КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Қостанайда Ресейдің Челябі облысында тұратын қандас ағайындар үшін «Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері» атты екі күндік оқыту семинары басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 

2009 жылдан бері облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен Челябідегі қазақтардың «Азамат» ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестігі бірлесіп, сондағы ағайындарға қазақ тілін үйрету жобасын жүзеге асырып келеді. Қостанай облыстық тілдердерді дамыту басқармасы тілдерді оқыту орталығының мамандары ұйымдастырған биылғы семинарға Челябі облысының жеті ауданынан қазақ тілін үйрететін 18 мұғалім келіп қатысуда. Орталық мамандары шетелдегі қазақтарға арналған жеңілдетілген, тиімділігі ұтқыр бағдарламалар жасады.

Челябі облысындағы қазақтардың «Азамат» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қанат Сейтіков: «Келген мұғалімдердің барлығы түрлі мамандық иелері. Олар қазақ тілінің қостанайлық мамандар ұсынған озық әдістемелерін меңгеріп, өздерінің тұрғылықты жерлерінде қазақ тілінің үйірмелерін ұйымдастырады. Челябіде қазақ тілін үйренуге ниет білдірушілер қатары көбейіп келеді. Биыл семинарға келген қазақ тілі мұғалімдерінің саны бұрынғыдан да артып отыр», – деді.

Челябіден келген қонақтар үшін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Қостанай облыстық филиалында «дөңгелек үстел» отырысы болады. Онда шеттегі қазақтардың ұсыныс- тілектері тыңдалады.

Baq.kz 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз





15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 1428 0




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2330 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2365 0




29/04/2024 14:05

ХАБАРЛАНДЫРУ!
0 2184 0


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика