КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

     Қазақ мемлекеттік тілді негіз еткен саяси ұлтқа айналуы керек: болашақта демографиялық өсім азаяды, қазақ репатриациясы азаяды, қазақтың қалалық ұлтқа айналуы (сапалық өсім әсері) мүмкіндігі азаяды. Бүгінгі күнде қалалық қазақ 60 пайыздан асты. Бірақ сонда да қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде орнықпай жатыр. Есесіне орыс тілділер қатары және саны, саяси ықпалы өсіп келеді.
Олардың елдегі үлес салмағы бар болғаны 10 пайыз. Сол 10 пайыз 1991 жылдан бері билікте отыр. Мұның бәрі Ресейдің бидайын қуырғандарына мәз. Ресейдің тілеуін тілеп, коллаборанттық қызмет көрсетеді. Украинада коллаборанттар үлесі 20 пайыз болған еді. Мұның қандай қауіпті екенін Қырым оқиғасы кезінде көрдік. Лукашенконың тұсында белорустар ана тілінен бас тартты. Бізде де бұл эксперимент екі түрде жүріп жатыр: үш тұғырлы тіл және латыншаға көшу. Сол мақсатпен үш тұғырлы тілді жүзеге асыру үшін мектеп бағдарламасы жасалып, қазақ мектебін орыстандыру саясаты жүргізілуде.
        Болашақта «Қытайланғанша орыстанған дұрыс» деген уәж көп айтылмайтын болады. Украина Ресейдің айтқанына көнбей Батысқа бет бұрып еді, коллаборанттар наразылық көрсетті. Ресей ар жағынан әскер кіргізді. Бізде құдайға шүкір, Нұрекеңнің арқасында, әзірге тыныштық. Бірақ Ресей бізге айтқанын істетіп жатыр. Бүгін Қазақстандағы қазақтың үлес салмағы – 71 пайыз және 13 миллион. Бұл тым аз көрсеткіш.
Сондықтан да біз мына мақсаттарға жетуге тиіспіз.
71%-ден 90% жету;
2) 10-15% орыстілді қазақтарды қазақтандыру;
3) үш тұғырлы мектеп пен латинницадан бас тарту, бүгінгі күні орыс метебінде тек 9% қазақ баласы оқиды;
4) орыс диаспорасы (19%) мен орыс мектебінің оқушыларының үштен бірі – қазақтар, жақын он бес жылда статистикалық өлшемге келгенде орыс таусылуы керек. Ал орыс мектебі қазақ есебінен толықпауы тиіс.
Сыртқы факторлар: Ресейде дағдарыс (экономикалық және саяси) басталмақ. Болашақта Ресейдің геосаяси ықпалы бәсеңдеп Қытайдың рөлі күшейеді. Қытайдың экономикалық, миграциялық, саяси ықпалы өседі. Оған қарсы қуатты АҚШ және Европалық Одақ бар –  біз НАТО мен Европалық Одаққа енуіміз керек.

ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз



14/10/2024 09:57

Хабарландыру!
0 942 0




15/07/2024 16:45

Хабарландыру!
0 2134 1




05/06/2024 11:25

Хабарландыру!
0 2865 0



14/05/2024 16:43

Хабарландыру!
0 2630 0




ТЕКСТ

Яндекс.Метрика