КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

    1941 жылы Менгеле Иозеф деген дәрігер Гитлерге не деп хат жазды? Әйелдің үш ұяты қандай? Зинақор шалдың қабыры.

Гитлерге хат

    1941 жылы, немістің Менгеле Иозеф дейтін дәрігерінің концлагердегі тұтқындарға түрлі эксперимент жасап жүрген кезі. Не керек, қыркүйек айында, біздің кейіпкердің мекемесіне Ресейден алғашқы тұтқындар келеді. Тең жартысы қыз-келіншек екен. Менгеле оларды тәжірибе алаңына әкеп, біртіндеп зерттеп көре бастайды. Көреді. Көрген бойда, бірден, Гитлерге суыт хат жазады.
    «Менің Фюрерім. Мына нәрсені айтқым келеді: Орыстармен соғыс ұзаққа созылуы мүмкін. Бәлкім, жеңіс.... Себебі – тұтқынға түскен орыс қыздарының 98%-ы бейкүнә...»
    Осы хатты оқығанда Гитлерді қайдам, мен аң-таң қалғам. «Пәктік пен соғыстың не қатысы бар?». Кейін білдім. Мысал келтірейін: Көз алдыңызда өскен бейкүнә, пәк қызды қайсыбіреулер қорлап жатса, сіз қайтесіз? Қыздың арын қорғау үшін әлгілердің қолында өлуге барсыз. Бұл ісіңіз ақтауға да, мақтауға да тұрарлық болар еді. Ал енді, керісінше болса ше?!
    Көршінің қызы кім-көрінгенмен ыржалақтасып тұратына куәсіз. Сырттай «жүргіш» екенінен де хабардарсыз. Сол қызды біреулер келіп, жұлқылап жатса, балағаттаса, шашынан жұлса... Сіз қайтесіз? Оқталып барып, «Әй қойшы, өзіне де сол керек» дерсіз. Бұл тірлігіңізді мақтай алмаймын, бірақ ақтауға болады.
    Енді көрші-қолаңға қараңыз. Группалас, сыныптас, әріптес қыз-келіншектерге қараңыз. Қайсысына көмекке ұмтыласыз, қайсынының қасынан өте шығасыз? Мойындаңызшы, сіз жанынан өте шығатындардың қарасы көп иә?! Сол көптің кесірінен ғой, қарындасын қорғауға тиіс бозбаланың аузынан шығар сөз: «За бабу не базарим».
    Бүгін қыз үшін «базарить» етпейтін ұрпақ, ертең анасы, қарындасы үшін де қыңқ етпейтін болады. Әйел баласының ар-абыройы жер болған ел – көп өтпей өзге бір елдің езгісіне түседі. Бұл аксиома. Мұндай қасірет болмасы үшін, қыздарымызға ар, намыс, ұят дегенді жастайынан сіңіру керек. Ұят демекші.

