КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Рухани жұтаңдық көркем шығарманың бетін ашпаудан дей бергеннен түк шықпайды. Одан да бұл олқылықтың орнын толтыруды ұлттық кино өндірісінің еншісіне қалдырсақ болады. Осыдан екі жыл бұрын «Қазақфильмде» режиссер Ақан Сатаев «Жаужүрек мың бала» фильмін түсірді. Онда XVIII ғасырдың басындағы «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламада» жоңғарлармен болған шайқас, қазақтың басына төнген ұлы нәубет көрініс табады. Осы қантөгісте ересектермен бірге Сартай бастаған жас жігіттер атқа қонады. Санаға сілкініс салып, елдікке үндеген, жастар арасында резонанс тудырған бұл фильм оны түсіруге жұмсалған қаржыны еселеп қайтарды. Енді осымен шектелмей, дархан даламыз үшін күрескен Абылай мен Қабанбай, Оспан батыр сияқты тарихи тұлғалардың ерлігін неге телесериалға айналдырмасқа?! Ал әзірге, Қытай киногерлері түсірген «Шыңғысхан», түріктердің «Сүлеймен сұлтаны», кәрістердің ұлы батыры «Жу Моң» мен ержүрек қызы «Дон И» телесериалдары сияқты тарихи фильмдер телеарналарымызды жаулап алып тұр. Тіптен кәрістер туырлықтай жерін жаудан қорғап қалған ұлттық батырларын қалай дәріптейді. Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын қазақ елінің даңқты қолбасшылары да осал болмаған шығар. Жас буынның кумирі –«Титаник» фильмінде ойнаған Леонардо ди Каприо, Гомердің «Илиада» поэмасының желісімен түсірілген «Троя» тарихи драмасындағы Брет Пит. Сол шетел сериалдары жанымыздың құрамдас бір бөлігіне айналғалы Түркия мен Қытайды, Оңтүстік Кореяны бір көру қазақ баласының қиялына, олардың батырлары идеалға айналды. Идеал демекші, бүгінгі жас кімді пір тұтуы шарт? Кімге қарап бой түзесе болады? Біле-білгенге, кино өндірісі – үлкен идеология құралы. Ұтымды түсірілген телесериал бала түгілі ересек адамды еліктіреді. Ал албырт, неге болсын еліктегіш жасқа тіптен кінә артуға болмас. Болашағын бағамдайтын дамыған мемлекеттер тарихи фильмдерін түсіру арқылы ірі тұлғаларын тарих сахнасына шығарды. Әрі сол мақсатқа қаржысын аямай құяды. Жастарға кінә артудың қажеті жоқ. Әзірге ұлттық кино өндірісі көбіне жеңіл әзіл-қалжың мен арзан күлкіге құрылған фильмдер түсіруден әріге бара алмай жүр. Бізде тарихи шығармалар жоқ емес. Тарихшылар да елге Қытайдың бір өзінен қазақтың өткеніне қатысты есепсіз мұрағаттар легін (қателеспесек 200) жеткізді. Талантты актерлер де баршылық. Ендеше, мәселе қазақы болмысты білікті режиссураға келіп тіреледі. Бұл орайда өнер майталмандары баяғыдағыдай аракідік ауылға да ат басын бұрса дейсің.
Кім біледі, аядай клубтағы ат төбеліндей патша көңіл көрерменнің арасында болашақ режиссер отырған шығар. Ұлттық өнердің қайнары – кіл қаймана қазақтың ортасы, ауылда ғой.

Рауза МҰСАБАЙ
Отарқа

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208166 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 194697 0



26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 128581 0











ТЕКСТ

Яндекс.Метрика