THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
Ақаңның туған күні тасада қалып қойған жоқ па?
Авторы: Амантай Мөлдір Алмазқызы
05/09/2025 12:54 0 326 0
Бүгін біз
бір күннің аясында үш бірдей мерекені атап өтіп отырмыз. Қазақстан халқы
тілдері күні дейміз, бірақ біріншіден, бұл – біздің ана тіліміздің мерекесі.
Демек, мемлекеттік тілдің мерекесі. Екіншіден, бұл – Қазақстан халқының, елде
өмір сүріп жатқан өзге этностардың ана тілін сақтау мерекесі. Үшіншіден, бүгін
– ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Бір күнге
үш мерекенің тоғысуы – үлкен ойға жетелейді. Неге біз осынша маңызды даталарды
бір арнаға байлап қойдық? Үшеуі бір қатарда тұратын тақырыптар емес.
Иә,
Қазақстан – тілдерге құрметпен қарайтын, өзге этностардың тілін сақтап,
дамытуға жағдай жасап отырған мемлекет. Бұл – әлемдік тәжірибеде сирек
кездесетін құбылыс. Мәселен, біздің елде орыс мектебі де, ұйғыр мектебі де,
өзбек мектебі де мемлекеттік бюджет есебінен жұмыс істейді. Оған қоса
этномәдени орталықтар құрылып, қажет жағдайда жеке мектеп ашуға да мүмкіндік
беріліп отыр. Мұндай кеңшілік пен қамқорлықты көп мемлекеттен таба алмайсыз. Ал
шетелдердегі қандас қазақтарға келсек, ана тілінде білім алу мәселесі әлі де
күрделі. Өзге елдерде қазақ мектептері ашылып, мәдени орталықтар жұмыс істеп
жатыр. Қазақ тілі – тек қана ана тілі емес. Ол – мемлекеттік тіл. Оның
мәртебесі бөлек, орны ерекше. Қазақ тілінің мерекесі – мемлекеттік деңгейдегі
басты мәселе. Сондықтан ол өзге этностардың тілдерімен қатар аталмай, жеке
ұлықталуы тиіс. Себебі, мемлекеттік тіл – бір халықтың ғана емес, бүкіл
Қазақстан халқының ортақ байлығы, ортақ құндылығы.
Ал Ахмет
Байтұрсынұлының туған күніне келсек, бұл мереке тіпті бөлек әңгіме. Ұлт ұстазы
– тарих көшінде қалып қойған бір тұлға емес, ол – ұлттың мәңгілік феномені.
Бұған дәлел – Әбіш Кекілбаевтың: «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда
ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға» деген сөзі. Сондықтан Ахметтей
алыптың мерекесін өзге мейрамдармен қабаттап қою – оның тарихи миссиясына,
рухани биігіне жасалған әділетсіздік дер едім. Абайдың туған күні бөлек,
Пушкиннің туған күні бөлек аталып өткендей, Ахмет Байтұрсынұлының де күні жеке
ұлықталуы қажет.
Бүгінгі
мерекелердің әрқайсысы – тарихымыз бен болашағымыз үшін қымбат. Бурақ олардың
салмаға да, мәртебесі де әртүрлі. Қазақ тілінің мерекесі – мемлекеттік тіл
мәртебесінің айқын көрінісі ретінде бөлек аталып өтілуі тиіс. Қазақстан
халқының тілдері – этносаралық татулықтың символы. Ал Ахмет Байтұрсынұлының
туған күні – қазақ руханиятының мәңгілік шамшырағы.
Үш
мерекені бір арнаға тоғыстырмай, әрқайсысын өз мәртебесіне сай атап өті –
халқымыздың тарихи санасына, тілге деген құрметіне, ұлт ұстазына деген
адалдығына дәлел болмақ.
ПІКІР АЛМАСУ
19/08/2025 18:30
AlmatyTil.kz – тілді үйренушілерге де, үйретушілерге де арналған ортақ мекен.
|