КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылдың 21 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылық-профессорлық құрамы мен Мемлекеттік Тілді дамыту институтының ғылыми қызметкерлерінің бірігіп ұйымдастыруымен ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын AP26103883 «Тәуелсіздік идеясын ХХ-ХХІ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінде көркем бейнелеудегі ұлттық рух ұстанымы мен жаңашыл таным табиғаты» атты ғылыми жобасы аясында «Алаш әдебиетіндегі тәуелсіздік идеясы» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Б. Қапалбек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ө. Әбдиманұлы, А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Л. Дәуренбекова, Ұлттық аударма бюросының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, PhD (Абердин университеті) Г. Түсіпова, Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры Р. Имаханбет, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Е. Солтанаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Ш. Шортанбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты Қондыбай Медет т.б. қатысып, баяндамалар жасады. Дөңгелек үстелдің мақсаты ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлерінің шығармашылығындағы тәуелсіздік, еркіндік, бостандық идеяларының қалыптасып, дамуын, әдебиеттегі бейнеленуін қарастыру болды. Жалпы, ХХ ғасырдың басы – халықтың отарлық езгі мен   саяси-әкімшіл қысымнан әбден қалжырап, елдің әлеуметтік тұрмысы тіптен қиындап кеткен кезі еді. Сондықтан дөңгелек үстелге қатысқан зерттеушілердің бір парасы осы кездегі тарихи-әлеуметтік жағдайларға, оның ұлттық әдеби үдеріске әсерін көрсете баяндады. Сондай-ақ Абай және Алаш идеологиясын, Алаш қайраткерлерінің шығармашылығындағы саяси құндылықтарды, жекелеген Алаш қайраткерлерінің шығармашылығындағы тәуелсіздік идеясы секілді мәселелерді қарастырған қызықты баяндамалар болды. Дөңгелек үстелге қатысушы ретінде шақырылған филология факультетінің магистранттары баяндамашыларға сұрақтар қойып, талқылауларға белсене қатысып отырды. 

Дөңгелек үстелде қабылданған Қарарда:

– ХХ ғасыр басындағы ұлттық әдеби үдерісті талқылауда қазақ қоғамындағы тарихи-әлеуметтік жағдайларға назар аудару қажеттігі;

– Алаш идеологиясын қарастыруда өзіне дейінгі ұлт әдебиетінде болған идеологиялық ұстанымдармен, елдік, бостандық идеяларымен сабақтастығы тұрғысынан қарастыру керек;

– жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылығын қарастыруда қазіргі кезде актуалды деколонизация теориялары аспектінде қарастыру керектігі ұсынылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

 аға оқытушысы, ф.ғ.к. Е. Солтанаева





ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз











05/09/2025 12:33

Бір күнге үш мереке
0 2568 0







ТЕКСТ

Яндекс.Метрика