КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Патша үкіметі тұсында орыстың тарих ғалымдары бүкіл елді мекендер мен ауылдық жерлерді аралап жүріп, көнекөз қариялардың аузынан әңгімелер жазып алатын еді. Бұған ел қазынасынан арнайы қаражат бөоінетін. Ал бүгінгі таңда Тәуелсіздігімізді алған 25 жылдың ішінде елді мекендерді аралап, өткеннен сыр шертетін қариялардың әңгімесін тыңдайтын тарихшыларымыз некен-саяқ. Еліміздің түкпір-түкпірінен Астана төріне жиналған тарих ғылымының мамандары осы салада қалыптасқан түйткілді мәселелерді кеңінен талқылады.
     «Патша үкіметі дәуірінде жүргізілген қитұрқы саясаттың құрбаны болған азаматтарымыз бен репрессияға ұшырағандар туралы, ашаршылық жылдарында қазақ халқының тартқан тауқыметі жайлы сол дәуірде өмір сүргендер ғана біледі. Ал өткен ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген ата-әжелеріміздің алды 100 жастан асыпты. Қарияларымызды сұхбатқа тартып, аласапыран жылдардың шынайы бейнесін қағазға түсіріп алмасақ, тағы бірер жылда қолымызды мезгілінен кеш сермеп қалуымыз әбден мүмкін. Бүгінге дейін зерттеліп, жүргізілген статистикаға сүйенсек, 25 мыңға жуық қазақ репрессияға ұшырапты. Соның 50-60 шақтысының ғана өмірі зерттеліп, кітап беттеріне түскен. Қалғанын зерттемек тұрмақ, аттарын да білмейміз. Ал осы марқұмдар жайлы бізге солардың көзін көрген қариялар ғана айтып бере алады емес пе?! Олардан да көз жазып қалсақ, зұлматты жылдардың құрбандары жайлы шынайы деректерді кімнен аламыз?
    Бұл мәселені үкімет деңгейіне дейін көтеріп, мамандарымызға қаражат бөлдіруіміз қажет. Әр облыстағы тарихшылар өз өңірін жете зерттеп, қоғаммен етене жақын жұмыс істеуі тиіс. Өйтпегенде, келешек ұрпақтың алдында өз міндетімізді жеріне жеткізіпатқара алмай, масқара боларымыз анық. Бұл тұрғыдан алғанда, Армян халқын өзімізге үлгі етсек болады. Әлемнің көптеген елдерін аралап, жалпы саны 30 мың құжаттың 17 мыңнан астамының көшірмесін алып, зерттеуге алыпты. Бұл мәселені қолдауды мемлекет өз мойнына алған. Сонда армяндардан қай жеріміздің кем болғаны? Астымыз байлық, үстіміз байлық. Еліміздің өткені, бүгіні және болашағы үшін аса маңызды – тарихымызды зерделеуге қаржы бөлмегенде, қайда жұмсамақпыз бұл байлықты?», – деп ашына жеткізді мамандар көкейлерін тескен мәселелерді.
    Ғалымдарымыз «жиында айтылған проблемалар осы жерде қалып қоймай, құзырлы мекемелердің назарына жетсе, мамандарға қолдау көрсетіліп, бәрімізге ортақ тарихымызды әрі қарай зерделеуге бір кісідей атсалыссақ» – деген өтініштерін жеткізді.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика