THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Латынға көшудің қазақтан басқаға қатысы жоқ. Бұл қалай?
Авторы: Нұрзат Тоғжан
18/08/2017 16:47 0 54220 2
Латыншалауға қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пікір айтты. Біздің түйгеніміз - латындану қазаққа ғана қатысты екен.
"Хабар" арнасына сұхбат берген Президент Назарбаев латын әліпбиіне көшу процессі туралы да айтты.
Латын әрпіне көшкенде, біз орыс тілінен қашып кетейін деген жоқпыз. Осындай алып-қашпа сөздерді кейбір саясаткерлер айтады. Әсіресе орыс тілінде. Әліпби тек қаға қазақтың тіліне қатысты мәселе. Ғылым менен техниканың көзі болып отырған, көп аударылған орыс тіліне, барлығын ажыратпасақ, меніңше біз байымаймыз, кедейленеміз. Бұл жатқан үлкен мәселе. Үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Жақында мен бір-екі мәтінін қарайтын боламын. Осымен шұғылданып жүрген ғалымдарды, тілмаштардың барлығын жинап, солармен отырып, қарап бір жобаға тоқтайтын боламыз", - деді Президент Назарбаев.
Бұл Елбасының айтқаны. Сөзбе-сөз. Алып-қосқанымыз жоқ. Латын әліпбиіне көшу Қазақстандағы қазақтан басқаға еш қатысы жоқ процесс екен. Орыс диаспорасы үшін орыс тілінде жарық көретін басылымдар әм кириллица әліпбиі сақталып қалады екен. Бұны да Президент айтты.
Сөйтіп, айыр тілді саясаттан үш тілге көшкен Қазақстанда енді қос әліпбиі болатын көрінеді.
Бізден дерек. Қазақстан халқының саны 18 миллионға жуықтапты. 18 миллион қазақстандықтың 71 пайызын қазақ ұлтының өкілдері құрайды екен. Иә, 71 пайыз қазақ елде бар. Бұған қоса, 80 пайыздан астам аудитория қазақ тілді екенін есепке алыңыз. 80 пайыз деген қазақ тілін еркін меңгерген, сол тілде сөйлейтін жұрт. Сөйтіп, статистика Қазақстанда абсольютті доминант тіл – қазақ тілі, басым ұлт – қазақ болды дегенді анық айтып тұр.Сонымен қатар, Президент тапсырмасына сәйкес, елімізде 2025 жылға дейін қазақ тілін еркін меңгергендер саны 95%-ға жетеді.
Айтпақшы, 1991 жылы еліміздегі орыстардың жалпы саны 5,9 млн болған. Қазір 3,7 млн орыс қалды. Орыстардың саны 2 млн-ға азайды.
2030 жылға арналған стратегиялық перспективада ең төменгі пайымдау бойынша қазақ ұлтының саны 82-85 пайызды құрайтын болады. Басқа ұлыстар мен этникалық топтардың саны 15 пайызды қамтымақ. Бұл Мемлекеттік органдардың ресми статистикасы. Сандар елдің қазақыланғанын көрсетіп отыр. Ендігі сұрақ: Президент айтқандай Қазақстандағы орыс диаспорасы үшін ғана сақталып қалатын кириллицаға қажеттілік қанша?
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