КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Error 404

404 - Ештеңе табылмады.

Кешіріңіз, сіз іздеген ақпарат бұл жерде жоқ.

Аңдатпа Мақалада түркі әлемі бейнесінің тілдік суреттегі ортақтықтар мен ұқсастықтар ерекшеліктері сөз етіледі. 
Түйін сөздер: әлемнің тілдік бейнесі, түркілік дүниетаным, фразеология, мәдени тілдік семантика.
Smagulova G. In article features of a language picture of the Turkic world 
Key words: a language picture of the world, Turkic outlook, phraseology, cultural language semantics are considered.

Алдымен «түркі әлемі» деген тіркестің кең мағынадағы қолданысы туралы, атап айтқанда қазіргі болып жатқан саяси-мәдени әлемі жайында сөз еткеніміз дұрыс болар.
Осыдан тура жиырма жыл бұрын 1993 ж. 12 шілдеде Алматыда «Түріксой» – түркі халықтарының өнері мен мәдениетін дамытуға ықпал жасайтын халықаралықұйым құрылды. Түркі тектес халықтар мемлекеті мүше болған (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан, Татарстан, Башқортостан және Солтүстік Кипр Түрік мемлекеттері) ұйым мәдени байланыс саласында бірлесе, бір мүддеде «түбі бір түркі әлемін» тұтастыру үшін жұмыла іске кірісті.
Халықаралық ұйымның негізгі мақсаты туралы айтылған деректерге назар аударсақ, онда болашақта атқаралатын игі істердің тіл мәселесіне соқпай кететін тұстары некен-саяқ екенін байқауға болады.
Мәселен, жүргізілетін іс-шараларды саралап көрсек, «Түріксойдың» негізгі мақсаты: түркі тілдес мемлекеттердің және халықтар мен қауымдардың мәдениет пен өнер саласындағы мәдениетін дамыту, түркі әлемінің мәдени құндылықтарын тану, зерттеу, сақтау және толықтыру, оларды әлемдік кеңістікте насихаттау; тарихи, саяси және географиялық жағдай салдарынан әлсіреген байланысты дамыту; ортақ мәдени кеңістік қалыптастыру; түркі әлемінің ортақ мәдени құндылықтарын, тарихи, мәдени ескерткіштерін анықтау және жүйелеу; түркі халықтарының ұлттық мәдениеттерінің дамуына ықпал ету, олардың тума, табиғи ерекшеліктерін сақтау; түбі бір түркі тілдерін жақындастыру; тұтас тілдік орта қалыптастыру, ортақ әліпби жасау, латын графикасына көшу мәселелерін қолға алу; гуманитарлық салада әлемдік интеграциялық үдерістерді ескере отырып, түркі тілдері мен мәдениетінің қуат-күшін жасөспірімдерге тәрбие беру ісін де көрсету; түркі тілдес мемлекеттердің мәдениеті мен өнері жөнінде халықаралық ақпарат орталығын құру, т.б.
Жоғарыда біз санамалап көрсеткен атқарылатын шаралар астарында түркі тілдес халықтардың бір кездегі ортақ менталдық кеңістіктен өріс алып тараған ұлттық ерекшеліктерінің қалыптасқандығы байқалады. Сол ерекшеліктерге талдау жүргізгенде түркі әлемі бейнесінің концептуалдану жүйесін кім қалай қалыптастырды деген мәселе бой көтереді. Әсіресе, тарихи, саяси және географиялық жағдай салдарынан әлсіреген байланысты дамыту арқылы түбі бір түркі тілдерін жақындастыру және тұтас тілдік орта қалыптастыру, ортақ әліпби жасау сияқты мәселелелердің уақыт өткен сайын қажеттігі айқындалып келеді.
«Түркі әлемі» тіркесінің тілдік репрезентациясы ары қарай тілтанымдық мәселелердің көптеген сауалдарын алға тартады. Себебі «түбі бір түркілердің» о баста бастау алған мәдени бұлақ көздерінен таралаған өзендер «түркі әлемі» дейтін алып мұхитқа ұласты. Әлемдік өркениеттен өзіндік орнын алып, енді осы ХХ1 ғасыр «түркілер ғасыры» деген атқа лайық игі істерді игеруге ден қойды. 
«Әлемнің ұлттық бейнесі» сол халыққа ғана тән түсінік категорияларынан тұратын тұрақты бейнелерге байланысты қалыптасады. Ол халық дүниетанымы мен болмыс қағидасын құрайды. Түркілік біртұтас дүниетанымды қалыптастырған әрекеттерді, жағдаяттарды кеңістік пен уақыт бедерінен іздеу керек..Түркі әлемінің тілдік бейнесі деген ұғым қазіргі таңда түркі тектес халықтар ғалымдарының зерттеу нысанына айналуы тиіс.
Ең бастысы түркі тілдес халықтардың когнтивтік білім қоры бір-бірін толықтырып отырады. Олай дейтін себебіміз ортақ құндылықтар дүниесі, стеоретип дағдылар мен мәдени өмір салты және дін ортақтығы о бастағы бір тұтас менталдық кеңістікке негізделген. Ал осы тұтастықтың келбеті тілдің кумулятивтік қаситеті арқылы жинақталып, сақталып «өткен күнде белгі бар» екендігін айғақтайды. Бұл ретте түркі фразеологиясы мен паремиологиясының мәдениеттанымдық интрепретациясын ерекше айтуға болады.
Әдетте тіл-тілдегі фразеологиялық қор ұлт өмірінің айнасы іспеттес. Мұнда халықтың бүкіл өмір-тіршілігі, салты мен дәстүрі, құндылықтар жүйесі көрінеді.
«Түркі тілдерінің сөздік қорындағы ортақ лексика олардың өмір сүру тәсілдеріндегі ұқсастық, этнос тарихындағы мәдениремалардың лингвистикалық іздері мен әдебиетіміздегі ортақ сюжеттер түркі халықтарына өткендегісін түгендеуді міндет етеді.
Солардың бірі - кез келген түркі халықтарының өткен өмірінен хабардар ететін, тіршілік тынысындағы ұлттық ерекшеліктерін дәл айқындап көрсетіп, халық жадында сақталған тілдік фактілермен баяндап беретін сол ұлттың тілінің көркем дүниесі – фразеологизмдер. Тіл-тілде сақталған мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер арқылы күллі түркі жұртының ойлау жүйесі мен ұлтқа тән феномендік қасиеттер айырықша көрінеді.
Түркі тілдерінің фразеологиясы бүгінде зерттеу нысаны жан жақты, ғылыми нәтижелеріндегі өзара тілдік сабақтастық пен іргелестік о бастан-ақ антропоцентрлік қағидатқа негізделген. Себебі бір ұлт – бір тіл. Олай болса, олардың өзге ұлттардан айырмашылықтарын тек тілінде сақталған бейнелі тіркестердің этномазмұнын этнолингвистикалық және линвомәдени зерттеулер ғана тайға таңба басқандай етіп көз алдымыға әкеледі». (1,18)
Салыстырмалы түркі фразеологиясын зерттеген Қ.Қалыбаева: «Қоғам өміріндегі экстра және интралингвистикалық факторлардың нәтижесінде фразеологизмдер сол кезеңдегі орын алған тілдік қарым-қатынастың, мәдени, тарихи лингвистикалық ақпараттарын өз бойына сіңіріп, белгілі дәрежеде сақтап қалады. Сөйтіп, тарихтағы қоғамға өзгеріс әкелетін өтпелі кезеңдер тілдің фразеологиялық қорының қалыптасуында өз ізін ерекше қалдырады. Мысалы, татар және башқұрт халқының бастан кешкен тарихи оқиғаларға қатысты Мамай заманында «во времена Мамая», қырым сиреүләй, дарыны коро тотоу «жержать порох сухим», Әндрей қазынасы, Әндрей әбете, әби патша заманында «при царе горохе» секілді фразеологизмдер кезеңдердің тілдегі көрінісі» дейді. (2,62).
Негізінде Мамай түмен басы, Алтын Орданың талантты және жігерлі, саясаткері болған жылдары орыс княздықтарының алаауыздықтарын пайдаланып, оларды көп шапқыншылыққа ұшырытқаны тарихтан мәлім. 1370 жылдары Алтын Орданың билеушісіне айналды. Орыс фразеологиясында бұл есім мен оған қатысты оқиғалар «Как Мамай прошел» -полнейший беспорядок, опустошение, разгром деген мағынада тұрақты тіркеске айналған.
Қазақ фольклорында «Едігенің шөбересі Мамай батыр өлгенде анасы Қараүлек «Өлдің, Мамай, қор болдың!» дейтін жоқтауында:

Артыңда қалған жас бала
Қашан сендей болады?!
Қырық ұл туса бір күнде,
Орның қалай толады?! – деген өлең жолдары қалған екен.

