КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қытайдың атақты философы Конфуций : «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды» – деген екен. Міне, қазақ тілінің маңыздылығын және қолданыс аясын кеңейтуді сонау Алаш зиялыларынан бастау алып, бір ғасырдан бері айтылып, жазылып келеді.
Ата Заңымыздың 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi деп көрсетілген. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. Елбасымыздың жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын жүзеге асырудағы маңызды тетіктердің біріне айналды. Тіл саласындағы оң істерді мемлекеттік органдар, түрлі меншіктегі барлық мекемелер, кәсіпорындар, шаруашылықтар, қоғамдық-саяси ұйымдар, БАҚ, сондай-ақ бүкіл халық қолдап, аянбай үлес қосуға тиіс. Бүгінгі таңда мемлекетіміздегі барлық орган, ұйым-мекемелер ісқұжаттарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшті. Әрине, бәрі бірден бола қоймайтыны белгілі. Ықылымнан ресми тілдерінде жүргізіліп келе жатқан, қатып қалған үлгідегі ереже, заң, нормативтік актілер мен қарапайым іс-қағаздарды аудару сөз шұбалаңқылығы мен мәтіндердің түсініксіздігіне соқтырды. Бұған бір жағынан аударма кітаптарының жұтаңдығы, басқа тілінен жасалған аудармалардың тиісті мағынаға дөп келе бермеуі айтар ойдың мағынасының бұрмалануына себепкер болды. 
Бұл жердегі басты кемшілік те сол аударуда болды, әлі де себепкер болуда. Мақсат басқа тілдегі мәтінді дөп басып аударуға емес, сол жеткізер ойды қазақы тілге тән өз мән-мағынасымен жеткізуге бағытталуға тиісті. Қазақ тілі – бай тіл, әлем мойындайтын ұлы тілдердің байлығынан кем емес.
Осындай бай құндылығымыздың деңгейін одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 29.06.2011 жылғы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды.
Бүгінде мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ана тілімізді ұлықтау жолында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде келелі бірқатар ұйымдастырушылық іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, қызметкерлердің тілді жетік меңгеруіне және мемлекеттік тілді оқып-үйренуге бағытталған іс-шараларын ұйымдастыру алматылық кеденшілердің назарынан тыс қалмаған. Мемлекеттік тілді дамыту институты және кеден департаменті ағымдағы жылы департамент қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту курстарын қайта ұйымдастырды. Оқыту курстары қызметкерлердің тілді меңгеру деңгейіне қарай бастауыш, жалғастырушы және тереңдетілген топтарға бөлініп, сабақтар жүргізілді. Мемлекеттік тілді үйрету курстары аяқталғаннан кейін осы сабаққа қатысқан қызметкерлерге арнайы сертификат табыс етілді.
Сонымен қатар, осы өткізілген оқыту жұмыстарының жалғасы ретінде Департамент ішінде қызметкерлердің рухани өрісін кеңейту жұмыстарына да көп көңіл бөлінеді. Алматы секілді алып шаһарда түрлі ұлт пен ұлыстардың шоғырланған мекені десек артық болмас. Барлығының ізгі ниеттері – мемлекеттік тілді жетік білсек дейді. Қазақтың бір туар ақын жазушыларын еске алуға орай, арнайы өткізілген ашық сабақтарға белсене қатысып, шығармаларын сусындаған мамандардың таза қазақ тілінде сөйлеп, ән шырқаған кезінде әр қазақтың бойына ерекше серпін береді. Бойын түзеп, ойын тіктеген өкшебасар, жас мамандардың бойларына елжандылық секілді асыл қасиетті сіңіре отырып, болашағымыздың жарқын болатынына сенім арта түсетіні қуантады.
Солардың бірі жуырда өткен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» – атты салтанатты кештің өтуі. Мемлекеттік тілді дамыту институтының тәлімгері Толқын Мадиева мен Департаменттің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау бөлімінің жетекші маманы Алмахан Алпамаздың ұйымдастырумен өткен келелі шара кеден қызметінде жаңадан жұмысқа алынған жас қызметкерлердің өнерімен көмкерілді. Жас кеденшілердің ана тіліне арнаған өз туындылары шырқалып, әсем ән мен тәтті күйлері құлақтан кіріп, бойды алып жатты.
Міне, бүгінгі таңда ел кедені мемлекеттік тілдің кемелденуіне ат салысып, құжат айналымының қазақ тілінде жүргізілуіне аса мән беріп, оның өсіп, өркендеуіне келелі істер атқаруда. Өзге ұлттар арасында кеден тілінде қазақша сөйлейтіндер, өз елінің патриоттары атанатындардың саны күн аса артып келе жатқаны жанымызды жадыратып, көңілімізді көкке жеткізетіндей. Аталған барлық бағдарламалардың басты мақсаты Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін, мәдениетін сыйлап, ұлт бірлігін нығайтып, мемлекеттік тілді ауқымды қолданып оны насихаттау саясатын жүзеге асыру. Яғни мақсатты іс жүзіне асырып, бүгінгі мемлекеттік қызметкерлер оның ішінде өскелең жас буындардың бойына терең сіңіру басты мақсатымыз деп білеміз.

Экономика

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



ТЕКСТ

Яндекс.Метрика