КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Үкімет бірде-бір заң жобасын мемлекеттік тілде әзірлемепті. Бұл жөнінде кеше ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов мәлімдеді.
Сондай-ақ, спикердің айтуынша, заң жобаларының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқалығының сақталмауы әлі күнге дейін үлкен мәселе күйінде қалып отыр. Олай дейтініміз, биылдың өзінде Үкіметке пысықтау үшін кері қайтарылған 13 заң жобасының 10-ы дәл осы себептен орын алыпты.

– Тәуелсіздік жылдарында 2,5 мыңға жуық заң қабылданды. Бірақ осы 23 жылдың ішінде Үкімет бірде-бір заң жобасының бастапқы мәтінін мемлекеттік тілде әзірлемеген. Ал депутаттар мемлекеттік тілде әзірленген тек 2 заң жобасына бастамашылық жасаған. Елбасы айтқандай, бұл мәселені шуламай, саяси дискуссияға айналдырмай, әр азамат үйде де, жұмысында да, қоғамдық орындарда да қазақ тілінде сөйлеуді парыз ретінде санап, тіліміздің күнделікті қолдануына үлесін қоса отырып жүзеге асырған орынды, – деді Қ.Жақыпов.

Бұл ретте палата төрағасы Парламентте заң жобалары мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданса, бұл халықтың мүддесінен шығуға қосқан зор үлесі болатынын алға тартты. Оның пайымынша, қазірге дейін заңдардың бастапқы мәтіні орыс тілінде жазылып, соңынан қазақ тіліне аударылады. Ал аударма сапасы сын көтермейді. Оған мемлекеттік тілді жетік меңгерген заңгерлердің, түрлі сала мамандарының аздығы кері әсер етіп отыр, дейді депутат.

– Дегенмен бірқатар мәліметтерге қарап, алда жағдай оңалады деп сенеміз. Мәселен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректеріне қарағанда, 2013 жылы жоғары оқу орындарын қазақ тілінде бітірген түлектер саны барлық мамандықтар бойынша 85 мыңнан астамды құраған. Ал 2014 жылы бұлардың саны 89 мыңнан асып түсті. Оған қоса, соңғы 2 жылда қазақ тілінде 4 мыңнан астам заңгер жоғары оқу орындарын бітірген. Олардың барлығы қайда сонда?! Мемлекеттік органдар біздің осындай ресурстарымызды неге пайдаланбайды? Бұл ретте депутаттық корпус тікелей үлгі көрсете отырып, мемлекеттік тілде заң жобаларын әзірлеуге кіріседі деп сенемін. Бұл қазақ тілінің дамуына қосылған зор үлес болар еді, – деді спикер Қ.Жақыпов.

Айта кетейік, ҚР Парламенті қос палатасының кешегі бірлескен отырысы – бесінші шақырылымның үшінші сессиясының соңғысы. Енді халық қалаулылары бірінші қыркүйекке дейін демалысқа кетеді.

Г. МАҒЖАН
Сарыарқа самалы

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 211027 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 201076 0

26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 188116 0













ТЕКСТ

Яндекс.Метрика