КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

     

     

     Bilim Innovations Group және Мемлекеттік тілді дамыту институты бірігіп 2025 жылдың 29 мамырында Астана қаласының Академиялық кітапханасының Конференция залында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің жобасы аясында әзірленген «Қазақ сөздеріндегі дыбыс тіркесімінің бұзылуын жасанды интеллект арқылы анықтайтын Qazemle IT бағдарламасының» таныстырылымын өткізді.

           Таныстырылымға ҚР ҰҒА академигі Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Бәкір Әбдіжәлел Қошқарұлы, сенат депутаты Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Тілешов Ербол Ердембекұлы, қоғам қайраткері, журналист Серік Ерғали Әбдірешұлы, Назарбаев университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Юлай Шамильоғлу және жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, мектеп мұғалімдері, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, БАҚ өкілдері, барлығы 100-ге жуық адам қатысты. Тақырып өте өзекті, жазу мәселесіне, емлеге қатысты болғандықтан Қазақстанның түпкір-түпкірінен 200-ден аса маман ZOOM арқылы қашықтан қатысып отырды.



          Шара барысында Qazemle IT бағдарламасының мүмкіндіктері таныстырылып, қазақ тіліндегі үндестік заңын бұзатын жазылымдарды жасанды интеллект арқылы анықтау жолдары көрсетілді. Жоба авторлары бағдарлама негізіндегі талдау алгоритмдерін түсіндіріп, нақты мысалдармен бағдарламаның жұмыс істеу логикасын көрсетті.

      Платформа қазақ тілін орфографиялық және фонетикалық тұрғыдан дұрыс қолдануға бағытталған және білім беру, баспа, аударма, медиатіл салаларында кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Оқырман IT платформамен мына сілтеме арқылы таныса алады: https://qazaq.almatytil.kz/text-transforme

Таныстырылым соңында қатысушылар Qazemle IT бағдарламасының ғылыми, әдістемелік және практикалық тұрғыдан өзекті екенін атап өтті. 



ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



















02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 240001 0

26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 238233 0

28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 232636 0









19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 126771 7




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика