THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті мен «Ертіс» футбол клубы ынтымақтастық туралы
меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қою рәсіміне
С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариев пен «Ертіс» футбол клубының
директоры Игорь Елащук, команданың басты ойыншылары Эвандро Ронкато, Фернандер
Кассай, Карлос Фонсека, Алассане Ндиайе, Томас Жирсак қатысты.
Келісім негізінде «Ертіс»
футболшыларының С.Торайғыров атындағы ПМУ бакалавриат, магистратура және
доктоантура бағдарламалары бойынша білім алуларына және шетелдік футболшылардың
қазақ тілі мен орыс тілін меңгерулеріне жол ашылады.
Сонымен қатар, «Ертіс» футболшылары
С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері мен білім алушыларына арнайы шеберлік сыныптар
өткізіп тұрады.
С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры өз
сөзінде спортшылардың университетте білім алуына барынша қолдау жасалатынын
мәлім етті. «Бұл келісім студенттер үшін тиімді. Футболшылардың университет
қабырғасында білім алуы, шеберлік сынып өткізуі студенттердің футболға
қызығушылығын арттыра түсетіні анық», дейді университет басшысы.
«Ертіс» футбол клубының директоры Игорь
Елащук бұл өзара ынтымақтастық құжаттың спорттың дамуына жасалған жаңа қадам
екенін атап өтті. «Біздің футболшылар өз ісінің шебері ғана емес, жан-жақты
білімді болғаны дұрыс. Ал шетелден келген футболшылар біздің еліміздің тарихын,
мәдениетін және тілін білуге құштар», дейді И.Елащук.
Кездесуге жиналған студенттер өздерінің
сүйікті спортшыларына сауалдар қойып, клуб мүшелері туралы ақпарат алуға
мүмікіндік алды.
BNews.kz
ПІКІР АЛМАСУ
08/10/2025 11:22
Мемлекеттік тілді дамыту институтында «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2025» байқауы жарияланды
|
03/10/2025 15:14
Мемлекеттік тілді дамыту институтында жетілдірілген бағдарламаның жобасы талқыланды
|
09/09/2025 16:02
Ұлт ұстазының туған күніне орай А. Байтұрсынұлы музей-үйінде дөңгелек үстел өтті
|
19/08/2025 18:30
AlmatyTil.kz – тілді үйренушілерге де, үйретушілерге де арналған ортақ мекен.
|
01/06/2017 16:43
Орыс тілді мектептерде тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері
|
ТЕКСТ