КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы айдан бастап елімізде мемлекет меншігіндегі бірқатар компаниялар мен нысандар жекенің қолына өткізіліп берілмекші. Соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары да бар. Бұл хабарға, әсіресе тілшілер қауымы қуанысып жатыр. Ондағы ой – тәуелсіз баспасөз қатары көбейеді. Бірақ саясаттанушылар мен экономистердің бұл реттегі пікірі басқалай боп тұр…
Санамалап көрсек, биылдан бастап 2016 жылға дейін біртіндеп жекешелендірілетін 35 отандық БАҚ бар. Оның басым бөлігі, нақтысында, 27-сі өңірлердің еншісіне тиесілі екен. Атап айтқанда, «Жетісу Ақпарат» медиахолдингі (100%), «Маңғыстау Медиа» (51%), «Шахтинск Инфо» (49%), «Заң» медиа-корпорациясы», Рудныйдың қалалық телерадио редакциялары: «Рудный дауысы» (50%), «Рауан радиосы» (100%) және т.б. бар. «Үкіметтің мұндай шешімін тек қолдау керек. Бұл мемлекеттік үлесі бар республикалық деңгейдегі басқа БАҚ-тарға да өнеге болуы тиіс» деген Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейтіқазы Матаев осы негізде жергілікті ақпарат агенттігіне білдірген ойында.
– Тәуелсіздік жылдары жекеменшік БАҚ-тар мемлекетпен үзеңгі қағыстыра жұмыс істей алатындығын дәлелдеді. Әрі мұндай нысанда нағыз ел патриоттары жұмыс істейді. Алайда басылымды немесе телерадионы мемлекетпен ауыз жаласқан құрылым сатып алатын болса, онда жекешелендірді дегеніміз құр сөз боп қалады, – дейді ол.
Саясаттанушы Дос Көшім де елімізде саяси плюреализм кеңінен қанат жаюы үшін БАҚ-тың көптеп жекешелендірілгенін қолдайды. «Мемлекеттің, облыстық әкімдіктің саясатын жүргізетін газетті немесе телерадионы ешкім оқымайды да, тыңдамайды да, оған сұраныс та жоқ. Сондықтан бюджет ақшасын текке ысырап етпей оларды жекешелендірген дұрыс-ақ. Екіншіден, жекенің қолына өтуде ол өзінің ұстанымы мен бет-келбетін өзгертеді. Шындық ақырындап шыға бастайды. Бұл жақсы нәрсе-ақ. Бірақ «таяқтың екі ұшы бар» демекші, бұл арада мәселе оның кімнің қолына тиетіндігінде» – дейді саясаттанушы.
Ал саяси экономист Кеңес Сманов жекешелендірілген баспасөз тәуелсіз деген жаңсақ пікір, бүгінгі таңда «тәуелсіз» болу рентабельді емес, сондықтан заманның шынайы талабын дұрыс қабылдап үйрену керектігін айтады.

Кеңес Сманов, саяси-экономист:
– Жекешелендірген баспасөз тәуелсіз боп кетеді деген жаңсақ пікір. Бұл мемлекеттің баспасөз құралдарына қоятын талабы мен тыйымдарына тікелей байланысты нәрсе. Бұл – біріншіден. Екіншіден, қазір «тәуелсіз» болу рентабельді емес. Қазір журналисттің өзі де жақсы жалақы алғысы келеді. Ал тақыр тілші газет сатып алуы мүмкін бе? Жә, сатып алғанда, оны немен ұстап тұрады? Жарнамамен бе? Бірақ, ол медиақұрылым бюджетіне жеткіліксіз. Сондықтан мұндайды өңірде ықпалы бар қаржылық-өндірістік топ өкілдерінің ғана қалтасы көтереді. Айналып келгенде, тағы да БАҚ біреудің қолжаулығы іспетті жүре береді, одан құтыла алмайсыз. Үшіншіден, қазір тәуелсіз немесе облыстық кез келген қазақ баспасөзін алсаңыз, белгілі бір деңгейде қаржылық тапшылыққа ұрынған. Ал қаржылық дағдарыс – түсінгенге сенім дағдарысы. Біздің баспасөзде белгіл бір деңгейде тыйым бар: саяси тақырыпқа. Халық болса, саяси емес рухани дағдарысты қоздырушы қорқыныш-үрей туғызатын, біреудің қоқыр-соқыр руханиятын жарнамалайтын дүниеге тыйым болса дейді. Міне, осы қарама-қайшылық екі араны үзіп тұр. Осы жағынан алғанда, баспасөз идеологиялық тұрғыда өз стилін, ұстанымын, әрине өзгертуі тиіс, халық сеніміне енгенде ғана олар өтімді болады. Бірақ оған жекешелендіріп алушылар дайын ба? Меніңше, дайын емес…

Сөз соңы…
Бізде жекеменшіктер арасында өтімді тауар ұсынып отырғандар баршылық. Бірақ аз, рас. Осы жағынан алғанда, тілшілер қауымының бұл жаңалыққа қуанысуын дұрыс түсіну керек секілді. Тағы бір жағынан, мұқым бір облыстың маңдайындағы жалғыз медиахолдингті ақшалы бөтеннің қолына ұстатып жібереді дегенге сену қиын, әрине. Соған қарағанда бұл арада мемлекет бюджетті үнемдеп, бірқатар БАҚ-ты бақылаудан емес, тек баланстан ғана шығарғысы келетін секілді. Оны алдағы уақыт көрсетер…

Қазақ үні

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



ТЕКСТ

Яндекс.Метрика