КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының ғимаратында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының «Халық бірлігі» бағыты бойынша сараптама тобының кезекті отырысы 9-қазан күні өткен болатын. Отырыста қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорын құру, сондай-ақ 2014 жылғы 4 ақпанда ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның бірінші отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы мәселелері талқыға салынды. Отырысқа «Халық бірлігі» бағыты бойынша сараптама тобының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның өкілдері, сарапшылар, БАҚ өкілдері және басқалар жиынға қатысты. 
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық бірлігі» бағыты бойынша сараптама тобының басшысы, партиялық тәлімгер Серік Сейдуманов еліміздегі тілдік ахуал жөнінде біршама мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ отырыс барысында күн тәртібі бойынша баяндамалар тыңдалды. «Қазақ тілі терминдерінің реттелген терминологиялық қорын құру туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Серік Сәлемов терминология саласын, тіл мәдениетін дамыту, жетілдірудің маңыздылығын, заңнама саласы, ғылым, жаңа технологиялар және басқа салалардағы терминдерді реттеу мәселелерінің күттірмейтінін, соның ішінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан арнайы Терминология институтын ашу қажеттілігін алға тартты. Қазақстан Республикасы үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшесі, «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесінің жетекші ғылыми қызметкері Мәди Айымбетовтің және А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты терминология бөлімінің басшысы Бауыржан Жонкешовтің қазіргі қазақ терминологиясының өзекті мәселелері, соның ішінде терминологияны реттеудің экстралингвистикалық мәселелер жөніндегі баяндамалары арнайы Терминологиялық институтты ашу үшін шешім қабылдаудың маңыздылығын арттырып жіберді.
Тіл білімі институты Терминология бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Жонкешов «Қазақ терминологиясын реттеудің экстралингвистикалық факторлары» атты баяндамасында тіл білімі саласына жатататын терминология ғылымын қоғамда болып жатқан құбылыстардан бөліп қарастыруға болмайтынын, терминдердің де елдің саяси көзқарасымен бағыттас жүйеде дамитынын немесе тоқырауға ұшырайтынын атап өтеді. Осы уақытқа дейін қабылданған терминдердің ұтымды және ұтылған тұстарын сараптай келе Б.Жонкешов өз баяндамасында: «Терминологияның теориялық мәселесімен Білім және ғылым министрлігіне қарасты А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты айналысса, практикалық мәселесімен, яғни салалық сөздіктерді шығару, әртүрлі ісшаралар өткізу жұмыстарымен Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті айналысады. Тіліміздегі терминдерді реттеп алу үшін ең алдымен теория мен практиканы бір жерге тоғыстырып алуымыз қажет. Бұл келтірілген дәлеліміз Мемлекетімізге осы екі бағытты ұштастыратын мекеменің қажет болып отырғандығының көрсеткіші бола алады» - дейді. Сонымен қатар, ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 100%)» деген міндет қойылғанын алға тарта отырып, терминдерді нормалау, жүйелеу, біріздендіру, реттеу, стандарттау сияқты процестердің және экстралингвистикалық факторларды бір жақты қылып алмайынша, мемлекеттік тілдегі терминдерді реттеп ала алмайтындығымызды ескертеді.
Осылайша мәселенің мәнісін ашып алған баяндамашы терминдерді реттеп отыратын, көпшілік тұтынуына ұсынылатын терминдерді (жекелеген терминдер болсын, сөздік түрінде болсын) сүзгіден өткізіп, сараптап отыратын Институт құру керектігін алға тартады. «Институт тікелей Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты мекеме болғандығы дұрыс. Бұл институт терминологияның теориялық және практикалық мәселелерімен айналысады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей осы екі бағытты (теория мен практиканы) қатар алып жүру арқылы ғана белгілі бір нәтижеге жетуге болады» - дейді баяндамашы Бауыржан Жонкешов.
Жалпы, «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының «Халық бірлігі» бағыты бойынша сараптама тобының кезекті отырысының қорытындысы бойынша, арнайы терминология институтын ашу, оны республикалық бюджеттен қаржыландыру, нормативтік құқықтық қамтамасыз ету бойынша пысықталған ұсыныстар енгізу және еліміздің аумағында шығарылатын барлық сөздіктердің арнайы Терминологиялық институтта сараптамадан өтуін міндеттеуді заңдастырудың мүмкіндіктерін қарастырып, толығымен іске асыру мәселесі алға қойылды. Бұл мәселеге халық не дейді екен? Бізге сол қызық.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз





31/05/2017 10:11

Бұлтартпас ақиқат
0 49514 0










14/06/2017 15:56

Фейсбукте
0 6917 0


ТЕКСТ

Яндекс.Метрика