КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тіл туралы айтқанда мемлекеттік тіл – ана тіліміз үнемі ойымыздың бір түкпірінде тұратыны шындық.
Себебі: «Тіліңді сыйламағаның – ұлтыңды сыйламағаның» деген аталы сөз жадымызда. Біртуар ақын Мұқағали Мақатаев бірінші бақытын халқына баласа, «...ал екінші бақытым – тілім менің, тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, қасиетті тілімнен түңілмедім» деп қасиетіне, барына, базарына теңеді. Иә, қазақ тілі – қасиетті де қадірлі тіл, аз сөзбен-ақ ойыңды аңғартып, бір ауыз сөзбен дауды доғаратын да – қазақ тілі. Алаңдайтынымыз – оның шынайы жағдайы. Елдіктің негізгі шарттары, ұрпақ тәрбиесі, түптеп келгенде, мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенетін болғандықтан, тілге қатысты проблема толық шешімін тапты деуге әлі ерте. Қазіргі кезде қазақ тілі – өсіп-өркендеген тіл, қоғамның барлық салаларында қолдануға жарамды, заман талаптарына толық жауап бере алатын тіл. Алайда біз көңіл бөлуге тиіс мынандай жайттар бар. Тәуелсіздік алғанға дейінгі құжат атаулы орыс тілінде жүргізілді. Негізінен, білім осы тілде беріліп, осы тілдің қарыштап ілгері дамуына жабыла қызмет еттік. Егемендік алған алғашқы жылдары ана тілінде сабақ жүргізу барысында, іс жүргізуде болсын термин тапшылығы қатты сезілді. Өкінішке орай, кей салалар бойынша бүгінгі күнге дейін толық шешім табылған жоқ. Дегенмен содан бері тіл жанашырлары мен тіл білімі саласы мамандарының қажырлы еңбегінің арқасында бүгінде қыруар шаруа атқарылды, түрлі салалар бойынша терминологиялық сөздіктер жарық көрді. Тіл – халықтың, ұлттың баға жетпес ең қымбат киелі қазынасы, оның бірден-бір иесі – халық. Оны бағалап, сақтап, кемелдендіріп, келесі буынға жеткізіп отыру – әрбір ұрпақтың міндеті. Ауызекі тіл атадан балаға ауызша ауысу арқылы өз өміршілдігін сақтаса, ұлттың ғылыми қолданыстағы тілі түрлі сөздіктер арқылы сақталып, жүйеленіп, топтастырылу жолымен сарапталып, кейінгі ұрпақтың игілігіне айналып отырады. Ендеше, қасиетті тіліміз ұлтымыздың да төлқұжаты дегім келеді.

Жылыой аудандық Халыққа қызмет көрсету
орталығы бөлімінің инспекторы.
Кең жылой

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 948 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2143 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2868 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2630 0





ТЕКСТ

Яндекс.Метрика