Алтын Орда ханы болған тарихи тұлға ретінде Мамай есімі қазақ тіліндегі тарихи фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы,халқымызда: "Өлдің Мамай, қор болдың", "Өлдің, Мамай – өштің, Мамай" деген тіркестер «ешнәрсеге жарамсыз, қажетсіз, қадірі жоқ» деген мағынада қазір де жиі қолданыста.
Сондай-ақ, қазақ мақал-мәтелдерінің шығу тарихы кезінде алтынордалықтардың билік құрған кезеңдеріне байланысты. "Нар мойыны Бердібекте кесілді", "Біздің ел Тоқтамысты жамандағанын да қоймайды, көрсе бас ұрып тоңқайғанын да қоймайды". (3.www.centrasia.ru/newsA.php?st=1311933480)
Халық қай кезде болса да, бастан кешкен оқиғаларын әркез бейнелі сөзбен түйіндеп, тұрақты айтылымға жеткізіп отырған.
«Ұлттық мәдениет ұлт өмірінің барлық саласынан көрініс табады. Ол лингвомәдени элемент ретінде мекен-тұрақ жайынан, шаруашылық жағдайынан, ішетін тағамы, киетін киім-кешегі, бала тәрбиесінен де байқалады. Мәдени-тілдік семантиканың қалыптасуына ұлттың табиғи жағдайы, тілі, діні, менталитеті, тіпті, оның психикалық ерекшеліктері де әсер етеді. Олар мынадай факторлардан тұрады: тілдік фактор, діни фактор және географиялық фактор. Ұлт мәдениетінің қалыптасуына ықпал ететін факторлардың бірі ретінде саналатын географиялық орта десек, онда қоршаған ортаға байланысты киім үлгілерінің, мекен-тұрақ жағдайының, яғни, ұлттың мәдени-шаруашылық жағдайларының даму ерекшеліктері байқалады.(4,117)
Әр ұлттың, халықтың санасында әлем бейнесі сыртқы және ішкі факторларға байланысты әртүрлі болғандықтан, тілдегі ерекшеліктер де сан алуан. Сыртқы факторларға географиялық орта, әлеуметтік жағдай, шаруашылық түрі, діннің ықпалы, тарихи жағдай т.с.с. жатса, ішкі факторларға әдет-ғұрып, дүниетанымды, әдеп-шарттарын, жол-жосықты жатқызамыз.
Түркі халықтарының арасында ертерек отырықшы болған түркі тілдестер мәдениеті олардың тіршілік ету формасына тәуелді болған. Мәселен, татар және башқұрт тілдерінде омарташылық кәсібінің ежелден ерте дамығандығы байқалады. Зертеушілер омарташылықты тіпті Х –Х11 ғасырлардан қалыптасқан деген пікірді айтады.(5,http://www.dissercat.com/content/leksika-pchelovodstva-tatarskogo-literaturnogo-yazyka). 
Мысалы, «бал авыз», «бал әчемәс, кыз картаймас», «бал, бал диюдән (дию белән) авызда тат булмас», «бал балчык ашата», «бал да май эчендә йөзу», «бал кортының балы бар, балға хәтле назы бар», «бао татлы, балдан бала татлы», «бал татлы дип, бармак чәйнәп булмый (чәйнәмиләр)», «бал тоткан бармак ялый, май тоткан кашык ялый», «бал чебение, яхшы сүз адәмне ияләштерер», «балга каныккан чебен кебек сырыша» т.б. (6, 35-36).
Ал мал шаруашылығына қатысты лексемалар түркі тілдестердің көбіне ортақ, тек фонетикалық өзгерістермен ұшырасады. Демек тіларалық тұрақты тіркестер құрамында ұйытқы компонент қызметін атқарады. 
Мысалы, мәдени лексика қазақ тілінде торсык – су, кымыз, сұйық зат құюға арналған ыдыс. Турсык – татар, турһык – башқұрт,турсик – өзбек, торсук – кырғыз тілдерінде. «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсык байлатпас» мақалы қазақ және татар тілдерінде бар.
Саба – лексемасы да қазақ, қырғыз, башқұрт, татар, ойрат, тува тілдеріне ортақ ыдыс атауы. «Сабасына қарай піспегі, сақалына қарай іскегі», «Ялгыз бияден саба тулмас» (татар) мақалдарда сақталған. Бұлардың қатарында «қапшық, дорба» сөздері кездеседі. Ал басқа да зат, бұйымдар салатын атаулар, мысалы, киле, чуман, котыйчык, тубал татар, башқұрт тілдерінде бұлардың көбінесе ағаштан, ағаш қабығынан жасалатын сауыт түрлері деп түсіндіріледі. (7,61-62)
Саятшылық, аңшылық, яғни ит жүгіртіп, құс салу – қазақтың ежелден келе жатқан ата кәсібі. Аңшылық пен саятшылық күн көріс мақсатында туындап, уақыт өте келе бұл өнерге ұласты.
Мәселен, бүркіт жасына қатысты атаулардың семантикалық, этимологиялық ерекшеліктерін тек қазақ тілі түгендей алады: 1-жас Балапан, 2-Тірнек, 3-Тас түлек, 4-Ана; 5–Қана; 6-Көк түбіт, 7- Қам түлек, 8-Жана, 9-Май түбіт, 10-Барқын, 11-Баршын, 12- Шөгел деген бүркіт атауларын тек құсбегілер ажыратады. 
Л.Вайсгербердің әлемнің тілдік суреті концепциясында, мысалы, жұлдыздар әлемі адамдар түсінігінде қалай қалыптасады деп, әр тілде жұлдыз атауларының саны әр түрлі болуына байланысты осы тілде сөйлеушілердің де жұлдыздар әлемі әр түрлі болатындығы айтылады. Сөйтіп, Л. Вайсгербер грек тілінде тек 48 жұлдыз атауларын тапса, қытай тілінде 283 атау бар екенін анықтаған. Сондықтан, дейді ғалым, гректің өз жұлдыздар әлемі, қытайлықтың өз жұлдыздар әлемі бар деп тануымыз керек дейді. (8,http://old.islu.ru/danilenko/articles/vaiskart.htm)
Құс төресі – бидайық, Ит төресі – құмайық, Бүркіт қартайса – тышқаншы т.б. деген мақалдар саятшылық пен аңшылық мәдениетінен қалған мақалдар. «Қырғауыл (фазан)» құсын қазақтар күні бүгінге дейін көп аулайды. Әдемілігіне қарай «қырғауыл жүні қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен» деп ертегілерде тақпақтаған. Ал татар тіліндегі «Кызым баласы – кыргавыл баласы, үз итеп торган анасы, Улым баласы – узәгем баласы, ят итеп торган анасы» мақалдың «Кызым баласы – кыргавыл баласы» деген бірінші тағанын фразеологиялық сөздікте сұлу мағынасында (6,109 ) бар. Алайда толық түрі қазақ және қырғыз тілдерінде ұшырасады. Жалпы мақал мағынасына үңілсек, онда қазақтардағы «жиен ел болмайды» деп, қыздың баласын әзілдеп, алыстатыны және «жиенге» қатысты басқа да мақалдар тізбегіндегі айтылатын ойдан ұлттық ерекшелік байқалады.
Этникалық мәдениет – ұлттық мәдениеттің ең ежелгі қабаты, бастапқы базисі. Осы қабаттағы салт пен дәстүрлерде түркілер мәдениетінің ортақтығы мен ұқсастығының көрінісі жақсы сақталған. 
Түркі тілдестердің мәдени салтында кызға қатысты ырым-тиымдар жиі кездеседі. «Кыз абруе кыл өстенде, кылдан төшсә – юл өстенде»; Кыз – курччакка, малай колынчакка тартыр»; «кызның кемлеге кемәеннән күренә»; «Кызым (ұлым), сиңа әйтәм, киленем, син тыңла -татар; «Кизим, сенга айтаман, келиним сен ешит»;Қизи борнинг нози бор» -өзбек; «Гызым, сана айдян, гелиним сен ешит»; «Гызы барың, нәзи бар» -туркмен.
Сөз соңында айтарымыз: түркі әлемінің фразеологиялық бейнесін тұтастықта алып зерттеу парадигмаларын жүйелеу үшін оның ғылыми концепциясын айқындау қажеттігі кезек күттірмейтін мәселе екендігі. 


Пайдаланған әдебиет: 
1. Cмағұлова Г. Жаһандану және түркі фразеологиясы. //Тіл және жаһандану: бүгіні мен болашағы. Алматы: 2008. 216 б.
2. Қалыбаева Қ. Салыстырмалы түркі фразеологиясы. Алматы: 2009.404 б.
3. www.centrasia.ru/newsA.php?st=1311933480
4. Смагулова Г. Факторы формирования культурно-языковой семантики.//Концептуальные исследования в современной лингвистике. Вып.12. С-Петербург-Горловка: 2010. 555 с.
5. http://www.dissercat.com/content/leksika-pchelovodstva-tatarskogo-literaturnogo-yazyka
6. Татарча русча идиомалар сүзлеге. Казань: 2006. 379 б.
7. Мөгътәсимова Г.Р. Татар халық мәкальләренең лексикасы. Қазан: 2005. 190 б.
8. http://old.islu.ru/danilenko/articles/vaiskart.htm


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз















07/11/2024 12:26

Хабарландыру!
0 2948 1

05/11/2024 10:55

Хабарландыру!
0 3073 0



02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 235913 0

26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 233468 0

28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 229675 0









19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 123009 7




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика