КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

академик Ісмет Кеңесбаевтың туғанына – 110 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдас-тыруымен ғалым, түркітанушы, тіл білімін қалыптастырушы, фило¬логия ғылымдарының докторы, академик Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаевтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз» атты тақырыптық кеш болып өтті. Жиынды кітапха¬на қызметкері Әлия Оразова жүргізіп, Ісмет Кеңесбаевтың өмірі мен қызметі туралы кітапхана қызметкері Клара Иманбекова хабарлама жасады.
Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ
Филология ғылымдарының докторы, профессор, Ахмет Байтұрсынов атын¬дағы тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Телғожа Жанұзақов, фило¬логия ғылымдарының докторы, про¬фессор, Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері Нұр¬гелді Уәлиев, филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Жалпы тіл білімі кафедрасының профессоры Гүлбану Қасымова, педагогика ғылым¬дарының кандидаты, әл-Фараби атын¬дағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті Бақыт Әріпова Ісмет Кеңесбаев¬тың өмірі мен қызметі туралы өз ойларын ортаға салды.
Ісмет Кеңесбаев алдымен ауылда мұсылманша хат танып, онан кейін Түркістан қаласындағы орта мектепте, 1922 – 1926 жылдары Ташкент қала¬сындағы Қазақ ағарту институтында оқиды. Ленинградтағы шығыстану институтының түркология бөлімшесіне ауысып, осы институтты 1931 жылы бітірді. Ісмет Кеңесбаевтың ғылыми тағдыр-бағытын айқындаған осы институтта білім алған жылдары болды. Мұнда ол А.Самойлович, В.Бартольд, С.Малов, И.Мещаницов, Л.Щерба, тағы басқа профессорлардың дәрісін тыңдап, жалпы лингвистикалық, түркологиялық терең білім алды.
Қазақстанға қайта оралып, халық ағарту комиссариатында әдіскер әрі Алматыдағы қазақ педагогикалық инсти¬тутында қазақ тілінің мұғалімі болып қызмет етті.
1931 – 1934 жылдары Қазақ авто¬номиялық кеңестік социалистік респуб¬ликасының Халық ағарту комиссариа¬тында әдіскер, 1933 – 1936 жылдары Алматы дәрігерлік институты тілдер кафедрасының меңгерушісі, 1936 – 1939 жылдары Кеңестік социалистік респуб¬ликалар одағы Қазақ Ғылым академия¬сының Тіл және әдебиет секторының аға ғылыми қызметкері, 1943 – 1951 жылдары Қазақ КСР Ғылым академия¬сы¬ның вице-президенті, 1951 – 1961 жылдары Тіл және әдебиет институты¬ның аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, ал 1947 – 1951 және 1957 – 1961 жылдары осы институттың дирек¬торы, 1961 – 1978 жылдары Тіл білімі институтының директоры, 1970 – 1976 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы, 1985 – 1987 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының төралқа мүшесі, 1988 – 1994 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым акаде¬миясының төралқа кеңесшісі болды.
Ісмет Кеңесбаевтың өмір жолы, еңбекке араласуы, ғылымдағы еңбегі 30-жылдарында басталды. Осы жылдары жарық көрген сауат ашу әліппесі, бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі оқулықтары соңғы жылдарға дейін бірнеше рет басылып шықты.
Егеменді еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері ана тілімізге деген көзқарас бұрын¬ғыдан да жандана түсті. Қазақ бөлімін былай қойғанда, орыс аудиторияла¬рында қазақ тілі сабағы өтілетін болды. Осындай игілікті шаруа 30 жылдары қолға алынған. Бұған сол тұста педагог-ғалым Ісмет Кеңесбаев өзіндік үлесін қосты. 1939 жылы орыс мектептерінің жо¬ғары сыныптарына арнап қазақ тілі оқулығын жазды, осы оқулығы туралы диссертация қорғап, филология ғылым¬дарының кандидаты деген ғылыми атаққа ие болды. Ал 1945 жылы фило¬логия ғылымдарының докторы атағын алды.
Ісмет Кеңесбаев – қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясына, лексикографиясы мен этимологиясына, тіл тарихы мен туыс тілдердің бір-бірімен қарым-қатынасына арналған көптеген іргелі еңбектердің авторы. Қазақ тілінің фонетикасы мен фразеологиясының зерттелуі Ісмет Кеңесбаев есімімен байланысты. І.Кеңесбаевтың көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде 1977 жылы «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» жарық көрді. Ісмет Кеңесбаевтың бас¬шылығымен 1959 және 1961 жылдары екі томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» және 1961 жылы «Қазақ тілінің орфо¬графиялық сөздігі», 1978 және 1981 жыл¬дары екі томдық «Орысша-қазақша сөздік» жарыққа шықты.
Академик Ісмет Кеңесбаев өзінің өмір жолындағы ғылым мен ұстаздықты қатар ұстаған ғалым.
150-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы, бірнеше ғылыми еңбектердің редакторы Ісмет Кеңесбаевтың осындай жан-жақты ғылыми-педагогикалық, қоғамдық қызметін үкіметіміз жоғары бағалап, Ленин орденімен, «Қызыл Жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендері¬мен марапаттады. 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. І.Кеңесбаев «Қазақ кеңестік социалистік республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған алғашқы ғалым¬дардың бірі. Ісмет Кеңесбаев 1995 жылы 16 қаңтарда 88 жасында Алматы қаласында дүниеден өтті.
Ісмет Кеңесбаев есімін есте қалдыру мақсатында Алматы қаласының «Тауса¬малы» ықшамауданында көшеге және Оңтүстік Қазақстан облысындағы Таук ент қазақ орта мектебіне есімі берілді.
Кешке Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттері, ғылыми қызметкерлер, кітапхана оқырмандары қатысты.
Кітапхана осы кешке арнап Ісмет Кеңесбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Педагог-ғалым, түркітанушы» атты тақырыптық кітап көрмесін ұйым¬дастырды.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика