КІРУ



Аккаунтыңыз жоқ па? Тіркелу

Құпия сөзді ұмытып калдыңыз ба?

THE STATE LANGUAGE DEVELOPMENT INSTITUTE

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

  ИНСТИТУТ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА


БАТЫРЛАР ЖЫРЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІН БІРІЗДЕНДІРУ

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің тапсырысымен Мемлекеттік тілді дамыту институты «Шешендік өнер» атты қалалық семинар өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – қазақ тілінің ауызекі стилін меңгерген мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, олардың бес түрлі функционалдық стильде де сауатты жазып, дұрыс сөйлеу дағдысын дамыту.

Шараға қаланың сегіз ауданынан – Медеу, Алмалы, Бостандық, Әуезов, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб және Алатаудан барлығы 50 мемлекеттік қызметкер қатысты.

Алғысөзді Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Қалымбет Бақыт Әбиірұлы айтып: «Әрбір мемлекеттік қызметші шешен әрі сауатты сөйлеп, ойын жүйелі жеткізе білуі керек», – деп, семинардың мемлекеттік қызметкерлер үшін маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры Қапалбек Бижомарт дұрыс сөйлеу мен сауатты жазудың маңызды бес талабын атап өтті.

Семинар-тренинг үш бөлімнен тұрды:

1-бөлім. Көпшілік алдында сөйлеу техникасы

Бұл бөлімді тележүргізуші, кәсіби диктор, дауыс қою маманы Жанар Отарова жүргізді. Ол қатысушыларға көпшілік алдында сенімді сөйлеудің қыр-сырын түсіндіріп, қобалжуды жеңу тәсілдерін бөлісті. Дене тілін дұрыс қолдану, дауыс қою, тыныс алу мен артикуляцияны жетілдіруге арналған жаттығулар жасалды.

2-бөлім. Орфоэпиялық норма және тіл мәдениеті

Екінші кезеңде фонетист ғалым, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің доценті Төлеубек Зайсанбаев қатысушыларға қазақ тіліндегі үндестік заңдарын сақтау, дұрыс сөйлеу мен жазудың айырмашылығын түсіндірді. Сонымен қатар жиі қате айтылатын сөздерге тоқталып, «Н» және «Ң» дыбыстарының дұрыс қолданылуына қатысты нақты мысалдар келтірді.

3-бөлім. Сөйлеу мәтінінің мазмұны

Соңғы бөлімде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, DBI докторы Назым Төлеева сөйлеу мәтінін дұрыс құрастыру жолдарын үйретті. Тыңдаушыларға ойды жинақтап жеткізу, артық сөзден арылу, мәтінді логикалық тұрғыдан жазудың әдістері көрсетілді.



Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар, ал спикерлерге алғыс хаттар табысталды.

«Шешендік өнер» семинары мемлекеттік қызметшілердіәң кәсіби біліктілігін арттыруға, дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу дағдыларын дамытуға бағытталған мазмұнды әрі пайдалы шара болды.


ПІКІР АЛМАСУ

Пікір қалдырыңыз






05/09/2025 12:33

Бір күнге үш мереке
0 1230 0







14/08/2025 14:49

QAZEMLE БАҒДАРЛАМАСЫ
0 1492 0





26/06/2017 12:02

Жалындаған жастық шақ
0 260515 0


02/05/2017 12:29

Қостілділік мәселесі
0 254381 0

28/04/2017 12:30

Біз іздеген ертегі
0 241965 0










19/05/2017 14:36

Қазақта қанша сөз бар?
0 138887 7



ТЕКСТ

Яндекс.Метрика