КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


Соңғы мақалалар:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ғылыми Е-кітапханасы әлемнің үздік 500 электрондық репозиторий қорына кірді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жуырда испандық Laboratorio de Internet зерттеу лабораториясы жариялаған Webometrics Ranking of World Repositories рейтингісінің нәтижесіне сәйкес Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің электрондық ғылыми кітапханасы әлемнің үздік 500 электрондық репозиторий қорына кірді.

2014 жылдың қаңтарында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің репозиторий қоры Қазақстан бойынша Webometrics Ranking of World Repositories рейтингісінде 1 451-ші орыннан көрініп, көш бастады. Жарты жыл уақыт өткеннен соң 976 сатыға көтеріліп тағы да жеңіс тұғырынан көрінді. Сөйтіп ғылыми е-кітапханамыз аталмыш рейтингтің үздік 500 тобына енді және қазақстандық электрондық репозиторий қоры арасында І орынға табан тіреді.

Еске сала кетейік, Webometrics Ranking of World Repositories жылына екі рет шығады – қаңтар мен шілдеде. Рейтингтің мақсаты – өздерінің сайттарындағы зерттеу нәтижелерін жариялау есебінде бүкіл әлемнің ғалымдарымен ақпарат алмасуға жағдай жасау. Биыл шілде айындағы Webometrics Ranking of World Repositories рейтингісіне 1 983 электрондық ғылыми кітапхана қатысқан.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз












05/09/2025 12:33

Бір күнге үш мереке
0 2662 0






ТЕКСТ

Яндекс.Метрика