THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Қазақ рэпіне поэзияны араластыратын кез келді ме?
Авторы: Балғын Әділбаева
04/05/2017 16:40 0 53192 0
Қазақ рэпінің
кәсіби деңгейде өнер сахнасына шыққанына 10 жылдың көлемі болды. Шеттен
келген бұл өнер түрін жастар жатсынбады. Қазір мектеп оқушыларының дені (көбіне
ұлдар) Шоқан, Шыңғыс, Домалақ, Жақау, Ерболатты тыңдап өсіп келеді.
Сырт көз
Рэптің сыни
тыңдарманы Дінмұхамед Аязбеков былай дейді: «Қазақша рэпті тыңдаймын. Себебі,
бүгінде жастар мен жасөспірімдердің басым бөлігі қазақ рэпінің тыңдарманы. Ал,
жастар «қазақ рэпінен қандай тәрбие, өнеге алып жатыр?» деген мәселе мені үнемі
толғандырады. Қазақ рэпінің сапасы, тәрбиесі мен өнегесі жайлы 1-2 жыл бұрын
сын мақалалар жазғанмын. Ол кезде, шын мәнінде, қазақ рэпінің сапасы сын
көтермейтін. Дегенмен, қазіргі уақытта бірте-бірте түзеліп келе жатыр.
Рэперлердің арасында ауызбіршілік, ұйымшылдық бар. Бүгінде олар қазақ рэпін
барынша дамытуда. Олардың еңбегін жоққа шығаруға болмайды».
Қазақша рэптің
мағынасы тым жиі көтерілетін мәселе. Тым анайы сөздерді қолданып жүргендері де
БАҚ беттеріне шығып жүр. Кейіпкеріміз бұл мәселені де айналып өтпеді.
«Мәтіннің нашар
жазылуы рэпердің абырой-беделіне де тиімсіз деген ойдамын. Мәселен, мен оқитын
филология факультетінде өлеңді мықты жазатын ақын-студенттер көп.
Егер рэперлер бауырлық ниетпен мәтін жазуын сұрап келсе, тегін-ақ жазып
береді ғой. Қазақ рэпіне поэзияны араластыратын кез келді деп ойлаймын. Мен
қазақ рэпінің нағыз «королі» деп Ерболат Құдайбергеновті есептеймін. Оның «Мен
қазақпын», «Біздің жігіттер», «Үш жүз» т.б. рэп әндері, шын мәнінде, жастарды
патриоттыққа, намысқа шақырады. Қазақ әдебиетінің төрінен орын алған
М.Жұмабаевтың, М.Мақатаевтың өлеңдерінен тамаша рэп туындыларын
жасады. Сонымен қатар, Астаналық Шоқанның рэптері өзгелерге қарағанда
сапалы шығуда. Ал, «Аш Қазақ Про»-дан Шыңғысты тыңдаймын. Кезінде бұл жігітті
«өлтіріп» сынағаныммен, қазірде сапалы туындылар тудырып жүр. Дәл осылай еңбек
ете берсе, алдағы уақытта «қазақ рэпінің королі» болып қалар. Жақауды да
тыңдайтыным рас. Ол рэпке қазақтың қасиетті домбырасын қосу арқылы керемет
дүниелер жасай білді. Жалпы бүгінгі қазақ рэпінің беталысы жаман емес. Әсіресе,
мұнда «Аш Қазақ Про»-ның үлесі зор»,-дейді.
Отандық рэп
қалыптаспай тұрып, қазіргі рэперлер шетелдік «жұлдыздарды» тыңдап өсті. Енді
дамып келе жатқан қазақ рэпі мен шетелдік рэпке деген Дінмұхаммедтің көзқарасы
мынадай: «Салыстыруға келеді. Олардағы артықшылық бізде жоқ, біздегі артықшылық
оларда жоқ. Ресейлік рэперлердің әрқайсысының өз стильдері, өз мәнерлері бар.
Мәселен, Бастаның рэп әндері көбінесе өмірлік философияға құрылады. Ал,
Бахтидікі – таза махаббат лирикасы. Сол сияқты әрқайсысының өз жолдары бар.
Сонымен қатар, Өзбекстанның рэперлері де көпті қайран қалдыруда. Өзбек рэпінің
тұңғыш бастаушысы, «королі» Шохрух жеке өзі өзбек рэпін өте жоғары деңгейге
көтеріп тастады. Бүгінде, ол әлеуметтік мәселелерді, жаһандық проблемаларды өте
жоғары деңгейде көтеріп, сапалы әні мен мәтінінен бөлек, керемет клиптер
түсіріп, көптің көңілінен шығуда. Шахриор да жаман емес. «Шоу бизнес» ретінде
де өз ақыларын бөліп алып жүр. Бұлардың табыстары керемет дәрежеде деп айтуға
болады. Ал, біздің рэперлер қазақ рэпін таза шоу бизнеске әлі күнге дейін
айналдыра алмай келеді. Әрине, Ерболат Құдайбергеновтан басқалары».
«Қазақша рэп
сауданы қыздырмай тұр»
Қазақша рэптің
сатылымы қалай? Алушылардың жас шамасы қанша? Осы сұрақ төңірегінде Алматы
қаласында орналасқан «Меломан» дүкендеріне бас сұқтық. Алғашқы аяқ тіреген жер
– «Мега» сауда орталығындағы дүкен желісі. Ол жерден қазақша рэп
дискілерінен екі ғана өнімді кезіктірдік. Бірі - «Ash Kazakh PRO» орталығынан
шыққан «5 Fife» және «ЖамағатПро»-ның өнімі «Қазағыма лайықты». Келесі нысан –
Гоголь мен Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан дүкен желісі. Ол жерден
тек «5 Fife» дискісін қолға ұстадық.
Дүкен
сатушыларына аталған сауалдарды қойғанда жауаптары біреу болды: «Сатылым
дейгейі жақсы емес. Орыстілді рэпке қарағанда, әлдеқайда аз сатылады. Қазақша
рэпті 15-25 жас аралығындағы жастар келіп алып жатады, бірақ сирек. Орысша
рэпті 12-35 жас аралығындағылар алып жатады». Сатушылар да жастар. Олар қазақша
рэптің дискісін көптеп шығарса, концерттер мен конкурстарды көптеп
ұйымдастырса, бұқаралық деңгейге көтеріледі деп ойлайды.
«Меломаннан»
кейін «Көк базардың» сыртында диск сатып отырғандарға жолықтық. Олардың
тауарларының арасынан Madman, Akella, Solakai, Sagi Halen сынды рэперлердің бір
дисктегі жинақтарын ғана жолықтырдық. Басқа диск атымен жоқ. Кейбірі «ертең
келеді» деп шығарып салды. Өзін Қошан Қуаныш деп таныстырған жігіт: «Қазақша
рэпті алып жатқандар сирек. Алса да, көбіне 15-16 жастағы балалар. Негізі қазір
ондай дискіне көп ешкім алмайды. Рэптің барлығы интернетте тұр. Сайттардан
алады. Сондықтан қазақша рэп сауданы қыздырмай тұр. Менің де телефонымда
қазақша рэптер бар. «Ash Kazakh»-тағы Шыңғыстың, Жақаудың, Шоқанның рэптерін
интернеттен «тартып» («жүктеу» автор) алғанмын», - дейді.
Аманқұлов Азамат
атты диск сатушы жігіт «Қазақша рэпті 15-20 жас аралығындағы жастар алады.
Орыстардың рэпін көп алады. Гуф, Центр, Бастаны сұрайды. 25-35 жастағылар да,
кішкентай балалар да, кейде үлкен кісілер де алып жатады. Қазір қазақтың
жастары Қайрат Нұртасты тыңдайды ғой», - деп өз пікірін айтты.
Қазақ рэпінің
«асханасы»
Қазақша рэптің
қалыптасуы «ASh Kazakh PRO» студиясымен тығыз байланысты. Лейбл
құрамында (ұйым) жиырмаға жуық әртіс бар. 2008 жылы құрылған студия 30
шақты дискіні сатылымға, 70 шақты дискіні интернетке
шығарған. Студияға «Қазақ рэпінің ханы» деп халыққа танылған Шыңғыс
Әлкеев басшылық жасайды. Лейбл ұстанымы: «Баба тілін сәнді тілге айналдырайық».
Аталмыш студияға
да аяқ тіредік. Біз барғанда студияда лейбл әртістері MAXIMUM, Denis, SunQar
Sarmat және өздерінің айтуы бойынша, қазақ рэпінде кәсіби айналысып жүрген
жалғыз қыз Sanim, сондай-ақ ұйымның биыл 13 қыркүйекте жариялаған кастингі
бойынша құрамға енген Саят есімді рэперлер болды. Олардың мамандықтары әртүрлі.
Экономист, программист, тек Саят қана вокал бойынша білім алып жүр.
Барлығы да рэпке
қызығушылықпен келген, бірақ болашақта осы салада қаламыз деп сенімді айта
алмады. Мақсат махаббат тақырыбын, Дениз жасөспірімдер арасындағы жағдайларға,
Сәнім қыздардың мәселелерін өз рэптеріне арқау етеді. Сәнім қыздардың рэпте тым
сирек екенін, қызығушылық танытып, кеңесіп келетіндердің жоқ екендігін айтады.
«Бізге дейін де
қазақша рэп болды. Бірақ оның сапасы тым төмен еді. Бөтен елдің өкілдеріне
ұялмай көрсете алатын рэп болған жоқ. Біз рэпті диалектілерді, жаргон сөздерді
араластырмай, әдеби тілде жазуды жолға қойдық. Алғаш кәсіби қазақша рэп
дискісін шығарған біз. Сондықтан біз біріншіміз деп мақтана аламыз»,-дейді
Шыңғыс.
Студия 4 жыл
қатарынан жылына екі рет «Ресми Қазақ Хип-Хоп баттлын» өткізеді. Қазақ рэпінің
сахнасында жүргендердің 99 %-ы осы баттл арқылы көзге түскендер. «ASh Kazakh
PRO»-ның сайтында жарияланып, баттл (айтыс. автор) вертуалды түрде жүреді.
«Бұл баттл әзірге
вертуалды түрде өтіп жүр. Өз жігіттеріміздің арасында «Еркін Styel» деп атап
баттл өткіздік. Бейнероликті нұсқасын сайтымызға салдық. Оны тыңдарман,
көрермен қалай қабылдайды соны аңғарғымыз келді. Егер халық жақсы қабылдап,
қызығушылық танытып жатса, мұны әрі қарай дамытпақ ойымыз бар. Сондай-ақ,
алдағы уақытта Қытайдағы қандастарымызға өз концертімізді өткізбекшіміз»,- деп
Шыңғыс Әлкеев алдағы жоспарларын да жеткізді.
Рэптің мәтініне,
мағынасына байланысты Шыңғыс «біз әлі тәрбиені көтеретіндей жаста емеспіз.
Бәріміз жаспыз. Сондықтан өмір туралы, махаббат туралы айтамыз. Рэпті
12-13 жасар балалардан 20 жасқа дейінгі жастар тыңдайды. Оларға ақыл айтып
отырсаң, ешкім де тыңдамайды. Әрине, тек махаббатты айта бермейміз. Арасында
патриоттық әндер де болады. Жаның соны сұрап тұрады. Қазақ тілі, қазақ халқы
туралы рухты әндер жазып жүрміз. Бірақ болашақта тәрбиеге қатысты әндер жазу
ойда бар. Осыдан он жыл бұрын қазақша ән тыңдау ұят сияқты көрінетін. Қазір бұл
түсінік жойылды. Біздің әндеріміз, басқа да эстрада әншілерінің әндері қай
жерде болмасын сайрап тұр. Біздің студия заманауи стильдің қалыптасуына үлес
қосты. Бізге әуелгіде әннің философиясы, мағынасы маңызды емес болатын, тек
қазақша тыңдаса екен дейтінбіз. Мен үшін адамның діні маңызды емес, ол қазақша
сөйлесе болды. Менің басты мақсатым да, топ әртістеріне қояр талабым да – қазақ
тілі. Біз қазақтілді қазақтарды қазақша рэпке үйреттік, енді орыстілді
қазақтардың бойына қазақша рэпті сіңіруіміз керек» - дейді.
Қазақша рэп
дегенде, «ASh Kazakh PRO» студиясы секілді «Жамағат Про» студиясы аталады. Бұл
студияның құрамында Жақау және Диди, Мұңайтар, Тарлан атты әртістер бар.
Студияның «Қазағыма лайықты» атты өнімі Қазақстанға тараған. Топ құрамындағы
Жақау 2002 жылдан бері рэп сахнасында. «Смерч» тобы болып өнер мен мәдениеттің
ошағы Алматыдан 3000 шақырым қашықтықтағы Жаңаөзенде құрылған. «Жамағат Про»
студиясының негізі 2011 жылы желтоқсан айында қаланған.
Көбіне дін
тақырыбын көтеріп жүрген студия сарбаздары туралы жастар арасында оң
көзқарастар басым. Оны аталмыш студияның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан
аңғаруға болады.
«ASh Kazakh PRO»
студиясының директоры Шыңғыс Әлкеев: «Жамағат Про» студиясы туралы естуім бар.
Олар өз музыкалары арқылы жастарды дінге тартатын секілді. Адам өз ұстанымын
100 пайызға ұстанып қалу керек. Олар дінді «фишка» ретінде пайдаланып отыр», -
десе, осы студияның әртісі Мақсат: «Олар туралы естуім бар. Олар ASh Kazakh
құрылып, енді жұмысын бастаған кездегі нәрселерді енді жасап жатыр», - дейді.
Жамағаттықтар да қазақша сапалы рэптің қалыптасуына өз үлестерін қосып келе жатқан топ. Олардың 2012 жылы шыққан «Телеарна» бейнеклипі рэп тыңдармандары арасында кең таралып кетті. http://www.youtube.com/watch?v=UNwbbm8c0qE
ПІКІР АЛМАСУ
28/04/2017 15:40
Аралас және өзгетілді мектептер Президент жолдауының 100% орындалуына кедергі келтірмей ме?
|
ТЕКСТ