КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА



БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

-         «Этимологиялық талдау: қазақ тіліндегі тұрақты тіркесте қолданылатын мағынасы күңгірт сөздердің этимологиясы» атты жобаның өзектілігі неде? Неге бұл тақырыпты зерттеуді жөн көрдіңіз?

-         Қай тілдің болмасын құрамындағы фразеологизмдерінің саны мен сапасы сол тілдің байлығын анықтайтын белгілердің біріне жататыны мәлім. Бұл тұрғыдан алғанда, қазіргі қазақ тілі ата-бабасынан мұраға қалған тұрақты тіркестердің мол қорымен мақтана алады. Қазақ тілінде, қандай стильде болсын жазылған кез келген мәтінді алып қарасақ, ішінен тұрақты тіркес таппай қоймайсыз. Фразеологизм тілімізге сән беріп, мән беріп, жарқырайды да тұрады.

Фразеологизмдерді қай уақытта, кімдер жасағанын біз анықтай алмаймыз және бұл жағынан алғанда, олар ауыз әдебиеті мұраларына жақын келеді. Сол себепті, уақыт өткен сайын, тұрақты сөз құрамындағы кейбір сөздердің мағынасы қазіргі ұрпаққа түсініксіз бола бастайды. Біз оларды жаңа сөзбен ауыстыра алмаймыз, өйткені олар –  «тұрақты тіркес». Бірақ ондай сөздердің мағынасын ашып, түсіндіруге болады. Біздің жоба осы тұрғыда өзекті болып табылады.

-          Жобаның басты мақсаты қандай? Мақсаттарыңыз қолжетімді ме?

-         «Тіл үнемі дамып, жетіліп отырады, егер ол қолданыста болса» деген қағида бар Тіл білімінде. Көне Үндістанда бұрыннан бар «Веда» деген уағыздар жинағының тілі б.э.б V ғасырда өмір сүрген үндістерге түсініксіз бола бастайды. Олар кітаптың тілін зерттеуге кіріседі де, ең алғашқы тілдік зерттеулер пайда болады. Одан соң, Көне Грецияда Гомердің «Одиссеясының» тілі көмескі тартып, олар да зерттеуге кіріседі. Тіл білімі осылай пайда болғанын білеміз.

Қазақтың мол ауыз әдебиеті мұралары мен тілі жөнінде де осыны айтуға болады. Ауызша айтып, жеткізгенде жыршы, жыраулар түсініксіз сөздерді сол кездегі мағынасы анық сөздермен ауыстырып жіберетін. Ал хатқа түсіп, жазылып қалған нәрсені ауыстыра алмайсыз, ауыстыруға болмайды да. Сол кезде ондай мағынасы күңгірт сөздердің этимологиясын іздеу басталады. Жобаның мақсаты сол – қазіргі ұрпақ ұқпайтын сөздердің мәнін ашып көрсету.

Тұрақты тіркесті ол сөзге қарамай-ақ қолдана беруге болады, өйткені тұрақты тіркес басқа, жалпы мағына береді ғой. Мәселен, «айқай-сүрен салды» деген тұрақты тіркестің «айқайы» түсінікті, «сүрен» дегені түсініксіз. Этимологиялық талдау арқылы сүрен көне түркі тіліндегі сү+ұран сөздерінен бірігіп, «әскер ұраны» деген мағына беретінін анықтаймыз. Жобаның мақсаты осы. Басқа мақсат жоқ.

-         Жобаңыздың ғылыми жаңалығы мен маңызына тоқталып өтсеңіз.

-           Тұрақты тіркес құрамындағы мағынасы түсініксіз сөздің этимологиясын ашып көрсетудің өзі ғылыми жаңалыққа жатады. Тұрақты тіркестің жалпы мағынасы кеңейеді, көне сөз түсінікті болып, жеке қолданысқа енуі де мүмкін. Тіліміздің лексикалық қоры толығады.

-         Жобаны зерттеу барысында қандай әдіс-тәсілдер қолданылмақ?

-         Сөздің этимологиясын ашуға қажетті әдіс-тәсілдері түгел қолданылады: салыстырмалы-тарихи, салғастырмалы, морфологиялық-құрамдық талдау, фонетикалық талдау.

-         Әңгімеңізге рахмет!

 


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз








08/04/2024 11:55

Хабарландыру!
0 638 0



26/03/2024 16:15

Хабарландыру!
0 911 0







ТЕКСТ

Яндекс.Метрика