КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жанардың қызметі – қазақ баспасөзінде. Жұмысы өзіне ұнағанымен, жалақысы күнделікті тұрмыстық шығыннан артылмайды. «Тәжірибе үшін жүрмін» деді күліп, айтуынша, қазақ газеттерінің бәрінің деңгейі шамамен осындай. Қазақ жастарының дені осылай қызмет атқаруда (аты-жөні мен жұмыс орнын айтпауды өтініш етті).
Қазақ елі мемлекеттік БАҚ-қа мүдделі болуы керек
Таңнан қара кешке дейін редакцияда отыратын Жанар 8 сағаттан астам уақыт жұмыс істеп қалатын кездері көп. Газеттің кезекті басылымы жарыққа шығатын күні дайындық тіпті түн жарымға дейін созылады. Бұл уақытта бастығына шағымдануға болмайды, жұмысынан айырылса, қайтіп күнелтпек? Сондықтан, шыдамдылық, төзімділікпен өзін жұбатып келеді.
Елімізде «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен 2009 жылы «MediaNet» халықаралық журналистика орталығының зерттеуі бойынша, Қазақстанда 2970-тен астам БАҚ тіркелсе, оның 200-ден астамы электронды БАҚ болған. Ал еліміздегі 3000-ға жуық БАҚ-тың 500-ге жуығы ғана қазақ тілінде ақпарат таратса, қалған бөлігі орыс және басқа тілдерде мәлімет беріп келген. Бұл тиісінше, БАҚ-тың 18 пайызы қазақ тілінде, 82 пайызы басқа тілдерде ақпарат тарататындығын дәлелдеп отыр.
Көріп отырғанымыздай, еліміздегі басылымдар арасында орыстілді басылымдар алдыңғы орында, саны жағынан қазақтілді басылымдардан асып жығылады. Жанар сияқты талай журналистеріміздің еңбектері еш кетіп, жалақыларының жөнсіздігінің себебі осында.
Әлемдік тенденция, әлемдік тәжірибе БАҚ-ты мемлекет реттеп отыру керектігін әлдеқашан дәлелдеген. Өкінішке қарай, еліміздің құзырлы органдары бақылау жағынан әлсіздік танытып отыр. Әйтпесе, қазақ елінде төл басылымдарымыз төрге шығуы тиіс емес пе? Бір ғана мысал, Республикамыздың коммерциялық телеарналары «Тілдер туралы» заңда белгіленген талаптарға қарамастан, мемлекеттік тілге қатысты тілдік норманы сақтамайды. Заңның сақталуын қадағалаушы тиісті орындар жағынан нақты ic те көрінбейді. Ал радиоға тоқталар болсақ, бүгінде «Қазақ» радиосы, «Шалқар» icпeттi елдің бетке ұстар арналары ауылды жерлерге толыққанды таралып жатқан жоқ. Ал ондай радиолардың сүйікті тыңдарманы ауылдағы халық болар еді. Осы олқылықтың орнын толтыру – мәдениет басшыларының маңызды ісі.
Мәселенің екі ұшы бар.

Даудың басы – мемлекеттік тіл

Олай дейтін себебіміз, қазақ қазақ бола тұрып, қазақ тілінің мерзімді басылымдарына тәуелді болмауы қазақ БАҚ-рына жол ашылмай отыр. Айтпақшы, елімізде тіркелмеген орыс, шетелдік басылымдар да еш кедергісіз келе береді. Мәселен, көпшілік «Жас алаштан» гөрі, «Свобода слованы» оқығанды тәуір көреді. Ал қазақ газеттерінен күнде жаңалықтар оқып, сараптамалық мақалалар оқитын болса, азаматтарымыз қазақ тілінің бай тілін күнделікті қолданысқа енгізер еді. Ал Жанар сияқты журналистер де өз жұмысына деген жауапкершілігі артып, жалақысы едәуір артар еді. Бірақ журналистеріміз қаншама тер төгіп жатқанымен, оны бағалап жатқан тұтынушылардың аздығы да мерзімді басылымдардың абыройын асқақтатпай отыр. Шетелдік түрлі-түсті ақпаратынан суреті көп орыстілді журналдар қазақтілді журналдардан өтімді болып отыр. Егер қазақтілді халық саны артса, қазақ басылымдарына сұраныс артар еді.
Сонымен қатар, еліміздің мерзімді баспасөзіне тұсау боп тұрған – ғаламтор. Оның мүмкіндігі шексіз. Жастардың көпшілігі ғаламторды пайдаланады. Олар әлбетте қазақ тілімен шектелмейді, ағылшын тілінде, басқа тілдерде ақпараттар оқуға тырысады. Содан соң, қазақ газеттерінің ғаламторлық беттерінде қағазға басылған нұсқасы тұрады. Сондықтан ғаламтордың теп-тегін парақшаларынан да оқи алатын мақаланы пәленбай мыңға жазылып шығынданып не керек? Тек мемлекеттік мекемелерді күштеп жазылатын «Егемен Қазақстан» болмаса... Қазақ баспасөзінің қазақ тілінде дамуына қазақ тілін білмейтін, сөйлеуден ұялатын халық еліміздегі жаңалықтарды қазақ тілінде үнемі біліп отыруды әдетке айналдырса, мүдделі болса, қазақ баспасөзінің жағдайы жаман болмас еді.

Ақшаң болса қалтаңда...

Қазақ баспасөзіндегі тағы бір мәселе – отандық басылымдардың көбісі мемлекеттен бөлінетін ақшаға мұқтаж. Сондықтан да біздің баспасөз өзін тауар ретінде ұсына алмай келеді. Тек мемлекеттің таусылмайтын тақырыптары мен тапсырмаларын орындап, газеттің жарық көруін жалғастырумен ғана жұбатып отыр. Ал Қазақстандағы басылымдардың негізгі бөлігі (85-90%-дан астамы) мемлекеттік емес болып табылады. Яғни, бұл басылымдарды мемлекет қаржыландырмайды. Сол үшін тендерге тәуелділікпен күндерін жалғап келе жатыр. Тендер түгесілсе, «Жанарлардың» жағдайы нашарлайды. Бірақ, осы БАҚ-тың тендерге мұқтаждығы қаншалықты дұрыс? Бұл да еркін тақырыпта көсілуге тосқауыл болмай ма? Бәсекелестікке қабілетті мерзімді басылымдар арасында қашан орын алады? Оқырманын тапқан мерзімді басылымдар ғана «тірі» деп айтуға қақымыз бар. Ал құр мемлекеттік қаржының шығыны, отқа тамызық болатын басылымдар еңбектерінің еш кеткені. Бұл әрине журналистерге де, мемлекетке де, тұтынушыға да керексіз.
Жарнама жағының да артта келе жатқанын айту керек. Еліміздің іргелі өндірістік серіктестіктері, орта және шағын кәсіпкерлер жарнамаларын орыстілді немесе коммерциялық басылымдарға орналастырады. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін, Мемлекеттік тілді қолдау мақсатында ipi өндірістік Ұлттық компаниялар, орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысып жүрген заңды тұлғалар, бизнес саласының өзге өкілдері жарнамаларын қазақтілді басылымдарда орналастыруға міндеттеу керек.
Қазір БАҚ арасында бәйге үдеп тұр. Осы бәйгеде өз еліміздің атын оздыру – бәріміз үшін аса зор міндет. «Әлемді жаулап алуға ақпарат жеткілікті» (Наполеон) болып тұрған заманда БАҚ жұмысын жетілдіру –кезек күттірмейтін мәселе.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика