THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Сүйемін, өскен отаным….
Авторы: Гүлнар ТҰРЫМТАЙ, Алматы қаласы бойынша КБД, баспасөз қызметі
07/06/2017 12:28 0 43198 0
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт – сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халқымыздың бақ жұлдызы. Еңселі еліміз бодандықтан арылып, тәуелсіз, дербес, зайырлы мемлекет болып қалыптасты. Өткенді ой елегінен өткізіп, еліміздің қарқынды дамуына шабыт берер ұлттық идеологиямызды дамытуға барынша күш салсақ нұр үстіне нұр болары анық. Солардың ең бастысы тіл тағдыры – ел тағдыры. Мұны бірінен-бірін бөліп қарауға болмайтыны хақ. Туған тілің қадірің дейміз осы тұрғыда бұл өз еліміздің болашағын ойлағанда оны туған тілімізбен байланыстыра ойлаймыз. Себебі, елді тарихи бұралаңдар мен шатқалдардан алып шығатын қанша адасып, сүрінсе де ақыры түбі елді ежелгі мақсатқа аман алып баратын да осы тіл. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Тіл туралы Заңын орындау мақсатында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Департаментте мемлекеттік тілді дамытуға арналған мемлекеттік тілді іске асыру шараларының негізінде, кеден қызметшілері, қазақ тіліне деген көзқарасын өзгертіп, ол мемлекеттік тіл болғандықтан, осы мемлекетте тұратын әрбір азамат оны үйренуге тиісті екендігін түсінуде. Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді анасындай аялап, қорғауға міндеттті. Қазақ тілін шынайы мемлекеттік тілге айналдыру әрбір мекеменің, азаматтың міндеті болып табылады. Бүгінде кез – келген саланы алып қарасақ, басым көпшілігі жастар. Қазақта «Шыбықты қалай исең, солай қисайады» деген аталы сөзі бар. Міне, келешек өкше басарларымызға дұрыс бағыт – бағдар сілтеп, олардың елжанды азамат болып қалыптасуына жақсы тәрбие беру керек. Жас ұрпақ, атап айтқанда жас кеденшілер өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеретін, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай, қазақ тілін жетік меңгерген, қазақтың салт-дәстүрін әрдайым жадында ұстайтын азамат болуы шарт.
Бүгінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған Дәстүрлі Жолдауындағы қадап тапсырылған бағыттарды орындау барысында, алматылық кеденшілер қызмет шеңберімен қоса, мемлекеттік тіл, елжандылық секілді асыл қасиеттерді қызметкерлердің бойына терең сіңіру жолында талай келелі істер атқарып келеді. Соның бірі қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арналған «Сүйемін, өскен Отаным» – атты әдеби-танымдық ашық сабақ орталық қалалық А.П.Чехов атындағы кітапханада болып өтті.
Аталмыш игі іс – шараға алматылық кеденшілердің арнайы әзірлеген, Мұқағали Мақатаевтің өз даусымен жазылған сыны мен сыры бөлек салиқалы сөзімен ашты. Келелі шара аясында ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шертетін көркем фильмдер көрсетіліп, өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Айшықты астармен, тартымды тұспалмен, ұтқыр ұйқаспен көмкеріліп, рухани терең тебіреністің өрнекті өзегінен өрбитін көмескіге көзі қырағы біртума ақынның орамды ойлары, күйінішті жан күйзелісі, сүйінішті сырлы сезімі айрықша дарынды, сағыныш сарынды өлмес өлең жолдарынан келісті көрініс тауып, алматылық кеденшілердің жыр сүйер қауымы Мұқағали рухына тағзым етіп, өлеңі арқылы өзімен сырласқандай күйде болды.
Департамент аясында өткізілетін сан алуан іс-шаралар кеденшілерді болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене алатын, Отанын сүйетін, нағыз патриот тұлға етіп даярлауға бағытталады.
Экономика
ПІКІР АЛМАСУ
ТЕКСТ