THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА
Соңғы мақалалар:
“Қазақ
әйелдерiнiң киген киiмiне қарап-ақ олардың қандай халық
болғанын тануға
болады. Бұл киiм байлық пен талғамды аңғартады”
Ұлыбритания
патшайымы ІІ Елизавета
«Әсіресе, ортада
келе жатқан, бүкіл Дешті Қыпшақ жеріне әйгілі, «Ортеке» деп ат қойылған
күлсары сәйгүлік мінген жас әйел таңғажайып салтанатымен анадайдан-ақ
көздің жауын алады. Астындағы сайгүлік жүйрігінің ат-әбзелі,
жүген-құйысқаны, өмілдірігі — бәрі сары алтынмен апталған. Әйелдің үстінде
алтын жіппен зерлеген сарғылт, дүрия қысқа шапан, басында сүйір ұшты
құндыз бөрік. ...Бұл — Әбілқайыр ханның төртінші әйелі, атақты ғалым –
Самарқант ханы Ұлықбек мырзаның қызы Рабиу-Сұлтан-Бегім сұлу еді». («Алмас
қылыш». І.Есенберлин.)
«Күнімжан биыл
жиырма алтыға шыққан. Оймақ ауыз, құмай көз, қара торының сұлуы. ... Үстінде
шытырма ақ жібек көйлек, көгілдір торқа оқалы қамзол, оның сыртынан шетін
құндызбен әдіптеген дүрия қызыл шапан, басында ақ меруерт өрген, алтын
теңгелері көзіне түсе салбыраған қызыл барқыт сәукеле». («Қаһар».
І.Есенберлин.)
Ежелден халқымыз
қыз баласы мен әйел затының киіміне ерекше ден қойған. Бай-бағлан да, қара
халық та өз қызына барын кигізді. Шапанның асылдығы – оның матасында. Соған
орай, қазақ қызының шапаны сан түрлі. Олардың шапаны ерекше сәнді, ашық, қанық
түсті қымбат маталардан тігілген. Қыз-келіншектерге арналған қималы шапанды
түрлі түсті масатыдан тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі
өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастармен
көмкерілген күміс қапсырма тағады.
Жеңі шынтаққа
дейінгі шапан «тірсек жең шапан» аталған. Іштік шапанға жататын шапанның бұл
түрін егделеу әйелдер киген. Олардың екі жан қалтасы мен төс қалтасы болады.
Қайырма жағалы болып, етегі сырылып, өңірі кестеленген. Шағи шапанды кестелеп,
әдемі етіп тіккен. Шағи деп аталатын аса қымбат матадан немесе басқа жібек
тектес матадан әйелдердің тойға, мерекеге киетін шапаны тігілген.
Дәстүрлі
шапандардың барлығының ұзындығы тізеден төмен, жеңі саусақтарды жапқан. Жеңі
мен өңіріне зерлеп ою-өрнектер салып, көздің жауын алған. Салқын мезгілде
киетін шапандарды қалың матадан, арасына жүн, мақта салып астарлайды.
Шапан –
құрметтің, сыйластықтық рәмізі. "Шапан жабу" дәстүрі – аса сыйлы
адамдарға, мерейтой иелеріне көрсетілер құрмет. Демек, шапан – жай киімдердің
қатарынан көтеріліп, дәрежені, ықыласты білдірерлік нышан. Мұның өзі қазақ
қоғамындағы шапанның үлкен орнын айғақтаса керек.
Халық арасында
шапан қасиетті саналады. Жаңа туған нәрестені бесікке салып, үстіне жеті
түрлі нәрсе жапқан. Ең әуелгі бесік көрпеден соң шапан жабылады. Ол – сәби
өскенде халықшыл, көпшіл болсын деген ырым.
Көшпелі қазақтар
ішкі-сыртқы киімдерінің барлығын жүріп-тұруға бөгет жасамайтындай етіп,
ықшамдап тіккен. Шапан қазіргі заманғы бірнеше түрлі сырт киімдердің
міндетін жалғыз атқарып, қазақтарды суыққа ұрындырмады, ыстыққа қалдырмады.
Төрдегі орнын төмендетпеді, еңбектегі үлесін кемітпеді. Қайта халықтық,
қазақтық белгілердің бірі ретінде ғасырлар бойы қызмет етті. Бір өзі бүгінгінің
он киіміне бергісіз болып, жылуын ұрпақтарға дейін жеткізді.
«Сымбат» сән академиясы
Ая Бапани
топтамасынан
Аида Қауменова
топтамасынан
Бір кезде жылуы
үшін киетін шапандар енді сұлулық үшін пайдаланылатын болды. Қазір қазақ
даласындағы концерттерге, сауық кештеріне белгілі әншілер мен жүргізушілер,
басқа да өнер адамдары шапан киіп шығады. Ал фольклорлық ансамбльдер үшін шапан
мен қалпақ міндетті киім үлгісінің қатарына жатады. Демек, енді бірінші қатарға
шапанның сәндік сипаты шығып отыр.
Пайдаланылған
әдебиет:
2. Ұ.Ділімбетқызы.
«Мен қазақ жігіттеріне ғашық болдым». Р.Бағлановамен сұхбат.
3. Суреттер «Сымбат» сән академиясының, Аида Кауменованың жеке сайттарынан және Ая Бапанидің әлеуметтік желі парақшасынан алынды.
mtdi.kz
ПІКІР АЛМАСУ
28/04/2017 15:40
Аралас және өзгетілді мектептер Президент жолдауының 100% орындалуына кедергі келтірмей ме?
|
ТЕКСТ