Үш ұят

    Шымкентте, сурет колледжінде оқып жүрген кезім. Гүлфайрус есімді қыз болатын. Менен 1 курс жоғары оқиды. Өзі еліктің лағындай. Әп-әдемі сондай... Ұнайтын. Жо-жоқ, түрі емес, мінезі, ұялшақтығы.
    Көзіне тіке қарасаң да ұялатын, күлдіргі сөз айтсаң да ұялатын. Ұялғаны сол, шашын тістеп-ап, екі-үш ретайналатын. Жә, не айтқым келді дейсіз ғой? Бұл ұялу қызға тән ұялу екен. Негізі, әйел баласының бойында үш ұят болады екен. Біздің мынау айтқанымыз - бірінші ұялу. Бұл ұят алғашқы неке түні кетеді деседі. БІРІНШІ ұят демекші, бұл дүниені неке қиюшы молда жақсы біледі. Рәсім кезінде «тұрмысқа шығуға разымысыз?» - деп сұрақ қояды. Қыз қысылып, жауап бере алмай тұрса, қайта-қайта қыстамайды. Себебі, қыз бала «иә» деуге ұялуы мүмкін. Сондықтан, үндемеуі – келісті деп саналады. Ал жесір әйелге талап басқа. Ол неке қию рәсімінде міндетті түрде «иә, разымын» деп айтуы қажет. Себебі – ол қыз емес.
    Енді ЕКІНШІ ҰЯЛУға келсек. Екінші ұят бала туғанда жойылады. Келін кезіндегісі мен бірнеше баланың «мамасы» болған шағында біраз «айырмашылық» көрсеңіз, осы ЕКІНШІ ҰЯТ кінәлі (Әрине әзіл).
    ҮШІНШІ ҰЯТ. Біздің аналарымыздың көбісі, осы үшінші ұятын жоғалтпаған күйі бақилық болатын. Ал үшінші ҰЯТ - әйел адам зинаға түскен түні жойылады. Үшінші ұятын жоғалтқан қазақты да жоғалтады-ау осы... Бірақ, қыз ұятын жоғалтуға сіз бен біздің де қатысымыз бар. Жә, «Өгіз, тана» деген әңгімені қоя тұрыңыз...
Бір "атам" бар еді...
    Иә, ол кісі біздің көшенің басында тұратын. Сақалы дөңгелене біткен, қияқ мұртты, қыр мұрынды. Қысқасы, түрі киноға сұранып-ақ тұр. Өзінің "мачо" екенін қу бәле білетін. Әдемі қыз-келіншек көрсе, сумаң етіп сол маңнан табылатын. Не керек, сол шал бір күні өлді. Қайтыс болды, қайтты деп қайырлы өлімге ұқсатқым келмейді. Өлді. Иә, өлді... Қабірге қоятын да сәт келді. Екі баласы шұңқырға түсті. Арулап, екі жағынан екеулеп ұстады. Еңкейіп қабірдің ұяшығына денені қойғалы жатқан. Шыңғырып екеуі де атып-атып шықты. Әкесінің мәйіті құлады да қалды... Жұрттың бәрі:
    – Не болды? – десті.
    – Қабір іші жылан тола, құжынап жатыр, – дейді.
    Үрпиісіп қалдық. Бір уақытта қабірге молда түсті. Күбірлеп жатыр. Еміс-еміс естігенім: – Әй қабір иелері! Мәйітті қинау сендердің міндеттерің. Біздің міндет жерге тапсыру. Орындауға рұқсат беріңдер!
    Кейін молда айтады: «Солай рұқсат сұрап ем, жылан біткен қабырғаға қарай ығыса кетті». Ағамыз мүрдені қабір ішіне салды. Енді лахат (мәйіт жатқан ұяшықты) кірпішпен жабу керек. Көмекке мен түстім. Арғы әлем мен бергі әлемнің арасын кесектермен жауып жатырмыз. Арғы беттен "қырш-қырш" еткен дыбыстар естіледі. Тісің қышырлап, денең шымырлайды-ай, анау дыбыстарды естісең... Зәрем зәр түбіне кетті.
    Қайтып келеміз. Жанымда әлгі молда кісінің үш кейіпкер туралы хадис айтқаны есімде қалыпты. Кәззап патша, тәкаппар кедей, сосын зинақор шал. Міне осы үшеуі Алланың мейірімінен мақұрым қалатындар деді... Көзіме жас келді. Өзімді ойладым, өзімнің достарымды ойладым...
    Көбіміз «Үйленгенше қызға барып қалайық»-деп жүреміз. Үйленеді. Көзді ала бере, «левый» жүретінін қоймайды. 40-қа келгенде қоям дегені де сылтау боп қалады. Ақыры, хадистегідей зинақор шал болады, ал оған енді хадистің үкімі жүреді.. 
    Ойнастың жазасын тек қабір мен ақыретте татпайды екенбіз. Осы өмірде де трихоманиаз, гарднереллез, мерез деген ақшаға емдеуге болар бәлекеттерді қойшы, ақшаға сатып ала алмайтындай дүниеңді бұзасың. Ол – өзіңнен кейінгі ұрпағың.

Мораль

    Бауырым! Қарындасым! Сен үшін «Өмірден қалағаныңды ал», «Жас кезіңде жүріп қал» деген ұрандар өмірлік ұстанымың болмауы тиіс. Арыңды жасыңнан сақта. Себебі – дін тұрғысынан да, әлеуметтік жағынан да ең бастысы – баламыз. Сондықтан бәрі де: қандай жеміс егетініміз де, ұлтымызға қандай мүмкіндік беретіміз де – өз қолымызда.

Жақсы 24/7

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 208166 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 194694 0




26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 127962 0










ТЕКСТ

Яндекс.Метрика