КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту  және ономастика бөлімі Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 4/617 «Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі  іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында «Көрікті жарнама-көркем тіл» атты қалалық байқау  өтті.

Байқау 3 кезеңді қамтыды:

1-кезең: Өтінім қабылдау. Қатысушылар байқауға тіркеліп, өз жобаларын жібереді. Бұл кезеңде байқауға қатысу шарттары мен ережелері жарияланды.

2-кезең: Сараптау және іріктеу. Қатысушылардың жұмыстарын қазылар алқасы бағалап, үздіктерді іріктеп алды.

3-кезең: Финал және марапаттау. Үздік жұмыстар финалға шығып, жеңім-паздарды анықтау және марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға заңды тұлғалардың мемлекеттік тілде жарнама мәтінін әзірлейтін копирайтерлері және мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандары (келісімшарт бойынша және т.б.) қатысты.

Байқаудың қазылар алқасы құрамында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Қолданбалы лингвистика» бөлімінің меңгерушісі Айман Жаңабекова, копирайтер, маркетолог Айнұр Сәбитқызы мен Мемлекеттік тілді дамыту институты аударма бөлімінің маманы Гүлназ Закиряева.

Байқау нәтижесінде «Өрнекті өлең» номинациясын – «Qazaq radiosy» (Отырма бос, Біздің арнаны қос! Жол ережесін бұзбаңыз, Қазақ радиосын тыңдаңыз! Қазына толы өн бойы,Радио тыңда жол бойы!), «Кестелі ой» номинациясын «Vita Bottlers Казахстан» ЖШС (Өмірдің нәрі), «Дәстүрлі тіркес» номинациясын «Публисис груп медиа Казахстан» жарнама агенттігі (Иісіңе сай – астыңа тай!), «Заманауи жарнама» номинациясын «Qalan» компаниясы (Есеп, амал, ойқозғар, Мен Qalan-ға сенемін! Qalan-мен білім қуғаның, Мен үшін сол да бір бақыт! Минусты плюске айналдыр!), «Ұлылардан ұлағат» номинациясын Ахмет Байтұрсынұлы  музей-үйі («Сөзі жоғалған жұрттың ақырындап өзі де жоғалады» А. Байтұрсынұлы. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» Қ. Мырза Әлі), «Мазмұнды мәтін» номинациясын «Island soul» компаниясы (Айналаң толы махаббат, Махаббатыңды тарту ет) жеңіп алды.

Байқаудың жеңімпаздарына тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады. Қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар берілді.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 211027 0

02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 201080 0

26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 188117 0













ТЕКСТ

Яндекс.Метрика