КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары, сіздер «Бәйтеректің» маңайындағы тізілген гүлді-гүлді, әлем-жәлем боялған аттарды байқаған шығарсыздар. Төрт-бес жастағы балаларға дүкеннен сатып әперетін ойыншық аттар дейін десем, тұлғасы шын аттардікіндей, бірақ түстерінен көз ұялады.
    Біздің қазақ жылқыны негізінен тек түсімен атаған. Мысалы, Тайбурыл, Байшұбар, Керқұла, Қарақасқа және т.б. Өкінішке орай, бүгін дала қазағы болмаса, қала қазағы жирен, құла кер, бурыл деген жылқы түстерін дөп басып айта алмайтын қалге жеткен.
    Шіркін, «Бәйтеректің» қасындағы ойыншық аттардың орнына өзіміздің халық ауыз әдебиетіндегі тұлпарлар тұрса ғой. Ата-аналар балаларын ертіп келіп, мынау Алпамыстың Байшұбары, мынау Қобыландының Тайбурылы, мына тұрған Қамбардың Қарақасқасы деп аралатып жүрсе ғой. ЭКСПО-ға келгендер де мынау қазақ деген рухани бай, тамыры терең, рухы биік, өткенін қатты қастерлейтін халық екен деп таң қалар еді.
    Ал, енді осы шаруаны жүзеге асыру мүмкін бе?
    Әрине, мүмкін!
    Біз мәдени мұра бағдарламасы аясында жүз томдық «Бабалар сөзін» шығардық. Енді сол бай мұраны сөрелерге кітап қылып жинап қоймай, суретке айналдырып баланың қолындағы электронды құралдарға әкеп салу керек. Әр тұлпардың кітапта сипаттамасы бар, соны тауып суретшілерге беріп, қазылар алқасын құрып бірнеше суретшінің ішінен біреуінің салғанын таңдап бекітіп қойса, бәріміз кез келген бірізденген әлгі тұлпарды баланың оқулығынан, мультфильмнен, жарнамалық ақпараттардан, көшедегі мүсіндерден көрсек, жазбай таныр едік...
    Батыстың идиологтары қолдан, ойдан бастары үшбұрышты, төртбұрышты жасанды құбыжық кейіпкерлер жасап, балаларымыз оны пір тұтып, уланып жатқанда, ата-бабам қалдырған мол мұраны ұқсата алмай отырғанымыз ұят-ақ.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


08/06/2017 11:00

Ойыншық ат
0 70332 6

05/05/2017 14:45

ҮШ ҚАТЫН
0 55705 0


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика