест сұрақтарынан ауызша берілетін 70 сұрақтан 4 ұпай жинау керек. Бұл қиындық тудырады. Биылғы жылы екі рет конкурс өткізілгенімен, біздің облыстан 12 үміткер өте алмай қалды. Сондықтан, еңбектеніп жүрген адвокаттарға мемлекеттік тілде іс жүргізіңіз деп міндеттей алмаймыз», – деді Теміржан Кенжебайұлы.
Семинарда, сондай-ақ, Атбасар аудандық әкімдігінің маманы Р.Жұмабекова мен мемлекеттік тіл бөлімінің маманы Д.Тұшымбекова сөз сөйлеп, аудандағы тіл мәселесі туралы қысқаша мағлұмат берді. Аудандық «Атбасар» газетінің тілшісі Өмірсерік Шайхин аудандық соттың төрағасы Дулат Нұрмағанбетовке қажет болған жағдайда сот актілерінің қазақша аудармасын жасап беруде әріптестік көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Бірақ, сот құжаттарын тәржімалаудың қазақ тілінің көсегесін көгертпесі түсінікті, әрине.

Айсұлу РҮСТЕМБЕК,
Ақмола облыстық сотының
баспасөз хатшысы
ЗАҢ газеті

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208192 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 194768 0


26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 136609 0












ТЕКСТ

Яндекс.Метрика