КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық Университетінде 20 қыркүйек күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жастар жылы» аясында Алматы қаласы күніне орай «Ана тілім – айбыным» атты қалалық жас ақындар айтысы өтті.
Айтысқа Алматы қаласының әр ауданынан 16-30 жас аралығындағы 2 ақыннан қатысқан болатын. Айтыскерлер айтыстың барлық түрлерін қолдана отырып өнер көрсетті. Ақындарға «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл», «Ел болашағы – жастар», «Рухани жаңғыру – ұлттық сананың жаңғыруы» атты тақырыптық бағыттар ұсынылған. Айтыскерлердің өнерін бағалау кезінде қазылар алқасы олардың суырыпсалма өнеріне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, сахна мәдениетіне, ұлттық киім үлгісіне назар аударды.
Қала бойынша барлығы 16 ақынның 8-і соңғы айналымға өтіп, қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.
Айтыстың нәтижесі бойынша Наурызбай ауданы атынан қатысқан Абай атындағы РМДБМИ 11 сынып оқушысы Қанапия Алтынай айтыстың бас жүлдесін жеңіп алса, Наурызбай ауданынан Садырұлы Жалғас I орынды иегері атанса, II орын Бостандық ауданы атынан келген Жауынбаев Нұрболға бұйырды. Алмалы ауданы атынан қатысқан Тілеубек Жанарыс пен Бостандық ауданы атынан қатысқан Ибрагимов Алтынбек III орынды еншіледі.
Кеш соңында қазылар алқасына Алғыс хаттар табысталды.
Алматы қаласы әкімдігі бұндай шараны алдағы уақытта үнемі өткізуді жоспарлап отыр. Бұл іс-шараның мақсаты Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы негізінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу, ұлттық айтыс өнерін дамыту, жастардың қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне деген ықыласын арттыру болып табылады.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 630 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 891 0















31/05/2017 16:34

Тіл мен тарих тамырлас
0 48681 10

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 46493 0





05/06/2017 11:24

Абылайханның күйлері
0 44250 3


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика