КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мына арада менің есімім туралы сөз болып қалған екен, негізі менің азан шақырып қойған атым – Дулат екен. Бірақ ата-анам кішкентай күнімнен еркелетіп "ДУкен" деп атап кетіпті. Сонымен Қытайда "ДУкен Мәсімхан" болып жүрдік. 
1993 жылы Қазақстанға келгеннен бастап "Дүкен" боп кеттім. Газет-журналға атымды "Дукен"деп жазып берем, бірақ "Дүкен" боп шыға келем. Түзете-түзете, айтыса-айтыса, кейін тіпті шаршадым. Азан шақырып қойған ныспымды қайтарып алайын десем, Қытайға барып анықтама әкеліп, мұндағы құқық қорғау органдарымен соттасып, одан соң қолымдағы маған қатысты құжаттың бәрін өзгертуім керек екен... Ол қадамға да барар едік, алайда Шығыс Түркістан кезеңіндегі әдебиеттен кандидаттық диссертация қорғауыма және қазақстандық БАҚ-та арғы беттегі ағайындардың саяси-әлеуметтік жағдайы туралы жиі-жиі ашына жазып-айтқаныма байланысты, 1994-2008 жылдар аралығында туған өлкеме бару мүмкіндігінен мақұрым етілдім. 
2008 жылдан кейін жалпы ҚХР-ға, оның ішінде Шынжаңға Қазақстаннан қауіп жоқ екенін білген соң ғана, Қытай үкіметі менің туған жеріме аман-есен барып-келуіме кепілдік берді. Бұл кезде есімім туралы ол елден "анықтама" әкеліп, бұндағы мекемелермен соттасып жатудың қажеті қалмаған еді. Өйткені бұл кезде Қазақ еліне "Дүкен" деген атпен азды-көпті танылып қалдық, бала-шағамның бәрінің әкесінің аты "Дүкен" болып кетті. Толып жатқан құжаттарға, дипломдарға, марапаттарға "Дүкен Мәсімханұлы" болып жазылып кетті... Сонымен "бопты!" дедік те қойдық. "Дүкен" деген ныспы жалғыз менде ғана емес қой, керек болса қазақтың ұлы қобызшысы, сазгері Ықыластың әкесінің аты да "Дүкен" екен... Оның үстіне, мына постта менің бауырларым айтып жүрген әзілдің ең алғашқы авторы қазақтың ұлы перзенті, ғұлама ғалым З.Қабдолов болатын. 
Қазір алты Алашқа аты мәшһүр журналист, талантты қаламгер Есенгүл Кәпқызы кандидаттық диссертация қорғаған кезде (жаңылмасам 2000 жылы болу керек) мен екінші ресми оппонент болғам. Бірінші ресми оппонент сөйлеп болғаннан кейін, диссертациялық кеңестің төрағасы, жиналысты жүргізіп отырған марқұм Зекең: "Енді диссертанттың екінші ресми оппоненті Дүкен Мәсімханұлына сөз береміз" – деп мені мінбеге шақырды. Мен орнымнан тұрып, мінбеге жеткенге дейінгі аралықта Зекең: "Сіздер "Дүкен" десе, бұл жігітті киоскі екен деп қалмаңдар, бұл – Рамстор!" – деді әр сөзін баптап сөйлейтін әдетімен. Содан бастап КазГУ-дегі біраз жұрт мені "Рамстор" деп атап жүрді... 
Демек маған "Рамстор" деген атты анау-мынау емес, Қазақтың біртуар ғалымы, ұлы ғұламасы Зейнолла Қабдолов берген болатын... деп бір мақтанып қояйын...

Дүкен Мәсімханұлы
Facebook-тегі парақшасынан
alashainasy.kz

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 948 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2142 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2868 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2630 0




28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 207165 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 192072 0





26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 124087 0










ТЕКСТ

Яндекс.Метрика