КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

 

Тіл қашанда бейімделуге, ыңғайлануға, адаптациядан өтуге тырысады. Және бүгінгі ауыспалы заманда да тіл дәл сондай процесті бастан кешіріп жатыр. Ал қазіргі кезде тілдің бейімделіп жатқан саласы – интернет. Бүкіл әлем тілдері осынау интернет тілінің қалыптасуынан коррозияға ұшырап жатыр. Осы күнге дейін адамзат баласында тілдің екі формасы бар болатын: ауызша және жазбаша. Ал қазіргі таңда бұл екі форманың арасындағы шекара бұзылған. Мұны интернеттегі тілдің қалыптасуымен түсіндірсе болады: интернет ауызша формалы тіл мен жазбаша формалы тілді араластырып (модификацияға ұшырады) жіберді. Ал бұл өз кезегінде ауызша тілдің де, жазбаша тілдің де табиғатын бұзуға алып келді. Бұл біз үшін тілдің бұзылуы, өзгеріске ұшырауы болса, екінші жағынан, ғылыми жағынан алсақ, бұл тілдің жай ғана адаптациялануы еді.

Интернет тілі, негізінен, жазбаша тіл, формальды тіл. Алайда интернет тілі құрылысы, грамматикасы жағынан өзгерген, ауызша тілдің элементтері қосылған. Біздің өміріміздің барлығын компьютерлер, смартфондар, IBM-дер билеп тұр. СМС-хабарламалармен ғана дискурс орнатамыз. Көп жағдайда жазбаша тіл ауызша тілді ығыстырып жатады. Тіпті, ауызша тілдің функциясын атқаруы үшін интернет тілге смайликтерді ойлап тапты. Сонымен, бір жағынан, жазбаша тіл ауызша тілге айналып бара жатқанын, ал, екінші жағынан, жазбаша тілдің басқыншылығы байқалады, алайда бұл жазбаша тіл өзгеріп жатыр. Тілдің мұндай прогреске ұшырауы бұрында да техника заманында болмады дей алмаймыз. Ол уақыттарда телеграф, телефон желісі, магнитофон ауызша тілдің дамуына, жоғалмауына үлес қосты. Ал бүгінгі интернет тілі мұны өзгертіп жатыр. Бұл прогресс күйінде тілдер не істей алады.

Сондықтан жаңа визуалды тілдің сауаттылығын жоғалтпау үшін жазба тілдің формаларын ойлап табу керек. Дәл осындай жоба жүзінде Қазақстанда қазақ тілінің интернеттің формасын – чат, блог тілдерін қалыптастыру мақсатында «Intil» жобасы жүзеге асып жатыр. Бұл сөзді толық ашып жазғанда «интернет тіл» дегенді білдіреді. Intil – бұл ақпараттар алмасу тілі, жаңалық беруші сайттар мен аналитикалық сайттардың тілі. Қазақ тілінің интернеттік жазба формасын қалыптастыру мақсатында құрылған жоба қазақ тілінің интернет аумағындағы дамуын қамтамасыз етуі қажет http://in-til.org/.

Intil 5 принциптен құралған және бұл принциптерді алға тартады. Бірінші принцип – Intil жазу формасы латын графикасына негізделеді. Екінші принцип бойынша, Intil қазақ тілінің ішкі заңдылықтары мен шарттарына негізделеді. Үшінші принцип – Intil жүйелікке ұмтылады. Төртінші принцип – Intil қысқа әрі нұсқа болуға ұмтылады. Қазақ тілі қысқа жазуға негізделмеген. Мәселен, орыс тілімен салыстырғанда қазақ тілі әлдеқайда шұбалаңқы. Ал орыс тілі қысқа әрі қарапайым болуды ағылшын тілінен «үйренді». Бесінші принцип – Intil дәлдікке ұмтылады. Сонымен Intil тілінің дамуының мынандай принциптік комбинациясын құрауға болады: Intil біздің түсінігімізде латын тілінде – әлеуметтік шарттасқан – жүйелі – қысқа – дәл болуға негізделген.

Қазақ тілінің интернет кеңістікке бейімделуін осылайша тездетуге болатын бұл жобаға кез келген тұлға қатыса алады, ол тек лингвистикалық талдаудан өтеді. Қазақ тілінің заманауи формаға көшуіне мұндай мүмкіндіктердің беретін табысы мол екенін білеміз.

сурет www.iak.kz сайтынан алынды


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика