КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өткен жылдың желтоқсан айының соңына қарай елімізде тұңғыш рет мемлекеттік тілді онлайн режімінде тегін оқытатын «www.soyle.kz» интернет-порталы іске қосылған болатын. Міне, ашылғанына бір ай болған порталдың тұтынушылары 30 мыңға жетіп отыр. Осы бір айдың ішінде порталға еліміздің барлық аймақтарынан және РФ, ҚХР, АҚШ сияқты шет мемлекеттерден 30 мыңнан астам пайдаланушы кірген болса, тіркеліп оқып жатқандардың саны 5 мыңнан асты. Бұл жоба «Қазақстан – 2050» Стратегиясында айтылған міндеттерді орындау мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының Қоры мен «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» Компаниясының қолдауымен жарыққа шыққан.

Қазақ тілін онлайн режімде үйрететін интернет-порталды көпшіліктің назарына ұсынған ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының өкілі Серік Бұлхайыров, «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» Компаниясының өкілі Гүлжамал Исаева, Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Айман Алдаш және Мемлекеттік тілді дамыту Қорының директоры Азат Шауеев ресурстың мемлекеттік тілді дамытуға тигізер көмегі орасан зор екенін айтып өткен болатын. Расында, ашылғанына аз уақыт болған порталға сұраныстың күрт артып жатқандығы барлық тілжанашырларын қуантса керек. Жобаның авторлары алдағы уақытта онлайн режімде мемлекеттік тілді меңгерушілердің саны жоғары қарқынмен артатынын айтуда.

Порталды жарыққа шығару үшін ұйымдастырушылар айлап еңбектенген. Мәселен, филология ғылымдарының докторы, профессор Айман Алдаш жетекшілік еткен шығармашылық топ (тілші ғалымдар, әдіскерлер мен оқытушылар) жұмыс істеді. Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры, онлайн курс идеясы мен концепциясының авторы Азат Шауеев порталдың ашылу конференциясында: «Soyle.kz» порталында орналастырылған барлық сабақ материалдары, танымдық-ақпараттық материалдар тіл үйренушілердің қазақша сөйлеп үйренуі үшін ұсынылып отыр. Біздің түпкі мақсатымыз – қазақ тілін үйренем деушілерге барынша көмектесіп, сабақтарды мейлінше қарапайым, мейлінше түсінікті түрде тегін үйрету. Қазіргі таңда интернет жүйесінде қолжетімді (тегін) онлайн курс жоқ. Сондықтан да, біз тілдерді оқытудың халықаралық және отандық іс-тәжірибесінің тиімді тұстарын зерттеп-зерделеп, сараптай келе, қазақ тілін оқытудың онлайн курсын әзірлеуді қолға алдық. Бұл, әрине, мемлекеттік тілді оқыту мәселесінде айтулы қадам. Қазіргі заманда тек ақпараттық технологиялар ғана мемлекеттік тілді жалпыға бірдей оқытуды қамтамасыз ете алады» – деген болатын.

Айта кетейік, порталдың оқыту бағдарламасы тәулік бойы жұмыс істейді және барлық үйренушілер үшін тегін. Оқуды бастау үшін алдымен «www.Soyle.kz» сайтына кіріп, тіркелу керек. Арнайы әзірленген материалдар қазақ тілін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жедел меңгеруге және тіл үйренушілердің өздері алған білік-дағдыларын күнделікті өмірде еркін пайдалана алуға мүмкіндік береді. Жобада үйренуге тиімді оқу материалдары мен ақпараттық жүйедегі жаңаша мультимедиялық мүмкіндіктер, атап айтқанда графикалық суреттер мен анимация түрлері, аудио және бейне материалдар үйлестіре берілген.

ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының өкілі Серік Бұлхайыров: «Бүгінгі таңда қазақ тілін онлайн режімінде оқытудың бірегей мүмкіндігі пайда болды, өйткені мемлекеттік тілді үйренуге деген қажеттілік күн сайын ұлғайып келеді. Онлайн портал күнделікті өмір мен кәсіби қызметтің көптеген қырларын қамтиды» – деп атап өтеді. Ал, «Samsung Electronics Kazakhstan and Central Asia» Компаниясының өкілі Гүлжамал Исаева өз сөзінде: «Компания мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолдану аясын кеңейтуге зор көңіл бөлуде. Бүгінде Самсунгтың барлық құрылғылары қазақтілді интерфейспен жабдықталып, көптеген қосымшалар мемлекеттік тілде қолданылуда. Бұл жоба Samsung Electronics Kazakhstan компаниясының жалпы құндылықтарды құру бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Мемлекеттік тілді қолдау осы бағдарламадағы негізгі басымдықтардың бірі» – дейді журналистерге берген сұхбатында.

Жоба алдағы уақытта жетілдіріледі. Азат Шауеев өз сөзінде: «Бағдарламада тілдік құзыреттің барлық түрі: сөйлесім, айтылым, оқылым, жазылым әрекеттері толық қамтылған. Тілді меңгеру деңгей бойынша оқытуға негізделген және кезең-кезеңмен жүзеге асырылады (қарапайым, базалық, орта деңгей, ортадан жоғары, жоғары). Бүгінгі таңда дүние жүзінде 5 млн. астам қазақ тұрып жатыр. Қазақ тілін үйренгісі келетіндер алыс-жақын шетелдерде де көп. Келесі жылы біз осы порталда ағылшын тілді пайдаланушылар мен шетелдегі қандастарымызға арналған оқыту бағдарламасын жасауды жоспарлап отырмыз. Дистанциялық оқыту мен инновациялық әдіс-тәсілдер көптеген отандастарымызға мемлекеттік тілді үйренуге мүмкіндік береді» – деп, жобаны алдағы уақытта жетілдіре түсетінін, орыс тілділерден бөлек, ағылшын тілділер де қазақ тілін үйренуге мүмкіндіктері болатынын айтады.

Шетелдік тәжірибелерге сүйенсек, дамыған елдер өздерінің тілдерін онлайн режімде үйретуді баяғыда-ақ бастап кеткен. Интернет-портал арқылы тегін үйретілетіндіктен және тіл үйретуді заманауи технологиялар арқылы жүзеге асыратындықтан, онлайн режімде тіл үйрету кез келген елде үлкен сұарынсқа ие бола алады. Сонымен қатар, тіл үйренуге құлшыныс білдіргендер бұл режімде оп-оңай тіл үйрене алады. Алдағы уақытта қазақ тілін онлай режімде оқытатын «www.soyle.kz» интернетрталы мемлекеттік тілдің дамыуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз..

Сурет news.gazeta.kz сайтынан алынды


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз





15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 1428 0




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2330 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2365 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 2184 0


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика